Қазақстанның ашық кітапханасы
243
болғысы келіпті - онда барғанда ол не істер еді? Канцелярияда орын босағанда, тиісті
басқарма бастығына: менің сайлау округімде бір зирек адам бар, ол осы орынға лайықты
болар, соны қызметке алсаңыз, деуге болар еді. Және оны босаған орынға қуана-қуана
алатын. Жалпы, өзінің билік турасындағы инстинктін (ол бола қойса) қанағаттандыру
үшін неміс парламентарийының қол жеткізетінінің бары міне осы. Сондай-ақ мынаны
және осы екінші сот біріншісін туындататын - Германиядағы кәсіпқой шенеуніктердің
орасан зор маңызын ескеру керек. Бұл арада біз жаһанда бірінші болдық. Сондықтан
кәсіпқой шенеуніктер тек шенеунік-мамандардың орындарына ғана емес, министрлік
қызметтен де дәмеленетін. Тиісті формула былтыр Бавария ландтагында, пікірталас
тақырыбы парламенттендіру болғанда табылды: егер парламентарийлар министрлік
қызметтерге жоғарылата бастаса, дарынды адамдар шенеунік болуға енді келіспейді.
Сонымен қатар Германиядағы шенеуніктік басқару Англиядағы комитеттің түсіндіруі
секілді бақылаудан жүйелі жалтарып кете отырып, сонысымен парламенттерді оз
ортасында шынайы іскер басқарма бастықтарын өсіріп шығару қабілетінен (оқта-текте
болмаса) айырды.
Үшінші өзгеше сәт, Америкаға кереғар, бізде Германияда, принципті партиялар болды,
олар бері салғанда субъективті
bona fides
(лат. - шынайылықпен) өздерінің мүшелері
"көзқарасы" бар адамдар деп кесіп айтатын. Алайда осы партиялардың аса маңызды екеуі
- бір жағынан, орталық партиясы, екінші жағынан социал-демократия, - туа бітті
азшылықтың партиялары болатын, және мұны әдейі істейтін. Рейхтағы орталық
партиясының басшылары азшылықта қалудан қорқатындықтан, парламентаризмге қарсы
екендіктерін ешқашан жасырған емес, парламентаризм бел алса, олардың бұрынғысынша,
үкіметке қысым жасау арқылы, карьеристерді орналастыруы қиын болар еді. Социал-
демократия азшылықтың партиясы әрі парламенттендірудің кедергісі болып қала берді,
өйткені орын алып отырған буржуазиялық саяси-азаматтық тәртіпке былғанғысы
келмейді. Осы партиялардың екеуінің де парламенттік жүйеден шығып кетуі
парламенттендіруді мүмкін етпей тастады.
Мұндай жағдайда немістердің кәсіпқой саясаткерлері немен айналыса бастады деңіз?
Оларда не билік, не жауапкершілік болған жоқ, олар тек сыйлы адамдардың көп нәрседе
бағынышты рөлін ғана ойнай алатын еді және нәтижесінде тағы да кәдуілгі цехтық
инстинкттер билігіне беріліп кетті. Бүкіл ғұмыры мардымсыз қызмет орындарына
байланған осы сыйлы адамдардың ортасында бөгде адамның өсіп кетуі мүмкін емес
болатын. Бүл орайда мен, социал-демократияны қоса, кез-келген партиядағы көптеген
есімдерді атай алар едім, олардың әрқайсысы көсемдік қасиеттері болған, соның
салдарынан сыйлы адамдарға жақпаған адамның саяси карьерасының трагедиясын
бейнелейді. Біздегі партиялардың барлығы сыйлы адамдар корпорациясына айналу
жолынан өтті. Мысалы, Бебель, интеллекті қаншалық жұтаң болса да, өзінің темпераменті
мен шынайылығының арқасында әлі көсем болып қала берді. Бебель азап шеккен адам
болғандықтан, олардың сенімін ешқашан (бұқараның пікірі бойынша) алдамағандықтан
ол түгелімен соларға үміт артты және партияда оған байыпты қарсы шығатын күш болған
жоқ. Ол өлгеннен кейін партиядағы жағдай өзгерді: шенеуніктердің үстемдігі басталды,
және шенеуніктік инстинкт жиі-жиі бой көрсете берді. Билікке кәсіподақ шенеуніктері,
партия хатшылары, журналистер, ешқашан өтірікке баспайтын шенеуніктер (басқа
елдердегі, әсіресе Америкадағы, әдеттегі, өте сатқын шенеуніктерді ескерсек, аса пәк
шенеуніктер деуге болады) келді, - алайда шенеуніктер үстемдігінің жоғарыда
қарастырылған зардаптары да партияда барған сайын жиі орын ала берді.
Сексенінші жылдардан бастап буржуазиялық партиялар толығымен сыйлы адамдар
корпорацияларына айналды. Рас, олар соңынан, "Біздің қатарымызда осындай-осындай
адамдар бар", - деп айту үшін оқтын-оқтын партиядан тыс ақыл-ой иелерін жарнамалық