Қазақстанның ашық кітапханасы
222
Шын болмыста бағынуды қорқыныш пен үміттің төтенше өрескел сарындары - тылсым
күштердің немесе әміршінің кек алуынан қорқыныш, бақида немесе пәниде есесінің
қайтуына үміт - және сонымен бірге барынша сан алуан мүдделер туындайтыны түсінікті.
Бұған біз қазір ораламыз. Бірақ егер мұндай мойынсұнудың "заңдылығы" неге
негізделгенін анықтауға тырыссақ, онда, әрине, оның көрсетілген "таза" үш типімен
бетпе-бет келесің. Ал заңдылық жөніндегі осынау түсініктердің және олардың іштей
негізделуінің үстемдік құрылымы үшін маңызы зор. Рас, шын болмыста таза типтер сирек
кездеседі. Бірақ біз бүгін осынау таза типтердің өте бытысып кеткен өзгерістерін,
өткелдерін және комбинацияларын егжей-тегжейлі талдап жата алмаймыз: ол "мемлекет
жөніндегі жалпы ілім" проблемаларына қатысты.
Аталмыш жағдайда бізді ең алдымен олардың екіншісі: "көсемнің" таза жеке
"харизмасына" бағынатындардың берілгендігіне негізделген үстемдік қызықтырады.
Өйткені ең жоғары мағынасындағы бейімділік (Benif) жөніндегі ойдың түбірі осында
жатыр. Пайғамбардың немесе соғыста көсемнің харизмасына, немесе халық жиналысында
(Ekklesia) яки парламентте әйгілі демагогтың харизмасына берілгендік, ондай тұрпатты
адамдардың іштей "шақырылған" басшысы деп саналатынын, жұрт оған салтқа немесе
нұсқауларға байланысты емес, оған сенетіндіктен бағынатындығын білдіреді. Рас,
"көсемнің" өзі, егер ол шектеулі әрі атаққұмар ысқаяқ біреу болмаса, оз ісімен
тыныстайды, "өзінің еңбегін аяқтауға асығады". Оның жақтастарының: апостолдарының,
мүридтерінің, тек соған ғана берілген партия өкілдерінің адалдығы нақ көсемнің
тұлғасына және оның қасиеттеріне қатысты болады. Өткен замандардағы аса маңызды екі
фигураны: бір жағынан, сиқыршы мен пайғамбарды, екінші жағынан таңдап алынған
князь-әскербасын, банда басшысын, кондотьерді алсақ - көсемдік құбылыс ретінде барлық
тарихи дәуірлер мен барлық аймақтарда кездесетіндігін көреміз. Бірақ Батыстың бір
ерекшелігі (біз үшін неғұрлым маңыздысы да осы), тек Батысқа, ең алдымен Жерорта
теңізі мәдениетіне тон қала-мемлекет топырағында өмір сүрген еркін "демагог"
бейнесіндегі, кейіннен тағы да тек Батыста тамыр жайған конституциялық мемлекеттің
топырағында өсіп шыққан парламенттік "партия көсемі" бейнесіндегі саяси көсемдік
болып табылады.
Әрине, саяси күрес механизміндегі басты фигуралар тек сөздің тол мағынасындағы
"шақырылу" пәрменімен шыққан саясаткерлер ғана болған жоқ. Бірақ бүл арада солардың
қолындағы көмекші құралдар ең жоғары дәрежедегі шешуші ролді ойнайды. Саяси үстем
күштер өз мемлекетінде қалай орныға бастайды? Аталмыш сұрақ үстемдіктің қандай
тегіне де, яғни оның барлық пошымдарындағы: дәстүрлі, сондай-ақ заңды да, харизмалы
да пошымдарындағы саяси үстемдікке де қатысты.
Тұрақты басқаруды талап ететін кәсіпорын (Herrschafs-betrieb) ретінде кез-келген
үстемдік, бір жағынан, адамның мінез-құлқын заңды зорлық-зомбылық иесі болудан
дәмелі мырзаларға бағынуға ыңғайлауды, екінші жағынан - сол бағыну арқылы, - қажет
бола қалған жағдайда тәндік зорлық-зомбылықты қолдану үшін керек болатын
нәрселерге: жеке басқару штабы мен басқарудың заттай (sachlichen) құралдары
қарамағында болуын талап етеді.
Сыртқы көрінісінде саяси үстемдік кәсіпорын болып табылатын басқару штабы, барлық
басқа кез-келген кәсіпорын секілді қожайынға әрине, жаңа ғана соз болған заңдылық
туралы түсінікпен ғана маталмайды. Оның бағынуы жеке мүддеге жүгінетін екі құралдан:
материалдық сыйақыдан және әлеуметтік құрметтен (Еһrе) туындайды. Вассалдардың
лендері (вассал өзінің сеньорынан қызметі үшін алатын жер мен белгілі бір кірістер - Ред.)
мұрагер шенеуніктердің кіріс беретін мансаптары, осы заманғы мемлекеттік
қызметшілердің жалақысы, рыцарлық абырой (Ritterehre), сословиелік артықшылықтар,