Page 231 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
231
бастан сондай болған. Егер сіз Ли Хун-Чжанның күнделіктерін оқысаңыз, тіпті соның өзі
өлең шығарғандығына және жақсы каллиграф болғандығына бәрінен көп мақтанатынын
көресіз. Қытайдың бағзы заманына байланысты дамыған дәстүрімен бірге бұл жік Қытай
тағдырын белгіледі, өз кезінде гуманистердің сондай мойындауға қол жеткізе алатын
титімдей мүмкіндігі болғанда, бәлкім, біздің тағдырымыз да сондай болар ма еді.
Үшінші жік - сарай төңірегіндегі игі жақсылар болатын. Князьдар дворяндарды
сословиелік саяси қуатынан айыра алғаннан кейін, олар сол дворяндарды сарай қызметіне
алып, саяси және дипломатиялық қызметке пайдаланды. Біздің тәрбиелеу жүйемізде XVII
ғасырда болған төңкеріс сондай-ақ гуманист-грамматиктердің орнына княздарьға
қызметке сарай игі жақсыларының санатынан кәсіпқой саясаткерлердің келгендігімен де
байланысты.
Төртінші категорияға келсек, ол таза ағылшындық құрылым болды; ұсақ дворяндар мен
қала рантьелерін қамтыған, "джентри" ("gentry") деген техникалық терминмен
нобайланған патрициат - бастапқыда князь барондарға қарсы күреске тартып,
"selfgovernment" (жергілікті өзін-өзі басқару) мансабына ие еткен, нәтижесінде оның өзі
соған барған сайын көбірек тәуелді бола түскен жік еді. Бұл жік жергілікті басқарудың
барлық мансаптарын уысында ұстады, өйткені бүл қызметті өзінің төл әлеуметтік
құдіреттілігі мүддесіне бола, ақысыз-пұлсыз атқаруға кіріскен болатын. Ол барлық
континенттік мемлекеттердің тағдырына айналған бюрократияланудан Англияны сақтап
қалды.
Бесінші жік - университетте білім алған заңгерлер - Батысқа, ең алдымен Еуропа
континентіне тән болды және оның бүкіл саяси құрылымында шешуші рөл атқарды.
Бюрократиялық кейінгі Рим мемлекетін түбірімен өзгерткен Рим құқығының ықпалы
кейіннен бәрінен де нақ мынадан бадырайып көрінді: ұтымды мемлекет жасауға
жетектейтін тенденция ретінде саяси кәсіпорынды революцияландыру барлық жерде, тіпті
Англияда, өкілі ретінде білікті заңгерге ие болды, рас, Англияда ірі ұлттық заңгерлер
корпорациялары Рим құқығын қабылдауға кедергі жасап отырды. Әлемнің басқа бірде-бір
аймағында бұған ұқсайтын процесті таба алмайсыз. Үндінің миманс мектебіндегі ұтымды
заңгерлік ойлаудың барлық ұрықтары да, сондай-ақ исламдағы бағзы заңгерлік ойлауды
сақтап қалу жөніндегі тұрақты қамқорлық та, теологиялық ойлау пошымдарының ұтымды
құқықтық ойлауды тұншықтыруына бөгет бола алған жоқ. Ең алдымен процессуалдық
көзқарас толығымен ұтымды етілді. Бұл тек мынаның арқасында мүмкін болды:
итальяндық заңгерлер антик Рим заңдарын - қала-мемлекеттен жаһандық билікке өрлеп
бара жатқан саяси құрылыс жасаған даусыз бірегей жемісті кәдеге жаратты; оның
нәтижесі орта ғасырлардың аяғындағы пандекттік (әмбебап - Баспа) және канондық құқық
білгірлерінің шығармаларындағы
usus modernus
(осы заманғы қолданыс - Баспа), сондай-
ақ заңгерлік және христиандық ойлаудан туындап, кейін дүние қажетіне жегілген
жаратылыстық құқық теориялары болды. Аталған заңгерлік ұтымдылықтың аса ірі
өкілдері - итальяндық подеста, король билігінің сеньорлар үстемдігін қиратуы үшін
пошымды құралдар жасаған француз корольдарының заңгерлері, концилиаризм
теоретиктері (жаратылыстық құқық категорияларының көмегімен толғанатын канондық
құқық жөніндегі мамандар мен теологтар), континенттік князьдардың сарай заңгерлері
мен оқымысты қазылары, жаратылыстық құқықтың нидерландық теоретиктері мен
монархомахтар, ағылшындық король және парламент заңгерлері, француз парламентіндегі
Nobless de Robe
(франц. - мантия дворяндары - Ауд.), және, ақырында, революциялар
дәуірінің адвокаттары. Бұл ұтымдылықсыз, революция секілді, абсолютистік мемлекеттің
пайда болуы да миға қонбас еді. Егер сіздер XVI ғасырдан бастап 1789 жылға дейінгі
француз парламентінің қарсылықтарын немесе француз Бас штаттарының аманаттарын
қарап шығатын болсаңыздар барлығынан да заңгерлерге тон рухты көресіз. Ал егер сіздер