Page 226 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
226
болады. Рас, князь әскербасының жасағы, көшенің революцияшыл батырының нөкері
секілді шаруашылық қамын ойлап бас қатырып жатпайды. Бұлардың екеуі де олжа, тонау,
тәркілеу, ешқандай мәні жоқ төлемдерді күштеп таңу (сайып келгенде мұның бәрібір)
есебінен күн көреді. Бірақ бұл қажетті әдеттен тыс құбылыстар: әдеттегі шаруашылықта
меншікті мал-мүлік қана кіріс береді. Алайда жалғыз сол жеткіліксіз: саясат "үшін" өмір
сүретін адам мұның үстіне шаруашылық жағынан "кіріптар" болмауға, яғни оның кірістері
ол өзінің жұмыс күші мен ойын тікелей толығымен немесе барынша кеңінен өз кірістерін
алуға ұдайы жұмсауына тәуелді болмауға тиіс. Бұл мағынада рантье, яғни ешқандай тер
төкпей кіріс алатын адам сөзсіз "кіріптар" емес, ондай кіріс өткендегі помещик, қазіргі
кезде ірі жер иелері мен заманында меншігіне мал-мүлік тиген князьдар алатын жер
рентасы (антик заман мен орта ғасырларда құлдар мен басыбайлылардан алынған рента)
бағалы қағаздардан немесе осы заманғы басқа рента көздерінен алынатын кіріс.
Жүмысшы да, кәсіпкер де (бұған ерекше назар аудару керек), соның ішінде нақ осы
заманғы ірі кәсіпкер бүл мағынада "кіріптарлар" санатына жатады. Өйткені кәсіпкер де,
және нақ ірі кәсіпкер (өнеркәсіптегі кәсіпкер ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерге
қарағанда көбірек шамада, өйткені ауыл шаруашылығы маусымдық сипатта) - өзінің
кәсіпорнын тастап кете алмайды, сондықтан кіріптар. Көп жағдайда ол шамалы уақытқа
болса да орнына біреуді қойып кетуге қатты қиналады. Мысалы, дәрігерді алмастыру да
соншалық қиын, және ол неғұрлым талантты, жұмысбасты болса, солғұрлым алмастыру
тым сирек ұшырасады. Адвокатты, таза өндірістік-техникалық себептер бойынша,
алмастыру әлдеқайда жеңіл, сондықтан да кәсіпқой саясаткер ретінде ол әлдеқайда елеулі,
салыстыруға келмейтін, кейде тұп-тура үстем рол атқарады. Біз мұндай казуистиканы
одан әрі ізерлей түспек емеспіз, бірақ өзіміз үшін кейбір салдарларды анықтай кетейік.
Егер мемлекетті немесе партияны саясаттың есебінен емес, тек қана саясат үшін өмір
сүретін (сөздің экономикалық мағынасында) адамдар басқарса, онда бүл тұп-тура саяси
басқарушы жіктерді "плутократиялық" әдіспен жұмылдыру болып шығады. Бірақ бұл
соңғысы әлі керісінше мағына бермейді: плутократиялық басшылықтың болуы, саяси
үстем жікте сондай-ақ саясат "есебінен" де күн көру ниеті, яғни өзінің саяси үстемдігін
жеке экономикалық мүдделер үшін де пайдалану ниеті болмайды деп топшылауға негіз
бермейді. Бұл жөнінде әрине, сөз болуы да мүмкін емес. Біз бір нәрсені ғана айттық:
кәсіпқой саясаткерлер өздерінің саяси қызметі үшін сыйақы іздеуге тікелей мәжбүр емес,
кез-келген кедей саясаткер дәл содан дәметуге тиіс болады. Ал екінші жағынан, бүл,
айталық, дәулеті жоқ саясаткерлер ешқандай қоспасыз немесе тек қана негізінен
жағдайын күйттеп, саясат арқылы күн көрісін қамтамасыз етуді көздейді және іс жөнінде
ойланбайды немесе көбіне ойланбайды деген сөз емес. Бұдан артық сорақы ештеңе болмас
еді. Дәулетті адам үшін оз тіршілігінің экономикалық жағынан "қауіпсіз" болуына
қамқорлық эмпириялық жағынан - парықталған немесе парықталмаған - бірбет және
негізделмеген саяси идеализм белгілі бір қоғамның экономикалық тәртібін сақтап қалуға
мүдделі шеңберден мүлдем тыс қалған жіктерде (егер тек соларда демеген күнде де, бері
салғанда нақ соларда) байқалады; бұл әсіресе әдеттегіден тыс, яғни революциялық,
дәуірлерге қатысты.
Бірақ бұл айтқанымыз тек мынаны білдіреді: саяси үміткерлерді (Interesgenten) көсемдер
(Fiirerschaft) мен нөкерлерді (Gefolgschaft), олар саясат кәсіпорнынан жүйелі де сенімді
кіріс алады деген өз-өзінен белгілі алғышартпен байланыстыратын плутократиялық
жұмылдыру емес. Саясатты не "құрметті қызмет" ретінде басқаруға болады, онда онымен,
әдетте айтылатынындай "тәуелсіз", дәулетті, яғни ең алдымен рентасы бар адамдар
айналысады. Немесе саяси басшылыққа кедейлер жіберіледі, мұндай жағдайда олар
сыйақы алып тұруға тиіс. Саясаттың есебінен күн көретін кәсіпқой саясаткер таза
"пребендарий" ("Pfruder") немесе жалақыда отырған шенеунік бола алады. Сонда ол не