Қазақстанның ашық кітапханасы
221
әлеуметтанушылық анықтамасын, сайып келгенде, кез-келген саяси одақ секілді, ол
қолданатын өзіндік құрал тәндік зорлық-зомбылыққа сүйеніп қана беруге болады. "Кез-
келген мемлекет зорлық-зомбылыққа негізделген", - деген өз кезінде Троцкий Брест-
Литовскіде. Және бұл шынында да солай. Тек егер зорлық-зомбылық құрал ретінде
білмейтін әлеуметтік құрылымдар бар болса, онда "мемлекет" ұғымы жайына қалар еді,
онда сөздің ерекше мағынасында "анархия" деп атауға болатын нәрсе орнар еді. Әрине,
зорлық- зомбылық мемлекеттің қалыпты немесе бірден-бір құралы емес - бұл туралы жақ
ауыртпаймыз, - бірақ ол, тегінде, сол үшін өзіндік ерекше құрал. Нақ мына заманда
мемлекет зорлықпен ерекше етене (innerlich). Өткен замандарда - рудан бастап әрқилы
одақтарға тәндік зорлық-зомбылық әбден қалыпты құрал ретінде белгілі болатын. Бұған
қарама-қарсы бүгін біз мынаны айтуға тиіспіз: мемлекет дегеніміз адамдардың белгілі бір
аумақтың ішінде - "аумақ" нышанға жатқызылып отыр, — заңды тәндік зорлық-
зомбылыққа монополиядан дәмететін (және ойдағыдай) қоғамдастығы. Өйткені, біздің
дәуірді сипаттайтын бір нәрсе - тәндік зорлық-зомбылық жасау құқығы барлық өзге
одақтарға немесе жекелеген адамдарға мемлекет оз тарапынан бұл зорлыққа қаншалықты
мұрсат беретін шамада ғана делінеді: зорлық-зомбылық жасау "құқығының" бірден-бір
көзі мемлекет деп саналады.
Сонымен, "саясат" дегеніміз қай жағынан таразыласақ та, мемлекет арасында болсын,
мемлекет ішіндегі ол қамтитын адамдар топтарының арасында болсын, билікке қатысуға
немесе билік бөлінісіне ықпал жасауға ұмтылыс деген сөз.
Шын мәнінде мұндай түсіну сөз қолданысына да сәйкес келеді. Егер әлдебір мәселе
жөнінде - бұл "саяси" мәселе, министр немесе шенеунік жөнінде - бұл "саяси" шенеунік,
кейбір шешімдер жөнінде - ол "саяси" негізделген делінсе - сол арқылы, билікті әрқашан
бөлісу, сақтау, озгерту мүдделері аталған сұраққа жауап үшін анықтаушы болып
табылады, немесе сол шешімнің жасалуының шарты болып табылады, немесе тиісті
шенеуніктің қызмет өрісін анықтайды деген нәрсе көкейде тұрады. Кім саясатпен
айналысса, сол билікке ұмтылады: не басқа мақсатқа (мұраты немесе эгоистік)
бағындырылған құрал ретіндегі билікке, не сол биліктің "өзі үшін", ол беретін бедел
сезімінен ләззат алу үшін ұмтылады.
Мемлекет, те, тарихи жағынан содан бұрын болған саяси одақтар да адамдардың
адамдарға үстемдік қатынасы, ол заңды (яғни заңды деп саналатын) зорлық-зомбылыққа
құрал ретінде сүйенеді. Осылайша, ол бар болуы үшін үстемдік астындағы адамдар қазір
үстемдік ететіндер дәмететін беделге бағынуға тиіс. Олар қашан және неліктен солай
істейді? Үстемдікті ақтайтын ішкі негіздер қандай және қандай сыртқы құралдар оған
тірек болады?
Принципінде іштей ақтаудың, яғни заңдылық негіздерінің үш түрі бар. Біріншіден, бұл
"мәңгілік кешегінің" беделі: бағзы маңыздылығымен және оларды сақтауға үйреншікті
бағдарлануымен киелі көрінетін ғұрыптар беделі, - патриарх және көне тұрпаттағы
патримониалды князь жүзеге асырып келген "дәстүрлі" үстемдік. Одан әрі, әдеттегіден
тыс жеке дарынның беделі (Gnadengabe) (харизма), әлдебір адамда көсемдік
қабілеттердің: аян алу, батырлық және басқа қабілеттердің болуынан туындайтын толық
жеке берілгендік және жеке сенім - пайғамбар, немесе - саяси салада - сайланған князь -
әскербасы, немесе халық сайлаған әмірші, әйгілі демагог және саяси партия көсемі жүзеге
асыратын харизмалық үстемдік. Ақыр соңында, ұтымды жасалған ережелермен
негізделген "заңдылықтың" пәрменімен заңды нұсқаудың (Satrzung) және іскерлік
"білгірліктің" міндеттілігіне сенім пәрменімен болатын, яғни белгіленген ережелерді
орындау кезінде бағынуға бағдарланған үстемдік - осы заманғы "мемлекеттік қызметші"
мен осы тұрғыдан соған ұқсайтын билік иелерінің бәрі жүзеге асыратын түрдегі үстемдік.