Қазақстанның ашық кітапханасы
233
көрсетсек, бүл олардың қадірін тіпті де түсірмейді. Бірақ, келіңіздер, саяси тұлғалардың
типтеріне тағы бір оралайық.
Батыста конституциялық мемлекет пайда болған уақыттан бастап, ал толық күйінде -
демократия дамыған кезден бері, саясаткер-көсемнің типі "демагог" болып табылды. Бұл
сөздің жағымсыз реңкі бар, бірақ бұл "демогог" деген атаққа алғаш ие болған Клеон емес,
Перикл екенін естен шығармауға мәжбүр ете алмауға тиіс. Ешқандай мансапқа ие болмай-
ақ немесе бірден-бір сайланбалы мансап (антик демократияда жеребе бойынша ие
болатын мансаптарға қарама-қарсы) - бас стратег міндетін атқара жүріп, ол, афиналық
демостың егеменді халық жиналысын басқарған. Рас, ауызша сөзді осы заманғы
демагогия да, және тіпті, осы заманғы кандидаттардың сайлау алдындағы сөздерін
ескерсек, сұмдық көлемде қолданады. Бірақ ол жазбаша сөзді одан да күшті ықпалмен
пайдаланады. Аталмыш жанрдың басты өкілі бүгінгі саяси публицист және ең алдымен -
журналист.
Баяндамамыздың шеңберінде осы заманғы саяси журналистиканың әлеуметтану нобайын
суреттеп беру мүмкін емес. Қай қырынан алғанда да бұл проблема дербес тарауды құрауға
тиіс. Оның тек шамалы бөлігі біздің тақырыбымызға да қатысты. Журналистің тағдыры да
барлық демагогтардың тағдыры тәрізді, айтпақшы - бері салғанда, Англиядағы, ертерек
кездегі Пруссияда орын алған ахуалға кереғар, континентте - адвокаттың (және
суретшінің) тағдыры да сондай болған: ол орнықты әлеуметтік топтастырып жіктеуге
көнбейді. Ол "қоғамда" әлеуметтік тұрғыдан этикалық жағынан бәрінен төмен тұратын
өкілдеріне қарап бағаланып, әлдене парийлар кастасына жатқызылады. Журналистер мен
олардың жұмысы туралы барынша өрескел түсініктердің кең таралуы - осыдан. Және тіпті
де, әркім мынаны ескере бермейді: журналист еңбегінің нағыз жақсы нәтижесі ғалым
қызметінің қандай да бір нәтижесінен бері салғанда кем түспейтін "рухты" талап етеді,
бүл ең алдымен оның бірден, команда бойынша берілуге әрі салған жерден эсер етуге
тиістілігінің салдарынан туындайды, мұның үстіне, аталмыш жағдайда творчестволық
шарттар мүлдем басқа-басқа. Бүл арада жауапкершілік әлдеқайда көбірек екендігі және
әрбір адал журналист бойындағы жауапкершілік сезімі, соғыс көрсеткеніндей, ғалымның
жауапкершілігінен тіпті де кем еместігі, қайта артық екендігі ешқашан дерлік атап
өтілмейді. Ал аталмыш фактының атап өтілмейтіндігі - зердеде табиғи түрде оның көбіне-
көп зәре-құтыңды қашыратын әсерінің пәрменімен журналистің нақ жауапсыз қызметінің
нәтижесі қалады. Жалпы алғанда қандай да бір мағынада іскер журналистердің
ұстамдылығы басқа адамдардан орта есеппен жоғары екендігіне ешкім сенбейді. Не
дегенмен де бүл солай. Журналист кәсібі жетелей жүретін әлдеқайда елеулі әзәзілдіктер,
сондай-ақ журналистік қызметтің басқа да шарттары жұртшылықты баспасөзге менсінбеу
мен бейшара қорқақтық аралас сезімімен қарауға үйреткен салдарларға алып келді. Бұл
арада не істеу керектігі жөнінде біз бүгін әңгімелесе алмаймыз. Бізді журналистердің
саяси кәсіптік бейімдігінің тағдыры, олардың жетекші саяси қызметтерге қол жеткізу
мүмкіндігі қызықтырады. Бүгінге дейін олар тек социал-демократиялық партияда болды.
Бірақ ондағы редакторлар мансабы, әдетте, шенеуніктік орын сипатында болып, көсем
позициясы үшін негіз берген жоқ.
Буржуазиялық партияларда алдыңғы ұрпақпен салыстырғанда осылайша саяси билікке
жету мүмкіндігі жалпы алғанда қайта нашарлап кетті. Әрине, әрбір елеулі саясаткер ықпал
етудің тиімді құралы ретінде, баспасөзге, демек баспасөзбен байланысқа мұқтаж. Бірақ
баспасөз қатарынан партия көсемінің шығуы нақ оқыс (күтуге болмайтын) жағдай еді.
Мұндағы себеп, журналистің, ең алдымен дәулеті жоқ, сондықтан кәсіпке маталған
журналистің "қажеттілігінің" қатты өскендігі болатын, бүл журналистік кәсіпорынның
қарқындылығы мен өзектілігінің елеулі өсуінен туындаған еді.