Қазақстанның ашық кітапханасы
235
Бірақ егер кәсіпқой саясаткер типі ретінде журналист көптен бері бар болса, партия
шенеунігінің тұлғасы тек соңғы онжылдықтар, ішінара соңғы жылдар тенденциясымен
байланысты. Міне осы тұлғаны тарихи дамудағы орнына қарай түсіну үшін біз партиялық
жүйе (Parteiwesens) мен партиялық ұйымды қарастыруға ойысуға тиіспіз.
Барлық қандай да бір ауқымды, яғни ұсақ деревниялық кантон шегі мен міндеттер
шеңберінен шығатын, билеп-төстеушілерді ауық-ауық сайлап тұратын саяси одақтарда
саяси кәсіпорын қажетті түрде үміткерлер кәсіпорны (
interessen-tenbetrieb
) болып
табылады. Бүл, бірінші кезекте саяси өмірге, яғни саяси билікке қатысуға мүдделі
адамдардың шағын тобы еркін жалдау арқылы өзіне нөкерлер жиып алады, сайлаудағы
кандидаттар ретінде өзін немесе өздері қамқор болып жүрген адамдарды ұсынады,
ақшалай қаражат жинап, дауыс іздей бастайды деген сөз. Мұндай кәсіпорынсыз ірі
одақтарда сайлаудың қалай өтетіндігін елестету мүмкін емес. Іс жүзінде бұл сайлау
құқығы бар азаматтар саяси белсенді және саяси енжар элементтерге бөлінеді деген сөз,
және бұл бөлініс сайлаушылардың өзінің еріктілігіне негізделгендіктен, ол ешқандай
мәжбүрлеу шараларымен, мысалы сайлауға қатысудың міндеттілігімен, немесе "цех
бойынша" (
berufss tandische
) өкілдікпен, сол фактыға, ал сол арқылы кәсіпқой
саясаткерлердің үстемдігіне сырт көз үшін немесе іс жүзінде қарсы бағытталған сол
тектес басқа ұсыныстармен жойыла алмайды. Көсемдер мен олардың нөкерлері де, солар
арқылы сайлаушылардың енжар бұқарасын көсемді сайлауға еркін тартудың белсенді
элементтері ретінде - кез-келген партияның қажетті өмірлік элементтері. Алайда олардың
құрылымдары әрқилы. Мысалы, ортағасырлық қалалардың "партиялары" гвельфтер мен
гибеллиндер тәрізділер таза жеке покерлер болатын. Егер
"Statuto della parte Guelfa
'ны"
(гвельвтер партиясының жарғысы (итал.) - Баспа) шолып шықсақ, рыцарьлық өмір салтын
ұстанатын, яғни лендік қатынастар жасауға құқығы бар отбасылар әу баста солай
аталатын) мал-мүлкін тәркілеу оларды мансапқа ие болу құқығы мен дауыс беру
құқығынан айыру, интерлокалдық партия комитеттері мен қатаң әскери ұйымдар құру,
жансыздарға сыйақы төлеу көзделгенін көреміз, осының бәрі большевизмді, оның
Кеңестерін, әскери және (ең алдымен Ресейде) құрамы қатаң іріктелген шпиондық
ұйымдарын, "буржуазияны", яғни кәсіпкерлерді, саудагерлерді, рантьені, дін иелерін,
әулеттер ұрпақтары мен полиция шенділерін қарусыздандырып, саяси құқықтардан
айыруын, сондай-ақ тәркілеулерін бірден еске түсіреді. Және осынау салыстыру, мына бір
нәрсеге көңіл аударсақ, тіпті қайран қалдырады: бір жағынан, аталған партияның әскери
ұйымы ашық тізім бойынша жасақталатын таза рыцарьлық әскер болған және ондағы
басшы орындардың бәрінде дерлік дворяндар отырған; ал Кеңестер өз тарапынан
кәсіпкерлерге мол сыйақы төлеуді, аккордты жалақыны, Тейлор жүйесін, әскери және
еңбек тәртібін сақтап, немесе, дұрысы, қайтадан енгізіп отыр және шетел капиталын
іздестіруде - қысқасы, жалпы мемлекет пен шаруашылықты таптық буржуазиялық
мекемелер ретінде күрескен нәрсесінің бәрін қайтадан қабылдауға тиіс болып отыр; мұнан
басқа, олар өзінің мемлекеттік өкіметінің басты құралы етіп ескі охранканың (саяси
полиция) агенттерін алды. Бірақ зорлық-зомбылық сипатындағы мұндай ұйымдармен біз
айналыспақ емеспіз, біз сайлаушылар дауысы базарындағы партиялық бейбіт үгіт арқылы
өкіметке ұмтылатын кәсіпқой саясаткерлермен айналысамыз.
Бұл партиялар да біздің үйреншікті мағынамызда бастапқыда, мысалы Англияда, тек
аристократияның нөкерлері болған. Әлдебір себептермен пэр басқа бір партияға ауысқан
әрбір жолы, оған тәуелділердің бәрі бірден сол жаққа өтетін. Ірі дворяндар әулеттері,
солардың соңғысы болмай король де, Реформа туралы билльге дейін көптеген округтерге
патронаж жасайтын. Осынау дворяндар партияларына құрметті адамдар партиялары өте
жақын, олар бюргерлік биліктің таралуымен бірге барлық жерлерде таралды. Батыстың
интеллектуалдық жіктерінің кәдуілгі өкілдері рухани басшылық жасайтын "білімді де