Page 245 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
245
бірден-бір жұбанышы рейхс-президент болар еді, онда да оны парламент емес, плебисцит
сайласа. Іспен тексеру көсемдердің пайда болып, іріктелуіне негіз бола алар еді, онда да
ең алдымен, егер, ірі қауымдарда мысалы, Құрама Штаттардағыдай, жемқорлықты
ауыздықтауға шындап кіріспек болған жерлердің бәрінде, өзіне бюроны дербес таңдауға
құқығы бар плебисцитарлық қалалық диктатор бетке қалқып шығар болса. Бүл партия
ұйымдарының осындай сайлауларға бейімделуін туындатар еді. Бірақ барлық
партиялардың, соның ішінде ең алдымен социал-демократияның көсемдерге таза ұсақ
буржуазиялық дұшпандығынан, партияларды қалыптастырудың болашақ тәсілдері, сол
арқылы осы мүмкіндіктердің бәрі де белгісіздік түнегімен бүркелген.
Сондықтан да бүгінде саясат кәсіпорындары "кәсіп" ретінде қандай сыртқы пошымға ие
болатындығы мүлдем бұлыңғыр, сол себепті де - саяси дарынды адамдар үшін олар
қанағаттана алатын саяси міндетті шешумен айналысу мүмкіндігі қай жерде
ашылатындығы одан да бұлыңғыр. Мүліктік жағдайы саясат "есебінен" күн көруге
мәжбүр ететін адамдарда, тегінде, қашанда мына балама болады: таптаурын төте жол
ретінде журналистика немесе партия шенеунігі қызметі; немесе мүдделер өкілі болумен
байланысты балама: кәсіподақта, сауда палатасында, ауыл шаруашылық палатасында,
қолөнершілер палатасында, еңбек мәселелері жөніндегі палатада, жұмыс берушілер
одақтарында және т.б., немесе коммуналдық басқармадағы ыңғайлы орындар. Пар¬тия
шенеунігінің де, журналисттің де, "тапсызданған" деген жағымсыз репутациясы
болатындығынан басқа, аталмыш тақырыптың сыртқы жағы туралы коп ештеңе айта
алмайсың. Амал нешік, мұны оларға тікелей ешкім айтпаған күнде де, бәрібір "сатылғыш
жазушы", "жалдамалы шешен" дегендей сөздер олардың құлағын шулататыны анық; өзіне
осындай қатынасқа іштей қауқарсыз, өзіне-өзі дұрыс жауап бере алмайтын адамның
мұндай карьерадан аулақ жүргені жөн, өйткені, қалай десек те бүл жол, ауырлығымен
қатар, үнемі көңілге қаяу түсіріп отыруы мүмкін.
Сонымен "саясаткер" карьерасы адамға қандай іштей қуаныш сыйлап, аталмыш жолға
түсетін адамнан қандай жеке алғышарттарды талап етеді?
Ең алдымен, ол билік сезімін береді. Тіпті пошымдық жағынан жай ғана мансап адамдарға
ықпалы барлығы, оларға билік жүргізуге қатысу сезімі, бірақ бірінші кезекте - сенің өзің
де тарихи маңызды процестің арқауын қолыңда ұстап тұрғаныңды сезіну - кәсіпқой
саясаткерді күнделікті тірлік деңгейінен биікке көтере алады. Алайда бұл арада оның
алдынан мынадай сұрақ көлденеңдейді: оның "қандай қасиеттері оған билікті қолда ұстап
тұра аламын (әрбір жеке жағдайда ол қаншалықты тар нобайланған болса да), және,
демек, өзіне жүктелген жауапкершілікті сақтай аламын деп үміттенуіне негіз бола алады?
Осы арқылы біз этикалық мәселелер өрісіне қадам жасаймыз; өйткені тарих доңғалағының
шабақтарына қол салуына жол берілуі үшін адам қандай болуы керек деген сұрақ нақ сол
өріске қатысты.
Саясаткер үшін шешуші негізгі үш қасиет: жігерлілік, жауапкершілік сезімі, көз таразысы
деуге болады. Жігерлілік - іс мәнісіне бағдарлану (Saclichreit); "іске", сол іске пәрмені
жүріп тұрған құдайға не ібіліске ынты-шынтысымен берілу мағынасында. Менің марқұм
досым Георг Зиммель әдетте "кіршіксіз қозу" деп атаған, ең алдымен орыс
интеллектуалдарының белгілі бір типіне тән (тіпті де олардың бәріне бірдей емес!), және
бүгінде "революциялар" іскер жауапкершілік сезімінсіз айдалаға ағып жатқан
"интеллектуалдық қызығу романтикасы" деген асқақ атаумен әшекейленген карнавалдағы
біздің интеллектуалдарда да соншалық анық рөл атқаратын іштей қарекет салты
мағынасында емес. Өйткені, ол қаншалықты шынайы көрінсе де, бір ғана жігерлілік,
әрине, жеткіліксіз. Жігерлілік, егер, "іске" қызмет ету бола тұрып, нақ сол іс алдындағы
жауапкершілікті сіздің қызметіңіздің темірқазығы етпесе, сізді саясаткер ете алмайды. Ал