Page 230 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
230
кеңесші-баяндамашының, мысалы, Пруссияның оқу министрлігінде Альтхофф тұсында ол
айналысатын істің техникалық проблемалар жөнінде өздерінің бастығынан әлдеқайда коп
хабардар болғаны өзінен-өзі түсінікті. Англиядағы жағдай да соған ұқсас болған.
Осылайша, шенеунік-маман барлық күнделікті қажеттіліктер жөнінде де ең құдіретті адам
болатын. Және бұл да өздігінен алғанда ерсі көрінбейтін. Министр болса, нақ биліктің
саяси тоғысуының өкілі, оның саяси ауқымының өкілі ретінде сөйлеуге және сол ауқымды
өзіне бағынышты маман-шенеуніктердің ұсыныстарын бағалауға қолдануға немесе саяси
тұрғыдан оларға тиісті директивалар беруге тиіс болатын.
Жеке шаруашылық кәсіпорнында да тура солай болып жатады: мұндағы шынайы
"егемен", акционерлер жиналысы, маман-шенеуніктер басқаратын "халық" сияқты
кәсіпорынға басшылық жасауда ықпалдан айрылған, ал кәсіпорынның саясатын
белгілеуге тиіс адамдар, банктерге бағындырылған "бақылаушы кеңес" кәсіпорынға
техникалық басшылық жасауды оз бетімен жүзеге асыруға қабілетсіздігінен, тек
шаруашылық директивалар береді және басқару үшін адамдарды іріктейді. Бұл тұрғыдан
алғанда революциялық мемлекеттің абсолютті дилетанттарға, олардың қолында
пулеметтер болғандықтан, билік беріп қойған және кәсіптік жағынан әбден ысылған
шенеуніктерді тек атқарушылар ретінде пайдаланғысы келетін бүгінгі құрылымы да -
мұндай мемлекет тіпті де принципті жаңалық бола алмайды. Қазіргі жүйенің
қиындықтары тіпті де мұнда емес, бірақ олар қазір бізді алаңдатпауға тиіс.
Біз қайта кәсіпқой саясаткердің, "көсем" ретіндегі де, оның нөкері ретіндегі де типтік
ерекшелігі туралы сұрақ қоялық. Ол талай рет өзгерген және бүгін де айтарлықтай әр
алуан.
Жоғарыда көрдік, өткенде "кәсіпқой саясаткерлер" князьдардың қызметінде олардың
сословиелермен күресі барысында пайда болды. Солардың негізгі типтерін енді қысқаша
қарастырамыз.
Сословиелерге қарсы күресте князь бейсословиелік сипаттағы саяси жарамды жіктерге
сүйенді. Оларға, Алдыңғы Үндістан мен Үндіқытайда, буддистік Қытай мен Жапонияда
және ламаистік Монғолияда, дәл ортағасырлық христиандық аймақтардағы тәрізді, ең
алдымен клириктер жататын. Бұл жағдайдың техникалық негізі болатын - клириктер хат
білетін. Барлық жерде саяси кеңесшілер ретінде брахмандар, буддист уағызшылар,
ламалар импортталды, епископтар мен священниктер пайдаланылды, мұның бәрі
императордың, немесе князьдың, немесе ханның аристократияға қарсы күресінде кәдеге
жарайтын әрі хатқа жүйрік басқарушы күштерге ие болу үшін жасалды. Клириктер,
әсіресе некеден безген клирик қалыпты саяси және экономикалық мүдде әурешілігінен
сырт тұрды және, вассалға тән болғанындай, өзінің қожайынына қарсы өзінің
ұрпақтарының қамы үшін саяси биліктен дәмеленуге иегі қышыған жоқ. Ол өзінің
сословиелік қасиеттерімен мемлекеттік басқару кәсіпорнының құралдарынан
"шеттетілген" болатын.
Осы тектес екінші жікті гуманистік білім алған грамматиктер (Literaten) құрады. Саяси
кеңесші, ең алдымен князьдың саяси меморандумын құраушы болу үшін латын сөзі мен
грек өлеңін жаза білуді үйренуге тура келген уақыт та болған. Гуманистер мектептерінің
алғашқы гүлдену уақыты сол түс, ол кезде князьдар "поэтика" кафедраларын ашып жатты.
Бізде бүл дәуір тез өтіп кетті де, қалай дегенде де біздің мектепте оқыту жүйемізге
бәсеңдемес ықпалын жалғастыра бергенімен, ешқандай терең саяси салдар берген жоқ.
Шығыс Азиядағы жағдай басқаша болды. Қытай мандарин! шамамен алғанда бізде Қайта
өрлеу дәуіріндегі гуманист секілді, гуманитарлық білім алған және бағзы замандардың
әдебиетінен емтиханды ойдағыдай тапсырған грамматик болып табылады, яки, дұрысы, әу