Page 227 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
227
белгілі бір міндетті қарекеттері үшін (leistungen) баждар мен алымдардан кіріс алады -
шайақы мен пара кірістің осынау категориясының тек бір, жүйесіз және формалды
жағынан жасырын бір түрі ғана, - немесе анық белгіленген заттай сыйақы, немесе ақшалай
ақы, немесе екеуін бірдей алады. Саясатты басқарушы, кондотьер, немесе жалгер, немесе
өткендегі мансап сатып алушы секілді, немесе өзінің шығындарын жұмсаған капиталым
деп бағалайтын, содан, өзінің ықпалын пайдаланып, кіріс түсіретін американдық босс
секілді "кәсіпкер" сипатына ие бола алады. Яки ондай саясаткер редактор, немесе партия
хатшысы, немесе қазіргі министр, немесе саяси шенеунік секілді нақты жалақы ала алады.
Өткен замандарда лендер, жерді сыйға тарту, түрлі-түрлі пребендтер, ал ақша
шаруашылығы дами бастауына орай әсіресе алым жинаумен байланысты орындар
жеңістерге қол жеткізген жаулап алушы князьдардың немесе жолы болғыш партия
басшыларының өз нөкерлеріне беретін әдеттегі сыйақысы болатын; бүгінде партия
көсемдері адал қызмет атқарғаны үшін партиялардағы, газеттердегі, серіктестердегі,
аурухана кассаларын- дағы, қауымдар мен мемлекеттердегі түрлі мансаптарды таратып
береді. Барлық партиялық шайқастар дегеніміз нақты мақсаттар үшін шайқас қана емес,
ең алдымен мансаптарды уыста ұстау жолындағы шайқас. Германияда партикуляристік
және центристік пиғылдардың бүкіл шайқасы күштердің қайсысы - берлиндіктер немесе,
мюнхендіктер, карлсруэліктер, дрездендіктер - ең алдымен мансаптарды уысында ұстайды
деген мәселенің де төңірегінде өрбиді. Мансаптар бөлінісінде қағажу көруді партиялар
өздерінің нақты мақсаттарына қарсылықтан гөрі неғұрлым ренішті қабылдайды.
Францияда префекттің партиялық-саяси сипаттағы ауысуы әрқашан зор төңкеріс саналып,
үкіметтің бағдарламасын әлдебір, тек фразеологиялық қана дерлік мәні бар жаңартудан
дау-дамай туғызады. Конституцияны тәпсірлеудегі ескі кереғарлықтар келмеске кеткен
уақыттан бастап көптеген партиялар (Америкада нақ солай болып отыр) өздерінің
мазмұнды бағдарламаларын дауыс жинау мүмкіндігіне қарай өзгертіп отыратын, нағыз
қызмет орындарын аулайтын партияларға айналды. Испанияда осы соңғы жылдарға дейін
екі ірі партия жоғарыдан тағайындалған "сайлау" пошымында конвенциямен бекітілген
кезек бойынша, оз жақтастарын мансаптармен қамтамасыз ету үшін бірін-бірі алмастырып
отырды. Испандық отарлық иелік аймақтарында "сайлау" делінетін нәрсе ретінде де,
"революция" делінетін нәрсе кезінде де әрқашан әңгіме жеңімпаздар пайдаланып қалғысы
келетін мемлекеттік астаулар туралы ғана болады. Швейцарияда партиялар пропорциялы
сайлау жолымен мансаптарды өзара бейбіт бөліседі, және де конституциялардың біздіңше
"революцияшыл" жобаларының көбісі, мысалы, Баден үшін ұсынылған алғашқы жоба, дәл
сол жүйені министр қызметіне де таратуды мақсат етті, яғни мемлекет пен ондағы
мансаптар кіріс беретін орындармен қамтамасыз ететін мекеме ретінде қарастырылды.
Бұл ең алдымен орталық партиясының шабыт көзі болып, ол Бадендегі өзінің
бағдарламасының бір пункті етіп, мансаптарды конфессияларға қарай, яғни табысқа
қарамастан бөлу деп жариялады. Жаппай бюрократиялану салдарынан мансаптар саны
мен өзіндік ерекше кепілді қамтамасыз етілу пошымы ретінде сол мансаптарға
сұраныстың өсуіне қарай, аталмыш тенденция барлық партиялар үшін күшейіп келеді,
және олар барған сайын көп шамада өз жақтастарын қамтамасыз етудің сондай құралына
айналып барады.
Алайда бүгінде аталған тенденцияға, осы заманғы шенеуніктердің дамуы мен көп
жылдарғы даярлық арқылы кәсіптік жағынан шыңдалған, мүлтіксіздікке кепілдік беретін
жоғары дамыған сословиелік абыройы бар еңбекшілер жиынтығына (Arbiter schuft),
рухани еңбектің аса білікті мамандарына айналуы қарсы түр, мұнсыз сұмдық жемқорлық
пен пасық мещандықтың тажалды қаупі туар еді, ал мұның өзі мемлекеттік аппараттың
таза техникалық тиімділігіне қатер төндірер еді, бұл аппараттың шаруашылық үшін
маңызы, әсіресе әлеуметтенудің өсе түсуіне қарай күшейе түсті және алдағы уақытта
күшейе береді. Құрама Штаттарда олжаны бөлісетін саясаткерлердің президент