Page 242 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
242
Өйткені конституцияға сәйкес, мансаптарға патронажға сенаторлар қатысатын
болғандықтан, басшылық жасайтын босстар көбіне тікелей осы органда мәжіліс құрады.
Мансаптарды таратып беру бірінші кезекте партияға сіңірген еңбегіне сәйкес жүргізіледі.
Алайда ақшаға көбіне жоғарырақ орынды алуға болатын, және әрбір мансап үшін белгілі
нарық болатын: мансаптарды сатудың бұл жүйесі, әрине, XVII және XVIII ғасырлардағы
монархиялардың көпшілігіне, соның ішінде Папа облысына да белгілі еді.
Босста берік саяси "принциптер" болмайды, ол мүлде принципсіз әрі бір нәрсеге ғана
қызығады: өзін дауыспен қамтамасыз ететін не! Көбіне ол дөрекі адам. Бірақ өзінің жеке
өмірінде ол әдетте мінсіз де сыпайы. Тек саяси этикаға қатысты нәрселерде ғана ол саяси
қимылдардың орын алған этикасының орташа деңгейіне бейімделіп, соған орай
қимылдайды, алыпсатарлар мен қаптесерлер дәуірінде экономикалық этика өрісінде солай
қимылдасақ, біздің көбімізге ешкім ештеңе дей қоймас еді. "Кәсіпқой", кәсіби саясаткер
ретінде өзін қоғамның менсінбейтіндігі боссты алаңдатпайды. Оның федералдық
қызметтер алмайтындығының және алуға ұмтылмайтындығының, мұның үстіне
төмендегідей артықшылықтары бар: егер босстарға сайлау кезінде партияның
тартымдылығы ұлғаятын секілді болып көрінсе, кандидаттар қатарына біздегідей партия
ақсақалдарының сол баяғы нобилитеті ғана емес, партияға жат ақыл иелері, яғни аса
көрнекті кісілер кіргізіледі. Қоғамда жұрт менсінбейтін билік иелерімен қоса, осындай
принципсіз партиялардың құрылымы іскер адамдардың президент болуына мүмкіндік
береді, ал бізде ондайлар ешқашан сондай карьера жасай алмас еді. Әрине, босстар
өздерінің ақша және билік көздеріне қауіп төндіруі мүмкін "аутсайдерлерге" қарсы
болады. Алайда сайлаушылардың сеніміне ие болу жолындағы бәсекелестік күресте
олардың жемқорлыққа қарсы күрескер деп саналатын кандитаттардың ұсынылуымен
келісуіне талай рет тура келді.
Сонымен, әңгіме аса құдіретті капиталистік, жоғарыдан төменге дейін саңлау қалдырмай
ұйымдастырылған, сондай-ақ төтенше берік, орден секілді ұйымдастырылған "Таммани-
холл" тұрпаттас клубтарға сүйенетін партиялық кәсіпорындар жөнінде болып отыр,
олардың мақсаты - ең алдымен мұнда да эксплуатацияның аса маңызды объектісі
санатындағы коммуналдық басқаруға саяси үстемдік арқылы тек қана пайда табу. Партия
тұрмысының мұндай құрылымы Құрама Штаттардағы демократияның жоғары деңгейі
салдарынан, өзіндік бір "тың" ретінде мүмкін болды. Енді бүл өзара байланысты аталмыш
жүйе біртіндеп келмеске кету ахуалында тұр. Бұдан былай Американы тек дилетанттар
басқара алмайды. Осыдан 15 жыл бұрын (1904 жылы), американ жүмысшылары өздері
менсінбейтінін ашық айтатын саясаткерлердің өздерін осылайша басқаруына неліктен жол
береді, - деген сұраққа, "Сендердегі тәрізді бізге мұрнын шүйіретін шенеуніктер кастасы
болғанша, біз мұрын шүйіретін адамдардың шенеунік болғаны жақсы", - деп жауап
беретін. Бүл американдық "демократияның" ескі позициясы: социалистер сол кездің
өзінде мүлдем өзгеше ойлайтын. Бірақ мұндай ахуал адам төзбес болып шықты.
Дилетанттық басқару жеткіліксіз болып шықты да,
Civil Service Reform
(ағылш. -
мемлекеттік азаматтық қызметті реформалау) зейнетақы алуға құқық беретін ғұмыр бойғы
орындардың санын барған сайын арттыра берді, осылайша қызметке университеттік білімі
бар, сатылмайтын және өз ісін жақсы білетін, біздікіндей шенеуніктер ие бола бастады.
100000-ға жуық қызмет орындары енді сайлау циклының "олжасы" болып саналмайды,
қайта зейнетақы алуға құқық береді және біліктілік туралы куәлікті талап етеді. Бүл
жағдай
spoils system
'ді біртіндеп ығыстырып шығарады, сол кезде, тегінде, партияларға
басшылық тәсілі де өзгеретін болар; тек қалай өзгеретіндігін біз әлі білмейміз.
Германияда әлі күнге дейін саяси кәсіпорынның шешуші шарты негізінен мыналар болды.
Біріншіден, парламенттердің әлсіздігі, соның салдарынан көсем қасиеті бар адамдардың
ешқайсысы ұзақ уақыт бойы оған келе алмады. Айталық, оның парламент мүшесі