Қазақстанның ашық кітапханасы
228
сайлауының нәтижесіне байланысты, қыл аяғы пошташыға дейін, жүздеген мың
шенеуніктерді алмастыруға мәжбүр еткен және ғұмыр бойы кәсіпқой шенеунік дегенді
білмеген дилетанттық басқаруын
Civil Service Reform
әлдеқашан күл-талқан етті. Бұл
тенденция басқарудың таза техникалық, сөзсіз болатын қызметтерінен туындайды.
Еуропада еңбек бөлінісі бастаулары негізінде кәсіпқой шенеуніктік бес жүз жылдық даму
барысында біртіндеп пайда болды. Оның қалыптасуы итальяндық қалалар мен
сеньориялардан, ал монархиялар арасында нормандық жаулап алушылардың
мемлекеттерінен басталды. Шешуші қадам князь қаржы-қаражатын басқаруда жасалды.
Император Макстың басқарушылық реформаларынан шиті шетін мұқтаждық пен түрік
үстемдігі қысымының астында жүріп-ақ шенеуніктердің князь [билігін] әлі де ең алдымен
рыцарь күйінде қалып келе жатқан мырзаның өзім білеміндігіне төзуге бәрінен кем
қабілетті өрісте қандай қиындықпен экспроприациялағанын көреміз. Әскери техниканың
дамуы кәсіпқой офицердің, сот жүргізудің жетілуі - шебер заңгердің өсіп шығуына жол
ашты. Осынау үш салада кәсіпқой шенеуніктер дамыған елдерде XVI ғасырда түпкілікті
жеңіске жетті. Сол арқылы князь абсолютизмінің сословиелерден шоқтығы биік тұруымен
бір мезгілде князьдің жеке билігінің (Selbstherrschaft) біртіндеп кәсіпқой шенеуніктерге
көшуі басталды, князьдің сословиелерді жеңіп шығуы соның арқасында ғана мүмкін
болды.
Әбден шыңдалған шенеуніктіктің жалы күдіреюімен бір мезгілде сондай-ақ бұл әлдеқайда
кем байқалатын өтулер жолымен жасалғанына қарамастан - "жетекші саясаткерлер" пайда
бола бастады. Әрине, князьдардың іс жүзінде билік жүргізетін кеңесшілері баяғыдан-ақ
бүкіл дүние жүзінде болған. Шығыста сұлтанды басқарудың сәтті-сәтсіздігі үшін жеке
жауапкершілік ауыртпалығынан мүмкіндігінше азат ету қажеттігі "бас уәзірдің" типтік
тұлғасын туындатты. Батыста, ең алдымен Венеция елшілерінің хабарламаларының
ықпалымен Карл V дәуірі - Макиавелли дәуірі тұсындағы дипломатия түңғыш рет саналы
түрде жүзеге асырылатын өнерге айналды, оның көбіне-көп гуманистік білім алған
адепттері өздерін Қытайда жекелеген мемлекеттердің өмір сүруінің соңғы дәуірінде
болған, гуманистік білім алған мемлекет қайраткерлері секілді әбден ысылған мүридтер
ретінде сезінді. Бүкіл саясатты, соның ішінде ішкі саясатты, пошымдық жағынан бірдей
етіп бір жетекші мемлекет қайраткерінің жүргізуі қажеттігі тек конституциялық дамудың
арқасында түпкілікті қалыптасып, сөзсіз нәрсеге айналды. Әлбетте, князьдардың
кеңесшілері немесе ол-ол ма, шындап келгенде, жетекшілері секілді жекелеген
тұлғалардың бұған дейін де, рас, ұдайы табылып отырғандығы өзінен өзі түсінікті. Бірақ
мекемелерді ұйымдастыру бастапқыда, тіпті бұл тұрғыдан жақсы дамыған мемлекеттердің
өзінде, өзге жолдармен өрбіді. Алқалы жоғары басқару мекемелері пайда болды. Теория
жүзінде және бірте-бірте кеми түскен дәрежеде іс жүзінде олар ақтық шешім
қабылдайтын князьдің өзінің төрағалығымен мәжіліс құрып отырды. Көпшіліктің немесе
азшылықтың консультациялық байламдарына, кері байламдарына және дәйектелген
шешімдеріне жетелейтін осынау алқалы жүйенің көмегі арқылы; бұдан әрі, ол өзін, ресми
жоғары мекемелерден басқа, таза жекеленген адамдарымен - "кабинетпен" - қоршап,
өзінің шешімдерін мемлекеттік кеңестің - немесе ең жоғары мемлекеттік мекеме қалай
аталса да бәрібір - байлам жасауына солар арқылы беруінің арқасында, осының бәрінің
арқасында князь, барған сайын дилетанттың кебін кие бастаған князь, жоғары кәсіпқой
шенеуніктердің ұдайы өсіп бара жатқан ықпалынан құтылып, жоғарғы басшылықты өз
қолында сақтап қалуға тырысты; шенеуніктер мен жеке билік арасындағы осынау
жасырын күрес, әрине, барлық жерде жүріп жатты. Мұндағы өзгерістер тек парламенттер
мен олардың партиялық көсемдерінің биліктен дәмесіне кереғар болып тұратын. Бірақ аса
әрқилы жағдайлар сырттай қарағанда бірдей нәтижелер беретін. Әулеттер нақты билікті
уысынан шығармаған жерлерде - бұл әсіресе Германияда орын алғанындай, - княздардың
мүдделері парламентке және оның билікке дәмесіне кереғар шенеуніктердің мүдделерімен