Page 229 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
229
үндесіп жататын. Шенеуніктер басшы, яғни министрлік қызметтерге өздерінің қатарынан
шыққан, яғни қызметте шенеуніктік жолмен өскен адамдардың тағайындалуына мүдделі
болатын. Монарх та өз тарапынан министрлерді шенеуніктер қатарынан өзінің қалауынша
тағайындау мүмкіндігі болуына мүдделі еді. Ал осы екі жақ біріге келе саяси
басшылықтың парламентке біртұтас, тұйық түрде қарсы тұруына, яғни алқалы жүйенің
бірегей кабинет басшысымен алмастырылуына мүдделі болатын. Мұның үстіне, монарх,
партиялық күрес пен партиялық айбарақтан таза пошымдық түрде тыс қала беру үшін
өзіне қалқан болатын, яғни парламенттің алдында жауап беріп, оған қарсы тұратын,
партиялармен келіссөз жүргізетін айрықша кісіге мұқтаж болатын. Міне осынау барлық
мүдделер бұл арада бір ғана нәрсеге: шенеуніктердің бірегей жетекші министрінің пайда
болуына жетелейтін. Парламент билігінің дамуы - Англиядағы тәрізді - монархтан басым
түсетін жерлерде бірлікке одан да күштірек жетелейтін. Англияда ресми заңдар
мойындамайтын, іс жүзінде бірден-бір саяси күш - аталмыш сәтте көпшілік жағдайындағы
партияның тұрақты комиссиясы ретінде басында бір ғана парламент көсемі, "лидер"
тұрған "кабинет" дамыды. Ресми алқалық корпорациялар, нақ сондай күш ретінде, шын
мәнінде үстем күштің - партияның - органы болған жоқ, және сондықтан шынайы
үкіметтің өкілдері бола алмайтын еді. Керісінше, үстем партия, [мемлекет] ішінде өзінің
билігін орнықтырып, зор сыртқы саясат жүргізуге мүмкіндік алу үшін ондағы тек шын
жетекші қайраткерлерден құралған, жабық кеңесетін органға, яғни нақ кабинетке, ал
жұртшылық жөнінде, ең алдымен парламент жұртшылығы жөнінде - барлық шешімдер
үшін жауапты көсемге - кабинет басшысына мұқтаж болатын. Парламенттік
министрліктер түріндегі осы ағылшындық жүйе кейіннен континентте қабылданды, және
тек Америка мен оның ықпалына түскен демократияларда оған мүлдем гетерогендік жүйе
қарсы қойылды, ол жүйе тікелей сайлау арқылы жеңіске жеткен партияның таңдалып
алынған көсемін, ол тағайындаған шенеуніктер аппаратының басына қойды да, оны тек
бюджет пен заң шығару мәселелерінде ғана парламенттің келісімімен байланыстырды.
Саясатты билік жолындағы күрес машығын және ол күрестің осы заманғы партиялық
жүйе жасаған әдістерін білуді талап ететін "кәсіпорынға" айналдыру қоғамдық
функционерлердің, тіпті де қатаң болмаса да, жеткілікті анық екі категорияға: бір
жағынан, шенеунік-мамандарға (Fachbeamte), екінші жағыну - "саяси" шенеуніктерге
бөлінуін туындатты. Сөздің тол мағынасында алғанда "саяси" шенеуніктер, сырттай
мынамен сипатталады: олар кез-келген сәтте ауыстырыла және босатыла алады; немесе
француз префекттері немесе басқа елдердегі сондай шенеуніктер секілді "қарауына
жіберіле" алады, мұның өзі қазы қызметін атқаратын шенеуніктер "тәуелсіздігіне"
барынша қарама-қарсы жәйт. Англияда парламенттік көпшілік, демек, кабинет ауысқан
кезде тамыр жайған дәстүр бойынша қызметінен кететін шенеуніктер "саяси" шенеуніктер
категориясына жатады. Әдетте мұны жалпы "ішкі басқару" құзырына жататын
шенеуніктер ұмытпауға тиіс, ал мұнда бірінші кезекте елде "тәртіп", яғни үстемдіктің
орын алып отырған қатынасын сақтау "саяси қызметтің" құрамдас бөлігі болып табылады.
Пруссияда осынау шенеуніктер, Путкамердің жарлығына сәйкес, қатаң жазалану
қатерімен, "үкімет саясатын жүргізуге" міндетті болатын және, Франциядағы префекттер
секілді, сайлау нәтижесіне ықпал ететін ресми аппарат ретінде пайдаланылатын. Рас,
неміс жүйесіне сәйкес, "саяси" шенеуніктердің көпшілігі, - басқа елдерге қарама-қарсы, -
сапасы жағынан барлық өзгелермен тең, өйткені ондай қызметке ие болу да университетте
білім алуға, арнайы емтихандар тапсыруға жөне белгілі бір даярлық қызметіне
байланысты. Осы заманғы шенеунік-мамандардың мұндай өзіндік ерекшелік нышаны
бізде тек саяси аппарат басшыларында - министрлерде ғана жоқ. Ескі режим тұсында-ақ
ешқандай жоғарғы оқу орнының есігін бірде-бір рет ашпай-ақ Пруссияның мәдениет
министрі болуға, ал кеңесші-баяндамашы болу принципінде тек міндетті емтихандар
нәтижесіне байланысты болатын. Кәсіптік жағынан үйретілген жауапты референт пен