Қазақстанның ашық кітапханасы
241
мансаптарға патронаж үшін аса маңызды сайлау алдындағы күреске: федералдық
президент пен жекелеген штаттар губернаторларының орындары үшін күреске
бағдарланған.
Бағдарламалар
мен
кандидаттар
партиялардың
"national
conventoins'
тарында" (ұлттық съездерінде) парламентарийлардың араласуынсыз, құрамы
пошымдық жағынан едәуір демократиялық түрде делегаттар жиналысында сайланған
партия съездерінде белгіленеді, оз кезегінде делегаттар партия сайлаушыларының
алғашқы жиналыстарындағы "primaries" мандатымен міндеттеледі. Сол "primaries"
барысының өзінде мемлекет басшысы мансабынан үміткер белгілі бір кандидатқа дауыс
беру үшін делегаттар сайланады; жекелеген партиялардың ішінде "nomination" (ағылш. -
кандидаттарды тағайындау) мәселесі бойынша кескілескен күрес жүріп жатады. Оңай ма,
300000-нан 400000-ға дейін шенеунікті тағайындау президенттің қолында шоғырланған,
мұны ол жекелеген штаттар сенаторларының қатысуымен жүзеге асырады. Осылайша,
сенаторлар - Америкадағы аса құдіретті саясаткерлер. Керісінше, өкілдер палатасының
қолындағы саяси билік мардымсыз, өйткені онда мансаптарға патронаж жоқ, ал
министрлер - тек халық ешкімге (соның ішінде парламентке қарамай заңдастырылған)
президенттің көмекшілері - өкілдер палатасының сенім білдіргеніне не білдірмегеніне
қарамай-ақ өз міндеттерін атқара алады ("билік бөлінісінің" салдары).
Осыған негізделген spoils system техникалық тұрғыдан Америкада мүмкін, өйткені
американ мәдениетінің балғындығы тұсында анық дилетанттық шаруаға төзу мүмкін еді.
Өз біліктілігін қуаттау үшін партияға жақсы қызмет етуден басқа ештеңеге мұқтаж
болмаған 300000-нан 400000-ға дейінгі партия жақтаушылары - бүл дегеніңіз сұмдық
сорақылықтарсыз: теңдесі жоқ жемқорлық пен ысырапшылдықсыз тіршілік ете алмайтын
ахуал, соларды тек экономикалық мүмкіндіктері әлі шектелмеген ел ғана көтере алады.
Сонымен, осынау плебисцитарлық партиялық машина жүйесімен бірге бетке қалқып
шығатын тұлға "босс" болып табылады. Босс дегеніміз не? Ол - бар жауапкершілікті оз
мойнына алып, президенттікке кандидатты дауыспен қамтамасыз ететін саяси
капиталистік кәсіпкер. Өзінің алғашқы байланыстарын ол не адвокат ретінде, не
трактирші, яки сондай кәсіпорынның иесі, не, мысалы, кредитор ретінде орната алады.
Осыдан ол, белгілі бір мөлшердегі дауыстарды "бақылай" алатындай болғанша өз өрмегін
тоқи береді. Соған қол жеткізген соң ол көрші босстармен қатынас орнатып, ынта-
жігерімен, ептілігімен, бірақ, ең әуелі сыпайылығымен қызмет бойынша өрлеуде көбірек
табысқа жеткендердің назарына ілігіп, өрлей бастайды. Партияны ұйымдастыру үшін босс
қажет. Ол оны уысына түсіреді. Босс оны қаражатпен, қилы-қилы елеулі амалдармен
қамтамасыз етеді. Босс ақша түсетін жерлерге қалай шығады? Ішінара мүшелік жарналар
арқылы, бірақ ең алдымен оның өзінің және оның партиясының арқасында мансапқа ие
болған шенеуніктердің айлығына салық салу арқылы. Одан әрі: пара және шайлық
арқылы. Егер кімде-кім көптеген заңдардың біреуін жазасыз бұзғысы келсе, оған босстың
кешірімшілдігіне қол жеткізу қажет болады, ал бүл үшін төлеу керек. Әйтпесе ол сөзсіз
ыңғайсыз жағдайға ұшырайды. Алайда жалғыз бұлар кәсіпорын үшін қажет капиталды
қамтамасыз етпейді. Босс ірі қаржы магнаттарынан тікелей ақша алатын адам ретінде
қажет. Олар сайлау мақсатындағы ақшаны жалақы алатын әлдебір партия шенеунігіне
немесе қоғамдық есеп беретін адамға жалпы сеніп бере алмас еді. Ақша жүретін жерде
аузын кең аша бермейтін босс, әрине, сайлауды қаржыландыратын капиталистік
топтардың адамы болып табылады. Кәдуілгі босс - абсолютті әдеттегі адам. Ол әлеуметтік
беделге ұмтылмайды; "кәсіпқой" - "тәуір қоғам" менсінбейтін адам. Оған тек билік керек,
ақшаның көзі ретінде, сондай-ақ соның өзі үшін де керек билік. Ол ағылшын лидеріне
кереғар - тасада еңбек етеді. Оның көпшілік алдында сөйлегенін естімейсің; босс
шешендерге олардың нені айтуы керектігін ұғындырады, бірақ өзі жақ ашпайды. Әдетте,
ол федералдық сенаттағы сенатордың орны болмаса, басқа қызметке мойын бұрмайды.