Page 223 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
223
шенеуніктердің беделі (Beamtenehrе) - сыйақыны, ал солардан айырылып қалу
қорқынышы - басқару штабының қожайынмен ынтымақта болуының ақтық шешуші
негізін құрайды. Бұл харизмалық көсемнің үстемдігіне де қатысты, олар: әскери құрмет
(Kriegsehre) және әскери жасақтың олжасы, "spoils" (жеңген партия мүшелерінің арасында
мемлекеттік мансаптарды бөлісу (ағылш.) - Баспа); мансапқа монополияның арқасында
үстемдік астындағыларды қанау, демагог нөкерлері үшін саяси пайда мен
қанағаттандырылған атаққұмарлық.
Нақ шаруашылық кәсіпорнындағыдай, кез-келген зорлық-зомбылықты үстемдікті сақтау
үшін белгілі бір сыртқы материалдық құралдар талап етіледі. Қазір барлық мемлекеттік
құрылыстарды олардың негізінде жатқан принципке сәйкес былай бөлуге болады: не бүл
штаб - шенеуніктер немесе билік иесі мойынсұнуына үміт артуға мүмкіндігі болуға тиіс
кім болса да ақша, ғимараттар, әскери техника, автопарктар, жылқылар немесе басқа да
нәрселер секілді басқару құралдарының дербес меншік иесі болады: не басқару штабы осы
заманғы капиталистік кәсіпорын ішіндегі қызметшілер мен пролетариат өндірістің заттай
құралдарынан "шеттетілгені" секілді мағынада басқару құралдарынан "шеттетілген"
болады. Яғни билік иесі басқаруды кәсіпорынның заттай құралдарының меншік иесі
(өкілетті иелер) емес, бірақ қожайын жұмсаған жеке малайлары, не штаттағы шенеуніктер,
не жақсы көретін және сенген адамдары арқылы дербес және өз есебінен ұйымдастырып,
басқарады, не тікелей қарама-қарсы нәрсе орын алады. Бүл айырмашылық өткеннің
барлық басқару ұйымдарында бар.
Басқарудың материалдық құралдары толығымен немесе ішінара тәуелді басқару
штабының жүгенсіздігіне бағындырылған саяси одақты біз "сословиелік" жағынан
бөлшектелген одақ деп атаймыз. Мысалы, вассалдық одақтағы вассал өзіне лен ретінде
берілген округін басқаруға және әділ қазылыққа жұмсалатын шығындарды өз қалтасынан
төлейтін, соғыс бола қалған жағдайда өзін қару-жарақпен және азық-түлікпен өзі
қамтамасыз ететін; оның вассалдары да соны істейтін. Мұның, әрине, сеньордың (Неrr)
құдіреттілігіне зардабы тиетін, өйткені оның құдіреттілігі, тек жеке адалдық одағына және
вассалдың ленге ие болуы мен оның әлеуметтік абройының "заңдылығы" сеньордың
қолында екендігіне негізделетін.
Бірақ барлық жерде, ең ерте саяси құрылыстарға дейін, біз қожайынның (Неrr) тікелей
өзінің басқаруын да: тікелей өзіне тәуелді, бейнетінің зейнеті үшін қожайынның өзінің
қоймаларынан азық-түлік, ақша алатын құлдар, үй қызметшілері, малайлар, жақсы көретін
адамдары мен кіріс әкелетін орындардың иелері арқылы басқаруын ұшыратамыз, ол
басқаруды уысында ұстауға, қаражатты өзінің қалтасынан, өзінің мал-мүлкінен түсетін
табыстан төлеуге, өзінің қоймаларынан, магазиндерінен, қару дүкендерінен қаруланып,
ішіп-жеммен жабдықталғандықтан тек өзіне ғана тәуелді жеке әскер құрып алуға
тырысады.
"Сословиелік" одақта сеньор өзінің үстемдігін дербес "аристократияның" көмегімен
жүзеге асырса, яғни онымен үстемдікті бөліссе, бұл арада ол не малайларға, не
плебейлерге - дүние-мүлкі жоқ, тол абыройдан айрылған, түгелімен соған бағынған және
тіпті де төл бәсекелес билікке сүйене алмайтын пенделерге сүйеніп, үстемдік етеді.
Патриархалдық және патримониалдық үстемдіктің, сұлтандық деспотия мен
бюрократиялық мемлекеттік құрылыстың барлық пошымдары осы типке жатады. Әсіресе
бюрократиялық мемлекеттік құрылыс, яғни өзінің ұтымды пошымында осы заманғы
мемлекетке де және нақ соған тән.
Барлық жерде осы заманғы мемлекеттің дамуы мынадан басталады: князь басқару
билігінің басқа дербес "жеке" иелерін, яғни басқару кәсіпорындары мен әскери