Page 238 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
238
жұмысты қолына жиып алған партиялық шенеуніктің уысына түсіп қалуы мүмкін. Кейбір
социал-демократиялық топтарда өз партиясы осы "бюрократияландыру" тұтқынына түсіп
қалды деп саналады. Ал "шенеуніктер" көсемнің тұлғасына салыстырмалы түрде оңай
бейімделеді, оның демагогиялық қасиетінің күшті ықпалына беріліп кетеді:
шенеуніктердің материалдық және мұраттық мүдделері көсемнің жәрдемімен партиядағы
билікке жету дәмесімен тығыз байланыста болады, ал көсем үшін еңбек ету өздігінен-ақ
орасан зор ішкі қанағатқа бөлейді. Партияға шенеуніктермен қатар құрметті адамдардың
да ықпалы жүретін жерлерде көсемдікке жету әлдеқайда көп қиындықтар тудырады -
буржуазиялық партияларда көбіне-көп солай болады. Өйткені сол сыйлы адамдар "өзінің
өмірін" мықтағанда басқармалардағы немесе комитеттердегі өздері ие болған болар-
болмас қызметтерден "жасайды".
Homo novus
(лат. - жаңа адам) ретінде демагог жөніндегі
қызғаныш сезімі (Ressentiment), өзінің партиялық-саяси "тәжірибесінің" артық екендігіне
(мұның шынында да зор маңызы бар) кәміл сенім, сондай-ақ ескі партиялық дәстүрлердің
қирауына байланысты идеологиялық алаңдаушылық - олардың мінез-құлқын
айқындайтын міне осылар. Ал партияда барлық дәстүршіл элементтер - солардың
жағында. Ең алдымен ауылдық жердегі де, ұсақ буржуазиялық та сайлаушы өздеріне
баяғыдан белгілі құрметті есімдерге жалтақтайды, бейтаныс адамға сене қоймайды, рас,
мұнысы тек ол табысқа жеткен жағдайда соның жағына біржола шығып алу үшін істеледі.
Енді бірнеше негізгі мысалдар арқылы екі құрылымдық пошымның осынау тайталасын
және әсіресе Острогорский суреттеген плебисцитарлық пошымның өрлеуін қарастырамыз.
Алдымен Англия мысалына жүгінеміз: онда 1868 жылға дейін партия ұйымының негізін
мүлдем дерлік тек сыйлы адамдар құрады. Ауылдық жерлерде торидың сүйеніші, мысалы,
англикан шіркеуінің священнигі, ал одан басқа - көпшілік жағдайда - мектеп мұғалімі мен
ең алдымен сол графтықтағы ірі жер иесі болды; вигтарга сүйеніш қызметін әдетте,
нонконформистік уағызшы (ондайлар болған жерде), почтмейстер, темір ұстасы, тігінші,
арқаншы, яғни саяси ықпалдың қайнар көзі бола алатын қолөнершілер (бәрінен коп не
нәрсе туралы болсын әңгімені солармен гөйітеді ғой) атқарды. Қалада партиялар
партиялық көзқарастарына қарай - ішінара экономикалық сипат, ішінара діни көзқарастар,
ішінара жай ғана отбасылық дәстүр бойынша бөлінді. Бірақ саяси кәсіпорын тек сыйлы
адамдарға негізделетін. Олардың үстінде парламент пен партиялар кабинетпен және
министрлер кеңесінің төрағасы немесе оппозиция басшысы болған лидермен бірге
"қалықтап" жүрді. Сол лидерлердің жанынан әрқашан партия ұйымының ең маңызды
кәсіпқой саясаткері, мансаптарға патронаж қолында болатын, "айқайшы" (whip)
партияның парламенттегі ұйымдастырушысы табыла кететін. Сондықтан да мансап керек
болса, нақ соны жағалау керек болатын, бұл жөнінде ол жекелеген сайлау округтерінің
депутаттарымен уағдаласатын. Бірте-бірте сайлау округтерінде кәсіпқой саясаткерлер
тобы қалыптаса бастады, өйткені жергілікті агенттер сол жерде іріктелетін, оларға
бастапқыда ақы төленбейтін, шамамен біздегі "сенілген адамдар" секілді жағдайда
болатын. Бірақ сайлау округтеріне, сондай-ақ сайлаудың таза өтуіне кепілдік беретін осы
заманғы ағылшын заңдарында сөзсіз болатын капиталистік кәсіпкер - election agent -
тұлғасы да керек болды. Бұл заң, сайлауға жұмсалған шығындарды қадағалап отыруға,
ақшаның билігіне қарсы тұруға тырысып, кандидаттарға сайлауда қанша ақша
жұмсағанын хабарлауды міндеттеді, өйткені кандидат даусын қарлықтырып тынудан өзге,
қалтасын қағудан да (бізде бұрын болып тұратыннан әлдеқайда көп мөлшерде) Election
agent барлық шығын сомасын соған төлеуге рұқсат ететін де, содан ол, әдетте, едәуір
пайда көретін. Парламенттегі және елдегі лидер мен партияның сыйлы адамдары
арасындағы күштер арасалмағында Англияда лидердің салмағы баяғыдан-ақ едәуір
болатын, мұның маңызды себебі де бар-ды: ол - оның үлкен саясат, мұның үстіне тұрақты
саясат жүргізуге қабілеттілігі еді. Алайда парламентарийлар мен партияның сыйлы
адамдарының ықпалы да сақталып қалған-ды.