Page 224 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
224
кәсіпорындардың қаражатына, финанс кәсіпорындарының және саяси мақсатта қолданыла
алатын кез-келген басқа мүлікті қаражатқа ие адамдарды экспроприациялайды. Бүкіл осы
процесс дербес өндірушіні бірте-бірте экспроприация арқылы капиталист кәсіпорынның
дамуымен мүлдем қабаттаса жүріп жатады. Нәтижесінде біз мынаны көреміз: осы заманғы
мемлекетте саяси кәсіпорынның барлық құралдары іс жүзінде бірден-бір ең жоғары
инстанцияның (Spitze) қолына шоғырланады. Бірде-бір шенеунік енді өзі жұмсайтын
ақшаның, немесе өзі басқаратын ғимараттардың, қорлардың, аспаптардың, әскери
техниканың меншік иесі емес. Осылайша, осы заманғы "мемлекетте" басқару штабының -
басқарушы шенеуніктер мен басқару қызметкерлерінің - кәсіпорынның заттай
құралдарынан "шеттетілуі" толық іске асырылған (және бұл оны түсіну үшін елеулі
нәрсе). Бірақ осы арадан бастап біздің заманымыз үшін ең соны тенденция - саяси
құралдардың сондай экспроприаторын ашық экспроприациялау, яғни сол арқылы саяси
билікті эксприоприациялау әрекеті іске қосылады. Революцияларға мұның бері салғанда
мына жағынан сәті түсті: қойылған (gesatzten) басшылар орнына көсемдер келді, олар
заңға қарсы қарекеттердің немесе сайлаудың арқасында билікті басып алып, саяси штаб
(адамдар мен заттай құралдар аппараты) билеп-төстеу мүмкіндігіне ие болды және олар
өздерінің заңды екендігін - қандай құқықпен екендігінің бәрібір - үстемдік
астындағылардың ырқынан таратады. Бүл арада осы жетістіктің - бері салғанда солай
көрінетін - негізінде сондай-ақ капиталистік шаруашылық кәсіпорындарының ішінде де
экспроприацияны жүзеге асыру үмітінің қаншалықты орынды екендігі басқа мәселе,
өйткені ондай кәсіпорындарды басқару, шындап келгенде, саяси басқарудағыдан мүлдем
басқа заңдармен жүргізіледі. Бүл мәселеге баға беруден біз бүгін бас тарта тұрамыз. Біздің
қарастыруымыз үшін мен таза ұғымдық сәтті қадап көрсетемін: осы заманғы мемлекет
дегеніміз мекеме тұрпатында ұйымдастырылған үстемдік одағы, ол белгілі бір өріс ішінде
үстемдіктің
құралы
ретінде
заңдастырылған
тәндік
зорлық-зомбылықты
монополияландыруда табысқа қол жеткізеді және осы мақсатта кәсіпорындардың заттай
құралдарын оз жетекшілерінің қолына біріктіреді, ал бұрын осыны өзінің қалауынша
жұмсайтын
сословиелік
функционерлерді
олардың
өкілеттіктерімен
бірге
экспроприациялап, олардың орнына ең жоғары позицияларға өздері қонжиып алды.
Көптеген елдерде әртүрлі табыспен жүргізілген саяси эксмроприация процесінің
барысында рас, бастапқыда князьға қызмет еткен, екінші мағынасында "кәсіпқой
саясаткерлердің" алғашқы категориялары, яғни харизмалы көсемдер секілді өздері
қожайын болғысы келмеген, бірақ саяси қожайындарға қызмет етуге тұрған адамдар
көрінді. Бұл күресте олар өздерін князьдардың билігін беріп, олардың саясатын жүргізуді,
бір жағынан, табысы мол кәсіпке айналдырды, екінші жағынан, өз өмірін тамаша
қамтамасыз ете алды. Атап көрсетелік, кәсіпқой саясаткерлердің осынау тегін біз тек
Батыстан ғана князьдардың ғана емес, басқа да күштердің қызметінде таба аламыз. Бұрын
олар билікті атқарудың әрі саяси экспроприацияны жүзеге асырудың маңызды құралы
болды.
Осындай "кәсіпқой саясаткерлерді" неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырумен айналысудан
бұрын олардың тіршілігі қандай болғанын жан-жақты әрі бұлтартпайтындай етіп анықтап
алуымыз керек.
"Саясатпен" айналысуға - яғни, биліктің саяси құрылымдар арасында және олардың
ішінде бөлінуіне ықпал жасауға ұмтылуға - "жағдайға қарай" саясаткер ретінде де, бұл
жұмыс, дәл экономикалық кәсіпшіліктегідей, қосымша немесе негізгі кәсіп болатын
саясаткер ретінде де айналысуға болады. Сайлау бюллетенін жәшікке салғанда немесе
соған ұқсас ырқымызды білдіргенде, мысалы "саяси" жиналыста қол шапалақтағанда яки
жер тепкілегенде, "саяси" сөз сөйлегенде және т.б. жағдайларда біздің бәріміз "жағдайға
қарай" саясаткер болып шыға келеміз; көптеген адамдарда олардың саясатқа қатынасы