Page 246 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
246
бүл үшін - саясаткердің шешуші психологиялық қасиеті де осында - көз таразысы, шын
өмірдің ықпалына ішкі жинақылықпен, сабырмен берілу қабілеті, басқаша айтқанда,
заттар мен адамдарға қатысты дистанция талап етіледі. "Дистанцияның болмауы", тек сол
күйінде - кез-келген саясаткердің өліммен тең күнәлардың бірі - қазіргі интеллектуалдық
жастардың бойына сіңіріліп жатқан қасиеттердің бірі, сол арқылы олар саясатқа қабілетсіз
етілуде. Проблеманың өзі де осында: бір ғана жанға алаулаған жігерлілік пен суық көз
таразысын қалай сіңіруге болады? Саясат тон мен жанның әлдебір басқа мүшелерімен
емес, баспен "жасалады". Және дегенмен, саясатқа жан-тәнімен берілу, егер ол ұшқалақ
интеллектуалдық ойын емес, нағыз адами шаруа болса тек нағыз жігерліліктен туып,
өсірілуге тиіс. Бірақ жігерлі саясаткерді ерекшелеп тұратын және оны "кіршіксіз қозған"
саяси дилетанттан айырып тұратын жанды толық ауыздықтау тек - сөздің кез-келген
мағынасында - дистанцияға дағдының арқасында ғана мүмкін болады. Саяси "тұлғаның"
"күші" дегеніміз бірінші кезекте осы қасиеттердің оның бойында болуы.
Міне сондықтан да саясаткер күн сайын, сағат сайын өзінің бойындағы мүлдем
үйреншікті, тым "адами" дұшпанды: кәдуілгі атаққұмарлықты, іске ынты-шынтыңмен
берілу атаулы мен дистанция (аталмыш жағдайда дәл өзің жөніндегі дистанция)
атаулының ата жауын еңсеріп отыруға тиіс.
Мансапқорлық өте кең таралған кесел, одан, тегінде, ешкім де сау емес. Ал академиялық
және ғылыми ортада - бұл кәсіптік сырқаттың бір түрі. Бірақ дәл ғалымға орайластырып
алғанда бүл кесел, ол қаншалықты ұнамсыз күйде көрінсе де, салыстырмалы түрде
алғанда, ол, әдетте ғылыми жұмысқа бөгет емес. Саясаткерге қатысты гәп мүлде басқаша.
Өйткені ол билікке қажетті құрал ретінде ұмтылып, еңбек етеді. Сондықтан, әдетте, "билік
инстинкті" деп аталатын нәрсе шынында да саясаткердің қалыпты қасиетіне жатады.
Оның бейімінің қасиетті рухына қарсы күнә билікке ұмтылыс іскерлікке (unsachlich) жат,
таза жеке мастану пәніне айналған жерден басталады. Себебі, түптеп келгенде саясат
өрісінде кешірілмес күнәнің екі түрі бар: істің мәнісінен жалтару (Unsachlichkelt) және -
жиі болатын, бірақ ылғи да әлгі мағынаны бере бермейтін - жауапсыздық. Мақтанқұмар,
яғни мүмкіндігінше жиі-жиі алдыңғы қатардан көрініп қалу қажеттігі саясаткерді сол екі
күнәнің бірін немесе тіпті екеуін де жасауға бәрінен күшті итермелейді. Демагог
"эффектпен" санасуға неғұрлым мәжбүр болса, нақ сондықтан оған сайқымазақ болу
қатері немесе өзінің қарекеттерінің нәтижесі үшін жауапкершілікті жүрдім-бардым
қабылдап, тек қалдырған "әсерін" қаперіне алу қатері төнеді. Оның салдыр-салақтығы
шын билікке емес, биліктің жылтырақ көрінісіне ұмтылысты таңады, ал оның
жауапсыздығы мазмұнды мақсаттан тыс жалпы билік атаулыдан ләззат алуға жетелейді.
Өйткені билік дегеніміз қажетті құрал болғанымен, дәлірек айтсақ, нақ сондықтан, ал
билікке ұмтылыс дегеніміз сол себепті де саясат атаулының қозғаушы күші болғандықтан,
тасы өрге домалаған жанның билікті мақтан тұтуынан және билік сезіміне
мақтанқұмарлық масайраудан, жалпы ол солай екен деп бас ұру атаулыдан асқан саяси
күшті тажалды бұрмалау жоқ. "Бір ғана билік саясаткері" (оның культін жасау үшін
жанталасып жүргендер бізде де бар) қуатты ықпал жасауға қабілетті, бірақ іс жүзінде
оның қарекеттері құрдымға кетіп жатады. Және бұл арада "билік саясаты" сыншыларынікі
мүлдем жөн. Мұндай кәміл сенімнің кәдуілгі иелерінің аяқ астынан іштей апатқа
ұшырауы бізге соншалық мақтаншақтық, бірақ мүлдем қуыс кеуделіктің тасасында қандай
ішкі әлсіздік пен дәрменсіздік тығылып жататынын көрсетіп берді. Бұл - адам қызметінің
мағынасы жөніндегі бейшара да үстірт кеудемсоқтық жемісі, ол дегеніміз мына жалғанда
барлық тірлік, әсіресе - саяси тірлік байланысып жататын трагизм туралы білетінімізге
мүлдем жат.
Саяси қызметтің ақтық нәтижесі көбіне-көп, жоқ тіпті ылғи да оның түу бастағы
мағынасына мүлдем кереғар, көбіне тікелей оғаш қатынаста болып шығатыны қоспасыз