Page 244 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
244
мақсатта тартып отыруға тиіс болды. Бірақ дәл сол адамдарды мүмкіндігінше сайлауға
қатыстырмауға тырысты, және бұл әлгі адамдар батыл қимылдаған жерлерде ғана мұндай
ниеттер жүзеге аспады.
Парламентте де дәл сол рух үстем болды. Біздің парламенттік партияларымыз
корпорациялар болды және сол күйінде қалуда. Рейхстаг мәжілісінде айтылатын әрбір сөз
алдын-ала толығымен партиялық рецензиядан өткізіліп отырды. Мұны оның сұмдық іш
пыстырып жіберетінінен-ақ байқауға болады. Тек шешен ретінде мәлімделгендерге ғана
сөз беріледі. Ағылшын, сондай-ақ (мүлдем кереғар себептер бойынша) француз
парламенттік дәстүрлеріне бұдан терең кереғарлықты ойлап табу мүмкін емес те болар.
Әдетте революция деп аталатын апаттың салдарынан қазір, бәлкім, өзгерістер жасалып та
жатқан болар. Бірақ, "бәлкім" дегеніміз "нақты" деген соз емес. Ең алдымен, партиялық
аппараттағы жаңа тұрпаттың өскіндері пайда болды. Біріншіден, әуесқой-дилетанттар
аппараты. Мұның әсіресе коп ұшырасатын өкілдері жоғары мектептердің студенттері,
олар әлдебір адамды көсем секілді көтеріп: "Біз сізге қажетті жұмысты атқарғымыз келеді,
не істеуіміз керектігін айтып беріңіз" - дейді. Екіншіден, іскер адамдар аппараты. Былай
да болған: жұрт көсемдік қасиеті бар-ау деп ұйғарған адамға келіп, ор дауыс үшін қанша
ақша төлейтіндерін айтып, сайлаушыларды жұмылдыру міндетін атқаруды ұсынған. Егер
сіздер менен осы екі аппараттың қайсысы неғұрлым сенімді деген сұраққа адал жауап
беріңізші деп өтінсеңіздер, таза техникалық-саяси тұрғыдан мен, тегінде, екінші нұсқаны
жөн көрер едім. Бірақ бұлардың екеуі де су бетіне қалқып шығып, лезде жоқ болатын
көпіршік тәрізді болатын. Бұрыннан бар аппарат, жұмысын тоқтатпастан-ақ, қайта
топтасуды іске асырды. Бұл құбылыстардың барлығы тек қана мынаның нышаны
болатын: егер тек арада көсемдер болса, партиялық аппараттың жаңа түрлері, бәлкім,
пайда болар еді. Алайда көсемдердің шығуына пропорционалдық сайлау құқығы
жүйесінің техникалық өзіндік ерекшелігі жол бермейтін. Бірлі-жарым көше диктаторлары
пайда болатын да, лезде ғайып болып кетіп жататын. Және тек сол көше диктатурасының
нөкері ғана берік тәртіппен ұйымдастырылған - ғайып болып бара жатқан азшылықтардың
билеп-төстеуі де осыдан.
Іс басқаша өрбіді деп топшылап көрелік. Онда жоғарыда айтылғанға сәйкес мынаны атап
көрсету керек: плебисцитарлық көсемдер тарапынан партияларға басшылық нөкерлердің
"жан дүниесінің" жұтаңдана түсуін, оның рухани пролетарлануын (осылай деуге болады)
туындатады. Аппарат ретінде көсемге ұнау үшін нөкерлер көзсіз бағынуға, сыйлы
адамдардың атаққұмарлығынан, немесе өз көзқарастарының салдары ретіндегі
талаптарынан туындайтын бөгеттерсіз американша машина болуға тиіс. Линкольннің
сайлануы партия ұйымының осындай өзіндік ерекшелігінің арқасында ғана мүмкін болды,
ал Гладстонга байланысты, бұған дейін айтқанымыздай, Caucus'те тап солай болғаны
белгілі. Көсемнің басшылығы үшін төленетін ақы міне, осы. Бірақ "машинасы" бар
көсемдік демократия мен көсемсіз демократия, яғни адамды көсем ететін бейімі, ішкі
харизмалық қасиеттері жоқ "кәсіпқой саясаткерлер" үстемдігі арасында ғана таңдау жасай
аласыз. Бұлардың соңғысы қазіргі партиялық даукестер сөзімен айтқанда "зымияндар"
үстемдігінің хабаршысы іспеттес. Әзірге біздің Германияда бары тек осы соңғысы ғана.
Ал нақ соның өзін, бері салғанда Рейхте, жалғастыра берудің қолайлы алғышарты,
біріншіден, Бундесрат, тегінде, қайта түлеп, қажет болғандықтан да Рейхстаг билігін,
сонысымен оның көсемдер іріктелетін жер ретіндегі маңызын да шектей бастайтыны
болып табылады. Одан әрі: пропорционалдық сайлау құқығының - көсемсіз
демократияның типтік құбылысы, олай болатыны - ол сыйлы адамдардың жергілікті
мақсаттағы оңаша мәмілелеріне жәрдемдесіп қоймайды, кейіннен үміткерлер одақтарына
өз шенеуніктерінің тізімге кіргізілуін қол жеткізіп, осылайша бейсаяси парламент құруына
мүмкіндік береді, ал оларда нағыз көсемдерге орын жоқ. Көсемге деген қажеттіліктің