Қазақстанның ашық кітапханасы
237
Өйткені министрліктің барлық ұйғарымдары және ең алды¬мен мансаптар туралы
мәселелерді қалайда бір жайлы ету, міндетті түрде ондай шешімнің сайлауда қандай эсер
ететіні ескеріле отырып шешілуге тиіс болатын және қандай тілек болсын жергілікті
депутат арқылы жеткізілгені орынды деп саналды, оны министр, егер депутат оның
парламенттік көпшілігінің санатына жатса (бұған, әрине, әркім ұмтылатын) не ілтипатпен,
не тыжырына тыңдап алуға тиісті болатын. Әрбір депутат өзінің сайлау округіндегі
мансаптарды және жалпы барлық мәселелерді қадағалап отырды, ал тағы да сайлану үшін
жергілікті сыйлы адамдармен байланыс жасап отырды.
Құрметті адамдар топтарының, және ең алдымен парламентарийлар үстемдігінің мұндай
идиллиялық ахуалында қазір олардан қатты ерекшеленетін партия ұйымдарының ең осы
заманғы пошымдары қарсы тұр. Бұл - демократияның, бұқараға арналған сайлау
құқығының, жақтаушыларды жаппай тарту мен жаппай ұйымдастыру қажеттігінің,
басшылықтың толық бірлігі мен қатаң тәртіптің перзенттері. Сыйлы адамдардың үстемдігі
мен парламентарийлар арқылы басқарудың күні бітіп барады. Кәсіпорындарды
парламенттен тыс тұрған, "негізгі кәсібі бойынша" саясаткерлер өз қолдарына алуда. Олар
не "кәсіпкерлер" - мысалы, американдық босс пен ағылшындық "
election agent
" (ағылш. -
сайлау жөніндегі агент), шындап келгенде, кәсіпкерлер болатын,- не тұрақты жалақысы
бар шенеуніктер. Пошымдық жағынан кең көлемді демократияландыру орын алып отыр.
Енді негізгі бағдарламаларды парламенттік фракция жасамайды және жергілікті жерлерде
кандидаттарды ұсынумен құрметті азаматтар айналыспайды. Кандидаттарды, жоғары
деңгейдегі жиналысқа делегаттар сайлайтын ұйымдасқан партия мүшелерінің жиналысы
ұсынады, және де жалпы "партия съезімен" аяқталатын ондай деңгейлер коп бола алады.
Бірақ іс жүзінде билік [саяси] кәсіпорын ішінде үздіксіз жұмыс жүргізетіндердің, немесе
оның жұмыс істеуі қаржылай яки тікелей тәуелді адамдардың, мысалы, меценаттардың
яки саяси үміткерлердің құдіретті клубтарының ("Таммани-холл") жетекшілерінің
қолында болады. Мұндағы ең бастысы, бүкіл осынау адами аппарат - "машина"
(ағылшын-саксон елдерінде оларды осылай атайды) немесе, дұрысы, оларды
басқаратындар парламентарийларды тамақтан алып, оларға өзінің ырқын едәуір шамада
таңа алатын ахуалда болатындығы. Партия көсемдерін іріктеуде мұндай жағдайдың
ерекше маңызы бар. Тек машина бағынатын адам ғана, парламентке айтпастан-ақ, көсем
болады. Басқаша айтқанда, ондай аппаратты жасау плебисцитарлық демократияның
келгенін білдіреді.
Партиялық нөкерлер, ең алдымен партиялық шенеунік пен кәсіпкер, оз көсемінің
жеңісінен жекелей сый-сияпат - қызметтерді немесе басқадай артықшылықтарды күтеді.
Жекелеген парламентарийлардан яки тек қана олардан емес - содан күтеді; бұл бастысы.
Ең алдымен олар мынаған дәмеленеді: көсем тұлғасының демагогиялық әсері сайлау
алдындағы күресте партияға дауыстар мен мандаттарды, сол арқылы билікті қамтамасыз
етеді, соның арқасында партияны жақтаушылар үшін сый-сияпат алудың мүмкіндігі
барынша кеңейеді. Ал болымсыз жандардан құралған әлдене партияның әлдене
абстрактылы бағдарламасына емес, адамға сеніммен, ештеңеден аянбай еңбек ету бұл
арада мінсіз сәт болып табылады - кез-келген көсемдіктің осынау "харизмалық" элементі
оның қозғаушы күштерінің бірі.
Аталмыш пошым бірден емес, өз ықпалын сақтап қалуға тырысқан құрметті адамдармен
және парламентарийлармен сырт көзге байқалмайтын тұрақты күресте мойындалды.
Әуелі бұл Құрама Штаттардағы буржуазиялық партияларда, содан кейін - ең алдымен
Германия социал-демократиялық партиясында болды. Әлдене бір сәтте партия жаппай
мойындалған көсемсіз қалса, жеңілістен көз ашу қиын болып қалады, бірақ тіпті көсем
болған күннің өзінде, партияның құрметті адамдарының атаққұмарлығы мен құлқынына
ретін тауып әрқилы "жем" тастап отыру керек. Бірақ ең алдымен машина да ағымдағы