Қазақстанның ашық кітапханасы
220
терминология мағынасында) тұрғыдан, сондай-ақ қылмыстық немесе азаматтық құқық
санкциялары немесе полицияның араласуы арқылы заңдық тұрғыдан беріле алады.
Әлеуметтанушылық мағынасындағы шын маңызды этикаға көп жағдайда әдетте оны бұзу
мақұлдамау туғызуы мүмкін екендігімен кепілдік беріледі, яғни шарттық тұрғыдан
кепілдік беріледі. Алайда, барлық шарттық немесе заңдық тұрғыдан кепілдік берілген
жүйелердің бәрі бірдей (бері салғанда, міндетті емес) этикалық нормативтіктен дәмелене
бермейді, және де бірқатар жағдайларда өзінің сипаты жағынан ұтымды-мақсатты
құқықтық кепілдікке шарттық кепілдіктерден әлдеқайда кем дәрежеде дәмеленеді. Белгілі
бір топта таралған маңыздылық туралы түсінікті "этика" аясына жатқызу керек пе, әлде
керегі жоқ па (яғни соңғы жағдайда оны "жай ғана" шарттылық немесе "жай ғана" құқық
нормасы ретінде қарастыру керек пе) деген мәселе эмпириялық әлеуметтану үшін тек
"этикалықтың" қай ұғымы аталмыш адамдар тобында құлықты іс жүзінде анықтағанына
немесе анықтайтынына сәйкес шешіледі. Сондықтан бұл арада ешқандай жинақтаудың
болуы мүмкін емес.
Қазақшалаған
әлеуметтану магистрі
Құралай ӘБСЫДЫҚОВА.
Макс ВЕБЕР
САЯСАТ БЕЙІМДІЛІК ӘРІ КӘСІП РЕТІНДЕ
Сіздердің тілектеріңізбен мен баяндама жасауға тиіспін, алайда, бұл баяндама бірнеше
жағынан сіздерге ұнай қоймайды. Бейімділік әрі кәсіп ретіндегі саясат жөніндегі
әңгімеден сіздер өзекті мәселелер жөнінде пікірлер мен бағаларды ырқыңыздан тыс
күтетін боласыз. Бірақ бұл туралы біз тек соңғы жағында ғана, таза формальді түрде,
өмірдің барлық жүргізілуіндегі (Lebensfuhrung) саяси қызметтің мәніне қатысты белгілі
бір сұрақтарға байланысты айтамыз. Бүгінгі баяндамадан нақ қандай саясат жүргізу керек,
ендеше өзіңнің саяси қызметіне қандай мазмұн беру керек дегенге қатысты сұрақтардың
барлығы алынып тасталуға тиіс. Өйткені бейімділік әрі кәсіп ретіндегі саясат дегеніміз не
және ол нені білдіреді деген ортақ сұраққа олардың ешқандай қатысы жоқ. Сонымен, іске
кіріселік!
Біз саясат дегенді қалай түсінеміз? Бұл ұғымның мағынасы өте кең және дербес басшылық
ету жөніндегі қызметтің барлық түрлерін қамтиды. Банктердің валюталық саясаты
жөнінде, Империялық банктің дисконттық саясаты жөнінде, кәсіподақтың ереуіл кезіндегі
саясаты жөнінде айтып жатады; қала немесе ауыл қауымының мектеп саясаты,
корпорация басқаратын басқарманың саясаты, ақырында, тіпті, күйеуін билеп-төстеуге
ұмтылған ақылды әйелдің саясаты туралы айтуға болады. Әрине, қазір біз
толғамымыздың негізі етіп соншалық кең ұғымды алмаймыз. Аталмыш жағдайда біз тек
саяси одаққа, яғни бүгін таңда - мемлекетке басшылық жасау жөнінде немесе басшылық
жасауға ықпал туралы ғана айтпақпыз.
Бірақ әлеуметтанушылық толғам тұрғысынан алғанда "саяси" одақ дегеніміз не?
"Мемлекет" дегеніміз не? Мемлекетке оның қызметінің мазмұнына сүйеніп
әлеуметтанушылық анықтама бере алмайсың ғой. Саяси одақ ана жерде де, мына жерде де
орындалуын өз қолына алмайтын міндеттер жоқтың қасы; екінші жағынан, қандай
кездерде болсын толығымен, яғни тек қана "саяси" деп аталатын одақтарға, яғни бүгіндері
мемлекетке, немесе тарихи жағынан осы заманғы мемлекеттерден бұрын болған одақтарға
ғана тән деуге болатындай міндет те жоқ. Керісінше, осы заманғы мемлекеттің