Қазақстанның ашық кітапханасы
225
осындай қарекеттермен ғана шектеледі. Бүгіндері, мысалы, партиялық-саяси одақтардың
сенім білдірілген адамдары мен басқармалары "қосымша қызмет" саясаткерлері болып
табылады. Мемлекеттік кеңестер мен сол секілді тек талап бойынша ғана қызмет атқара
бастайтын кеңесші органдардың мүшелері де саясатпен тура солай айналысады. Біздің
парламентарийлардың едәуір қалың жіктері де онымен дәл солай айналысады, олар тек
сессия кезінде ғана оған "жұмыс істейді". Өткеннен ондай жіктерді нақ сословиелерден
табамыз. "Сословиелер" деп біз әскери құралдардың өкілетті иелерін, сондай-ақ заттай
құралдарды басқару үшін маңызды кәсіпорындар иелерін немесе үстемдік жүргізушінің
жеке күштерін атаймыз. Олардың едәуір бөлігі өзінің өмірін саясатқа толық, немесе
көбіне, немесе тіпті тек жағдайға қарай айналысудан көбірек арнаудан тым шалғай
жататын. Керісінше, өздерінің қожайын ретіндегі билігін олар рента немесе пайда алу
мүддесінде пайдаланатын және саяси одақтың қызметінде мұны тек өздерінің
қожайындары немесе сословиенің басқа мүшелері арнайы талап етсе ғана саяси
белсенділік көрсететін. Князь өзінің қолында болу үшін жеке саяси кәсіпорнын құру
мақсатында күреске қатыстыратын қосымша күштердің бір бөлігі де өздерін осылай
ұстаған. Бүл "үйдегі кеңесшілеріне" де, және одан да бұрынырақ, князьдің "куриясына"
және басқа кеңесші органдарына жиналатын кеңесшілердің едәуір бөлігіне де тән болған.
Бірақ, әрине, князь тек орайы келгенде және жанама қарекет жасайтын мұндай қосымша
күштерді қанағат тұтпаған. Ол өзіне көмекші күштердің князьға қызмет етуді негізгі кәсіп
ретінде толық және ерекше таңдап алған штабын құру әрекетін жасап көруге тиіс
болатын. Пайда болатын жаңа әулеттік саяси ұйымның құрылымы, және сол ғана емес,
тиісті мәдениеттің бүкіл өзіндік ерекшелігі де едәуір дәрежеде оның соларды қайдан
алатындығына тәуелді болатын. Дәл сол қажеттілік саяси одақтардың алдынан да
көлденеңдеді, олар княздар билігі толық жойылған немесе айтарлықтай шектелген тұста
саяси жағынан "бостан" делінетін қоғамдастықтарға (Gemeinwesen) - зорлық-
зомбылықшыл үстемдіктен "бостан" деген мағынада емес, князь тарапынан қандай да бір
беделдің ерекше қайнар көзі ретінде көрсетілетін, дәстүр пәрменімен заңды саналатын
(көбіне діннен бата алған) зорлықтың жоқ екендігі мағынасында "бостан"
қоғамдастықтарға айналып шыға келді. Мұндай одақтардың тарихи отаны тек Батыс қана,
ал олардың ұрығы саяси одақ ретіндегі қала болатын, олар әуелі Жерорта теңізінің мәдени
ареалында бой көтерді. Осы жағдайлардың бәрінде "негізінен кәсіпқой"
("hauptberuflichen") саясаткерлер қандай болған?
Саясатты өзінің кәсібіне айналдырудың екі тәсілі бар: не саясат "үшін" өмір сүру керек, не
саясаттың "есебінен" және саясатпен" ("von" der Politik) өмір сүру керек. Аталмыш
қарама-қарсылық тіпті де ерекше бірдеңе емес. Керісінше, әдетте, азырақ шамада мұрат
үшін, бірақ көбіне-көп материалдық мүдде үшін осының екеуі де жасалады: саясат "үшін"
өмір сүретін адам әлдене іштей мағынада "өз өмірін сонымен" жасайды - не ол өзі жүзеге
асыратын биліктен ашық саясат алады, не "іске" ("Sache") қызмет етіп жүргенін
түсіндіруден өзінің ішкі тепе-теңдігі мен оз абыройы сезіміне нәр алады, және сол арқылы
өзінің өміріне магына береді. Тегінде, нақ сондай терең ішкі мағынада әлдебір іс үшін
өмір сүретін кез-келген салиқалы адам бүл іс үшін де солай өмір сүретін болуы керек.
Осылайша, айырмашылық әлдеқайда терең жағында - экономикалық жағында жатыр.
Кәсіп ретіндегі саясат "есебінен" күн көретін адам - оны тұрақты кіріс көзіне айналдыруға
ұмтылатын адам; ал саясат "үшін" күн көретіндердің мақсаты басқа. Әлдекім
экономикалық мағынада саясат "үшін" өмір сүре алатын болуы үшін жеке меншіктік салт
үстемдігі жағдайында, кейбір, керек десеңіз, әбден таптаурын алғышарттар болуға тиіс:
қалыпты жағдайда ол оған саясат әкелуі мүмкін кірістерге тәуелді болмауға тиіс. Демек ол
кәдуілгі дәулетті адам болуға немесе жеке адам ретінде ол өмірде тұрақты жеткілікті кіpic
алып тұратындай жағдайға ие болуға тиіс. Бері салғанда қалыпты жағдайда шаруа осылай