Page 234 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
234
Күн сайынғы, апта сайынғы мақалалар жазу арқылы ғана ақша табудың қажеттігі
саясаткердің мойнына артылатын ауыр салмақ, және мен табиғатында көсем болуға
жаралған адамдардың сол себептен де билікке көтерілуінде сырттай да, және ең алдымен
іштей де ұзақ уақыт матаулы күйінде қалғанының мысалдарын білемін. Баспасөздің
мемлекет пен партиялардағы үстемдік еткен күштермен байланысы ескі режимнің
тұсында журналистиканың деңгейіне қолайсыз ықпалын тигізді, бірақ бүл ерекше тарау.
Дұшпан елдерде мұндай қарым-қатынастар басқаша қалыптасты. Алайда онда да, тегінде,
барлық осы заманғы мемлекеттер үшін мына бір қағиданың пәрмені бар секілді:
журналист-қызметкердің саяси ықпалы барған сайын кеміп барады, ал баспасөзге ие
магнат-капиталистің (мысалы, "лорд" Нортклиф сияқты) саяси ықпалы барған арта түсуде.
Бері салғанда, біздің Германияда "ұсақ хабарландырулар" жариялайтын газетсымақтарды
қолдарына ашып алған ірі капиталистік газет концерндері, "генерал-анцайгерлер" әдетте
саяси селқостықтың кәдуілгі тәрбиешілері болатын. Өйткені дербес саясатпен ешқандай
табысқа ең алдымен саяси үстем күштердің гешефт (шағын алыпсатарлық мәміле - Баспа)
үшін қажетті оң қабағына ие бола алмайсың.
Хабарландыруларды саудаға салу - соғыс кезінде баспасөзге кеңінен саяси ықпал жасау
үшін пайдаланылған тәсілдердің бірі және алдағы уақытта да осы ықпал жасала беретін
секілді. Үлкен баспасөз мұндай ықпалдан жалтара алады деп күтуге болады, бірақ ұсақ
газеттердің жағдайы әлдеқайда қиын. Қалай дегенмен де қазіргі кезде бізде журналист
карьерасы, ол қаншалықты тартымды болғанымен және қандай ықпал, ең алдымен саяси
жауапкершілік, емексіткенімен... саяси көсемдердің билікке өрмелеу жолы емес. Бүл арада
көптеген, бірақ бәрі емес - журналистер дұрыс деп санайтын анонимдік принципінен бас
тарту бірдеңені өзгерте алар-алмасын айту қиын. Амал қанша, соғыс кезінде газеттерді
"басқаруға" әдеби дарынды, мұның үстіне үзілді-кесілді тек өз атымен жазатын кісілер
арнайы шақырылғанда, кейбір ең белгілі жағдайларда, мұндай жолмен көтеpіңкі
жауапкершілік сезімі жұрт ойлағандай соншалық міндетті түрде көтеріле
қоймайтындығына көзіміз анық жетті. Өйткені - қай партияға жататындығына қарамастан
- осыны пайдаланып ішінара нақ ең нашар бульварлық газеттер сұранысты арттыруға
тырысып, соған қол жеткізді де. Ондай мырзалар, баспагерлер, сондай-ақ сенсация
дегенге әбден тақыстанған журналистер де дәулет жинап алды, бірақ, әрине абыройға ие
бола қойған жоқ. Келтірілген факт - принциптің өзіне тіпті де қарсы шығу емес; мәселе
айтарлықтай бытысқан, және бұл құбылыс жаппай сипат алған емес. Алайда күні бүгінге
дейін мұндай жол шынайы көсемшілдікке немесе саясаттың жауапты кәсіпорнына
жетелер жол болған емес. Алдағы уақытта жағдайдың қалай қалыптасатынын күту ғана
қалады.
Бірақ барлық жағдайларда журналистік карьера кәсіпқой саяси қызметтің аса маңызды
жолдарының бірі болып қала бермек. Мұндай жол әркімге қол емес, бәрінен де -
тиянақсыз мінез-құлыққа, әсіресе ішкі тепе-тендікке тек орнықты сословиелік жағдайда
ғана ие бола алатын адамдарға қол емес. Егер тіпті жас ғалымның өмірі құмарлыққа толы
болса да, оның қоршаған ортасының берік сословиелік дәстүрлері оны жаңсақ қадамнан
сақтайды. Бірақ журналистің өмірі қай жағынан алсаң да - тап-таза құмарлық, мұның
үстіне, оның іштей сығымдығын тегінде, басқа ешқандай ахуал сынай алмайтындай
құмарлық. Кәсіптік өмірдегі ащы тәжірибе көбіне-көп - тегінде, ең жаманы бола да
қоймас. Әсіресе жолы болып жүрген журналистерге қойылатын ішкі талаптар айрықша
ауыр болады. Дүниені шайқап жүргендердің салонына басқалармен терезесі тең адамдай
кіріп, көбіне қорқыныштан туындайтын жаппай жарамсақтық жағдайында әңгіме-дүкен
құру, бүл орайда, сен есіктен сыртқа аттап басқан бойда үй иесі, бәлкім, меймандар
алдында "газетші-балақайлармен" араласып тұратындығы үшін арнайы ақтала бастауы
мүмкін екенін біле тұра, солай істеу тіпті де ұсақ-түйек емес...