Қазақстанның ашық кітапханасы
239
Ескі партия ұйымы шамамен осындай болды - жартылай сыйлы адамдардың
шаруашылығы, жартылай қызметшілер мен кәсіпкерлердің кәсіпорны болатын. Бірақ 1868
жылдан әуелі Бирмингемдегі жергілікті сайлау үшін, одан соң бүкіл елде де Caucus
(ағылш. - жабық кеңес) жүйесі қалыптасты. Оны бір нонконформистік священник пен
Джозеф Чемберлен құрды. Бұған сайлау құқығын демократияландыру ілік болды. Өз
жағына сайлаушыларды барынша көп тартып, бұқараға сөзін тыңдату үшін
демократиялық сипаттағы одақтардың орасан аппаратын жасау, қаланың әрбір орамында
сайлау одақтарын құрып, бұл кәсіпорынды үздіксіз сергек ұстау, бәрін қатаң
бюрократияландыру қажет болды: жергілікті сайлау комитеттері таңдап алған партия
саясатын пошымдық жүргізуші ретінде кооптация құқығы бар, партиялық одақ пен бұқара
арасындағы басты делдал - жалақы төленетін жалдамалы шенеуніктер көбейе түсті, олар
көп ұзамай жалпы алғанда сайлаушылардың 10 пайызға жуығын біріктіре алды. Ең
алдымен қай жерде де молынан қарпып Калуга мүмкіндік беретін коммуналдық саясатқа
мүдделі жергілікті өкілдер қозғаушы күш болып қала берді. Бірінші кезекте қаржы-
қаражатты тауып отырған да солар еді. Жаңадан қалыптаса бастаған, парламент
басшылығына тәуелсіз бұл машина жергілікті жерлердегі мүдделі адамдарға сүйене
отырып, көп ұзамай бұрынғы билік иелерімен, ең алдымен
whip
'пен, күреске кірісуге тиіс
болатын, бұл күресте whip бейімделуге, сонымен бірігуге мәжбүр болатын жеңіске жетті.
Нәтижесінде бүкіл билік аз ғана адамдардың, ақыр аяғында - партияның басында тұрған
бір ғана адамның қолына шоғырланды. Өйткені либералдық партияда аталған жүйе
билікке Гладстон келгеннен кейін пайда болды. Нақ Гладстонның "зор" демагогиясының
көз қарықтырар жарқылы, оның саясатының этикалық мазмұнына және ең алдымен
Гладстон тұлғасының этикалық сипатына бұқараның кәміл сенімі бұл машинаның сыйлы
адамдарды бет қаратпай жеңіп шығуына алып келді. Саясаттың цезаристік-
плебисцитарлық элементі іске қосылды: сайлау шайқасы алаңына диктатор шықты. Бұл
құбылыс өзін өте тез байқатты. 1877 жылы Caucus мемлекеттік сайлауда түңғыш рет іске
қосылды. Нәтиже тамаша болып шықты: Дизраэль өзінің зор табыстарының тұсында тас-
талқан болып жеңілді. 1886 жылы машинаның харизмалық жағынан тұлғаға
бағдарланғаны соншалық, Гомрул туралы мәселе туындағанда жоғарыдан төменге дейін
бүкіл аппарат өзіне: объективті келгенде біз Гладстонның платформасында тұрмыз ба
деген сұрақ қойған жоқ. Аппарат жай ғана, Гладстонның сөзіне қарай бетбұрыс жасап,
"Ол не істесе де, біз оған бағынамыз", деп мәлімдеп, өзін дүниеге әкелген Чемберленнен
теріс айналды.
Бұл механизмге айтарлықтай қызметкерлер аппараты қажет болды. Қалай дегенмен
Англияда 2000-ға тарта адам партиялар саясатының есебінен күн көреді. Рас, саясатқа,
әсіресе қауымдық саясат шеңберінде, тек мансап үшін немесе үміткер ретінде (сайлауда)
араласатындар әлдеқайда көп. Caucus'пен байланысты епті саясаткерде экономикалық
мүмкіндіктермен қатар өзінің атаққұмарлығын тояттататын мүмкіндіктер де болады. "J.P."
(ағылш. -
Justicue of Peace
- қауымдық қазы) немесе тіпті "М.Р." (ағылш. -
Member of
Pаrliament
- парламент мүшесі) болу - биік (қалыпты) атаққұмарлардың табиғи ұмтылысы,
жақсы тәрбиесін көрсеткен, "gentlemen" болған ондай адамдардың несібесі де сол. Ең
жоғары, әсіресе ірі меценаттарды арбайтын награда – партия бюджетінің, тегінде, 50
пайызы белгісіз тарту жасаушылардың жарналарынан құралатын,- пэр атағы еді.
Жаңа жүйенің жемісі қандай болды? Қазір ағылшын парламентарийлары дегеніңіз
бірнеше кабинет мүшелерін (және бірлі-жарым қосүрейлерді) қоспағанда, шындап
келгенде, мықтап тәртіпке үйретілген дауыс беруші тобырдан басқа түк те емес. Бізде
Рейхстагта саясаткерлер әдетте, өздерінің жазу үстелінде жатқан, жеке адамдардан келген
хаттарды қарағанда, елдің қамын жеп жүрген адам болып көрінгісі келеді. Англияда
мұндай ишараның қажеті жоқ; парламент мүшесі тек дауыс беруге және партияға