Қазақстанның ашық кітапханасы
240
сатқындық жасамауға тиісті; ол "шақырушы" талап еткен кезде келіп, кабинет немесе
оппозиция лидері не бұйырса, соны істеуге тиісті. Бүкіл елді қамтитын caucus-машина,
әсіресе күшті көсем болған кезде, принципсіз дерлік және басы бүтін соның қолында
болады. Сонымен, іс жүзінде плебисцитарлық диктатор билеп-төстейді, ол "машина"
жәрдемімен бұқараны соңынан ерте алады және парламентарийлар ол үшін шындап
келгенде өзінің нөкерлерін құрайтын саяси пребендарийлар ғана.
Осынау көсемдер қалай іріктеледі? Ең алдымен: қандай қабілетіне сәйкес? Әрине,
мұндағы айқындаушы нәрсе (бүкіл жаһанда шешуші маңызы бар ырықпен қатар) -
демагогиялық сөздің билігі. Соз сипаты, мысалы Кобдендегідей, ақыл-еске арналатын
уақытпен салыстырғанда өзгеріп кетті. "Фактылар сөйлесін" дегенде Гладстон сөзге
шебер сырттай прозалық түр беретін. Ал қазіргі кезде бұқараны қозғау үшін, жұмыс
әлдеқайда көп шамада таза эмоционалдық тұрғыда, Құтқару Армиясы да қолданатын
құралдар көмегімен жүргізіледі. Аталмыш жағдайды, тегінде, "бұқараның
эмоционалдығын пайдалануға негізделген диктатура" деп атауға болады. Бірақ ағылшын
парламентінде едәуір дамыған комитеттік жұмыс жүйесі басшылық жұмысқа қатысудан
дәмелі әрбір саясаткердің комитеттерде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді және тіпті соған
мәжбүр етеді. Соңғы онжылдықтардағы көрнекті министрлердің барлығы осындай
жұмыстың нақты да пәрменді мектебінен өткен, ал ондай кеңестердің есеп беріп отыру
және оларды қоғамдық сын тезіне салу практикасы бүл мектепті [саясаткерлерді] нағыз
іріктеу ұясына айналдырады, ал жай ғана демагогтар жайына кетеді.
Англиядағы жағдай осындай. Бірақ ағылшындық Caucus-жүйе, плебисцитарлық
принципті айрықша ерте және айрықша таза күйінде көрсеткен американдық жүйемен
салыстырғанда партиялық ұйымның тек нәренжік пошымы ғана. Вашингтонның
Америкасы идея бойынша "gentlemen'дер" басқаратын қоғамдастық болуға тиіс еді. Сол
кезде онда да "gentlemen" жер қожайыны немесе колледжде білім алған адам болатын.
Бастапқы кездері бәрі солай өрбіді. Партиялар құрылған кезде басында өкілдер
палатасының мүшелері, құрметті адамдар үстемдігі дәуіріндегі Англиядағыдай, соларға
басшы болудан дәметіп бақты. Ал партиялардың ұйымдастырылуы мүлдем босаң болды.
Мұндай жағдай 1824 жылға дейін жалғасты. Жиырмасыншы жылдардың басына қарай
көптеген американдық қауымдарда (олар бүл арада да осы заманғы құбылыстың дүниеге
келген орны болып шықты) партиялық машина қалыптасып болды. Бірақ тек Батыс
шаруаларының кандидаты Эндрю Джэксонның сайлануы ескі дәстүрлердің іргесін
шайқалтты. Жетекші парламентарийлардың партияларға басшылық жасауына Колхаун,
Уэбстер тәрізді ірі парламентарийлар 1840 жылы саяси өмірден кеткен соң көп ұзамай
шек қойылды, өйткені партиялық машинамен салыстырғанда парламент бүкіл елде
барлық дерлік биліктен айрылып қалды. Америкада плебисцитарлық "машинаның"
соншалықты ерте дамығандығын мынамен түсіндіруге болады: сонда, және тек қана сонда
атқарушы билік басшысы әрі, - гәп сонда жатыр — мансаптарға патронаж баетығы
плебисцитарлық жолмен сайланған президент болып шықты және "билік бөлінісі"
салдарынан ол қызметін атқаруда парламенттен тәуелсіз дерлік болып шықты. Сонымен,
нақ президент сайлауы кезінде жеңіске жету награда ретінде нағыз олжаны - кірісі шаш-
етектен келетін мансаптарды беретін еді. Сөйтіп Эндрю Джэксон "spoils system'ді" барлық
жерде жүйелі қолданылатын принципке айналдырды.
Осынау spoils system - жеңіске жеткен кандидаттың нөкерлеріне барлық федералдық
мансаптарды беру - бүгінде партияны қалыптастыру үшін не береді? Беретіні: Бір-біріне
мүлдем принципсіз партиялар, таза карьеристік ұйымдар қарсы тур, олар әрбір сайлау
алдындағы күрес үшін өзгеріп отыратын бағдарламаларын әрбір жолы дауыс жинау
мүмкіндігіне қарай жасайды - ол бағдарламалардың құбылмалылығы соншалық, немен
салыстырсаң да, ондай жағдай еш жерде жоқ. Партиялар толығымен және тек қана