Page 236 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
236
дәулетті" топтар ішінара таптық мүдделер бойынша, ішінара әулеттік дәстүр бойынша,
ішінара таза идеологиялық ниеттер бойынша өздері басқаратын партияларға бөлініп кетті.
Дінбасылар, мұғалімдер, профессорлар, адвокаттар, дәрігерлер, аптекарьлар, дәулетті
ауыл қожайындары, фабриканттар - қысқасы Англияда өздерін
gentlmen
'гe жатқызатын
бүкіл жік - бастапқыда тұрақты емес саяси одақтар, ең ірі дегенде - жергілікті саяси
клубтар құрды; бұлғақты замандарда ұсақ буржуазия, ал кейде, әдетте, ол ортадан
шықпаған көсем пайда бола қалғанда, пролетариат мазаны алып отырды. Бұл сатыда бүкіл
елде тұрақты одақ ретінде интерлокалды ұйымдастырылған партиялар жалпы болған жоқ.
Топтасқандықты тек парламентарийлар қамтамасыз ететін; көсемдікке кандидаттар ұсыну
тұсында жергілікті жерлердегі сыйлы адамдар шешуші рол атқаратын. Бағдарламалар
ішінара кандидаттардың үгіттік үндеулерінен, ішінара құрметті азаматтардың съездерінен
немесе парламенттік партиялардың шешімдерінен өсіп шығатын. Бейбіт уақытта
клубтарға немесе, олар жоқ жерлерде, ешқандай пошымсыз саяси кәсіпорындарға буған
ұдайы мүдделі адамдардың шағын табы басшылық жасады, олар үшін мұндай басшылық -
жанама немесе құрметті мансап болатын; тек журналист қана ақы төленетін кәсіпқой
саясаткер, тек газет кәсіпорны - жалпы тұрақты саяси кәсіпорын болатын. Онымен катар
тек парламент сессиялары ғана бар. Рас, парламентарийлар мен партиялардың
парламенттік көсемдері қалайтын саяси акцияны жүзеге асыру үшін жергілікті жерлерде
қандай құрметті азаматтарға иек арту керектігін біледі. Мүшелік жарнаны шамалы,
депутаттардың есебі үшін оқтын-оқтын кездесулер мен жұртшылық жиналыстарын
өткізіп тұратын партиялық одақтар (
Vereine
) тек үлкен қалаларда ғана тұрақты бар.
Олардың қызметі тек сайлау кезінде ғана жанданады. Парламентарийлардың сайлау
алдындағы интерлокалдық мәмілелер жасау мүмкіндігіне және біртұтас, бүкіл елдің
қалың топтары мойындаған бағдарламалардың, жалпы бүкіл ел ішінде жүргізілетін үгіттің
пәрменділігіне мүдделілігі партиялардың барған сайын топтаса түсуінің қозғаушы күшіне
айнала бастады. Бірақ қазір жергілікті партиялық одақтар желісінің орташа қалаларда да
болуы және тіпті оның "сенімді адамдар" арқылы бүкіл елге таралған болуы, партияның
орталық бюросының жетекшісі ретінде олармен парламенттік партия мүшесінің хат-хабар
алмасып тұруы партия аппаратының құрметті азаматтар бірлестігі ретіндегі сипатын
өзгертпейді. Орталық бюродан тыс жерде әлі ақылы шенеуніктер жоқ; барлық жерде
жергілікті одақтарды, өздері әдетте пайдаланатын құрмет үшін, нақ сол "көрнекті
адамдар" басқарады: бұлар парламенттен тыс құрметті азаматтар, олар өздерінің ықпалын
құрметті азаматтардың басқа бір жігімен - аталмыш сәтте парламентте мәжіліс құрып
отырған депутаттармен қатар тигізеді. Әрине, баспасөз пен жергілікті жиналыстар үшін
рухани азық қызметін партия шығаратын партиялық корреспонденция барған сайын
көбірек атқарып келеді. Тұрақты мүшелік жарналар қажетті бола түсуде; олардың бір
бөлігі партия штаб-пәтерінің шығындарын жабуға жұмсалуға тиіс. Бұдан шамалы бұрын
ғана неміс партия ұйымдарының көпшілігі сол сатыда тұрды. Ал Францияда бірінші саты
ішінара әлі де үстемдік ететін парламентарийлардың топтасуы мейлінше әлсіз, ал бүкіл ел
ауқымында - жергілікті жерлердегі сыйлы адамдар саны аз болатын;
парламентарийлардың шешімдерімен, бағдарламаларымен азды-көпті ғана жергілікті
жағдайларға байланыстырылған, кандидат немесе оның патроны бір-ақ рет, кандидатура
ұсынылған кезде жариялайтын бағдарламалар болатын. Аталмыш жүйе тек ішінара ғана
бұзылды. Бүл орайда негізгі кәсібі бойынша саясаткерлер саны шамалы болып шықты;
олар негізінен сайланған депутаттар, орталық бюроның азын-аулақ қызметкерлері,
журналистер және - Францияда - қалғандары "саяси" кызметте жүрген немесе сол сәтте
соған ұмтылған карьеристер болатын. Пошымдық жағынан саясат олар үшін негізінен
жанама кәсіп болып қала берді. "Министр болуға лайық" депутаттар саны да тым шектеулі
еді. Міндетті түрде құрметті азаматтар санатына жатуға тиісті сайлау кезіндегі
кандидаттар туралы да соны айтуымыз керек. Бірақ саяси кәсіпорынға жанама түрде, ең
алдымен материалдық тұрғыдан мүдделі адамдардың саны айтарлықтай коп болды.