Қазақстанның ашық кітапханасы
232
француз Конвентініц мүшелерін олардың кәсіптік өкілдіктері тұрғысынан зерттейтін
болсаңыздар, сіздер одан - тең сайлау құқығына қарамастан - жалғыз-ақ пролетарийді,
азын-аулақ қана буржуазиялық кәсіпкерлерді көресіз, есесіне түрлі заңгерлер өріп жүр,
оларсыз осынау радикалдардың бойында жөне олардың жобаларында бар өзіндік ерекше
рухтың иісі де болмас еді. Міне содан бері осы заманғы адвокат пен осы заманғы
демократия біртүтас, ал біз айтып отырған мағынадағы, яғни дербес сословие ретіндегі
адвокаттар, формалистік герман процесіндегі "ізденушіден" сол процестің ұтымды
етілуінің ықпалымен бірте-бірте қалыптасып, орта ғасырлардан бастап тағы да тек
Батыста орнықты.
Партия пайда болған кезден бастап батыстық саясатта адвокаттың соншалық маңызды
тұлғаға айналуы тіпті де кездейсоқ емес. Саяси кәсіпорындарды партиялар жасайды, яғни
мүдделі жақтардың өкілдері нақ солар болып табылады мұның нені білдіретінін біз көп
ұзамай көреміз. Ал қандай да бір істі соған мүдделі жақтар үшін тиімді жүргізу дегеніңіз
білікті адвокаттың кәсібінің нақ өзі. Бүл арада ол - дұшпан насихаттың артықшылығы да
тағлымды бола алады кез-келген "шенеунікті" жолда қалдырады. Әрине, ол қисыны
жағынан әлсіз уәждермен қуатталған істі, яғни бұл мағынада алғанда "нашар" істі
ойдағыдай, яғни техникалық тұрғыдан "жақсы" жүргізе алады. Сондай-ақ ол қисыны
жағынан "күшті" уәждермен қуаттауға болатын істі, яғни бүл мағынада алғанда "жақсы"
істі тек сол ғана ойдағыдай жүргізеді. Ал саясаткер ретіндегі шенеунік, керісінше, өзінің
"іске алғысыз" техникалық басшылығымен, бүл мағынадағы "жақсы" істі "жаман" іске
тым жиі айналдырып жібереді: сондай бірдеңені біз бастан өткергенбіз. Өйткені бүгінгі
саясаттың жұртшылық бұқарасы арасындағы жүргізушісі барған сайын жиі шебер
айтылған немесе жазылған соз бола бастады. Соның ықпалын таразылау - адвокат
міндетінің шеңберін құрайтын нәрсе нақ осы, ол тіпті де шенеунік-маманның міндеті
емес, ол шенеунік демагог емес және демагог болуға ұмтылмауға да тиіс, ал бәрібір өзінің
алдына сондай мақсат қойса, онда әдетте тым нашар демагог болып шығады.
Нағыз шенеуніктің шынайы кәсібі - мұның біздің бұрынғы режимге баға беру үшін
шешуші маңызы бар - саясат болмауға тиіс. "Мемлекеттік мүдделерге", яғни үстем
тәртіптің өмірлік мүдделеріне қатер төніп тұрмаса, ол ең алдымен, бері салғанда ресми,
ешкімге бұрмай, - мұндай талапты тіпті "саяси" басқару шенеуніктеріне де қолдануға
болады, - "басқаруға" тиіс. Ол істі
Sine ira et studio
- ашуға бой алдырмай, ешкімге бұрмай
шешуге тиіс. Сонымен саясаткер үнемі - көсем де, оның нөкерлері де - және тиісінше
жасауға тиіс нәрсені - күресуді саяси шенеунік жасамауға тиіс. Себебі біреудің жағына
шығу - күрес, қызу қандылық -
ira et studium
- саясаткердің, ең алдымен саяси көсемнің
стихиясы. Көсемнің қызметі әрдайым шенеуніктің жауапкершілігіне тікелей қарама-
қарсы, мүлдем өзге жауапкершілік принципіне бағынады. Жоғары тұрған мекеме (оның
түсініктеріне кереғар) оған қателік сияқты көрінетін бұйрықтың орындалуын қасарыса
талап ететін жағдайда, шенеунік ар-намысының шаруасы бұйрық берушінің
жауапкершілігімен бұйрықты орындау, бұл бұйрық өзінің төл сеніміне сай келетіндей етіп
адал да дәл орындау. Мұндай ең жоғары мағынасындағы инсанияттық тәртіп пен
жанқиярлық болмаса бүкіл аппарат қақырап түсер еді. Керісінше, саяси көсемнің, яғни
басшы мемлекет қайраткерінің абыройы - өзі істейтін нәрсе үшін тұп-тура ерекше төл
жауапкерлігінде, мойнына артпай немесе итеріп тастай алмайтын, оған хақысы да жоқ
жауапкершілігінде. Шенеуніктер ретінде нақ инсанияттық тұрғыдан өресі биік натуралар
шындап келгенде, ең алдымен сөздің саяси мағынасында нашар, жауапкершіліктен
мақұрым, инсанияттық жағынан өресі төмен саясаткерлер - өкінішке қарай, біз басшы
қызметтерде әрқашан көріп келгендей саясаткерлер болып шығады. Нақ сондай жүйені біз
"шенеуніктер үстемдігі" деп атаймыз; және, әрине, біз өзіміздің шенеуніктерді саяси
көзқарас тұрғысынан, табыс тұрғысынан бағалай отырып, аталмыш жүйенің жалғандығын