Қазақстанның ашық кітапханасы
219
2. Аталмыш жағдайда біз "құқық" ұғымы үшін (басқа мақсаттар үшін мүлдем өзге түрде
айқындала алатын) шешуші нәрсе мәжбүрлеудің арнайы тобының болуы деп санаймыз.
Ол, әлбетте, біз қазір дағды алып кеткен нәрсеге мүлдем ұдайы ұқсас болмауға тиіс. Ең
алдымен, сот инстанциясының болуы мүлдем міндетті емес. Ондай топ, егер оның
реакциясы үшін қандай да бір жүйенің нұсқаулары шынында да маңызды болса, мысалы,
"ру" (қанды кек және "файд" мәселелерінде) бола алады. Айтпақшы, бүл әлі "заңды
мәжбүрлеу" деп санауға болатын нәрсенің ең өрескел оқиғасы. Халықаралық құқық,
мемлекеттен жоғары мәжбүрлеуші өкіметтің болуымен кепілдік жасалмағандықтан,
көбіне-көп "құқық" деп танылмағаны белгілі. Бүл арада қабылданған (орындылық
тұрғысынан) терминология үшін сырттан берілетін кепілдік тек жазғыру мен жазалауды
күтумен - демек, шарттық және мүдделердің тоқайласуы - шектелетін тәртіп - қарекеттері
оны сақтауға арнайы бағытталған адамдар тобының жоқтығы, "құқық" ретінде анықтала
алмайды. Заңдық терминология шеңберінде бүл анықтама қарама-қарсы болуы әбден
ықтимал.
Бүл арада мәжбүр ету құралдары релевантты емес. Оған тіпті бірқатар секталарда
күнәһарларға шамалап ықпал жасаудың алғашқы шарасы ретінде қабылданған, "бауырлық
ескерту" де жатады, тек ол белгілі бір ережеге негізделіп, адамдардың арнайы тобымен
жасалса болғаны. Цензорлар айтқан жазғыру туралы, егер ол құлықтың "инсанияттық"
нормаларына кепілдік беру құралы қызметін атқарса, одан да әрі шіркеу жүзеге асыратын
моральдық мәжбүрлеу туралы да нақ соны айтуға болады. Демек, "құқық" иерократиялық
немесе саяси бола алады, оған қандайда бір бірлестіктің статуттары немесе әулет
басшысының беделі, қоғамдастықтар немесе ассоциациялар кепілдік бере алады. Осынау
тұжырымдамалық анықтауыш шеңберінде студенттер құлқы ережелерінің жиыны да
"құқық" мәніне не болады. Оған азаматтық құқықтың поцессуалдық нормалары
жинағының 2-параграфының 888-ші секциясында көзделген, құқықтық санкциямен
қамтамасыз етілмеген жағдайлар да жатады. "
Leges imperfectae
" және сот тарапынан
жазаланбайтын міндеттемелер категориясы шындап келгенде заң тілінің пошымдары,
оларда мәжбүрлеуді қолданудың шекарасы немесе шарты жанама түрде анықталған.
Зорлап енгізілген жол ережесі бұл мағынада - құқық (Азаматтық заңдар жинағының 157,
242-параграфтарын қараңыз).
3. Маңызды тәртіптің оз сипаты жағынан жалпылама, абстрактылы болуы міндетті емес.
Маңызды "құқықтық жағдай" және "сот шешімі" нақты жағдайда бүгінде әбден табиғи
нәрсе болып көрінетіндей бір-бірінен әркез бөліп-бөліп көрсетіле бермеген. Сол себепті
"жүйе" бір нақты жеке жағдайға қолданыла алады. Қалғанының барлығы құқық
әлеуметтануына жатады. Біздің топшылауымызша, ең орындысы құқықтық ережелердің
сот шешіміне қатынасы жөніндегі осы заманғы түсініктерді қолдану (егер кері нәрсе
ерекше бөліп көрсетілмесе).
4. "Сырттан" кепілдік берілген жүйелерге, "іштен" де кепілдік беріле алады. Құқық,
шарттылық және этика арасындағы өзара қатынас әлеуметтану үшін проблема емес.
Әлеуметтану "әдемі" баяндауышын қолданатын құлық өзінің анықтауышына эстетикалық
өлшем реңкін беретіні секілді, адамдардың өзіндік ерекше құндылықты-ұтымды сенімі
адами құлықтың нормасы қызметін атқаратын инсанияттық тұрғыдан "жақсы" деген
баяндауышты пайдаланатын өлшемді "этикалық" деп санайды. Бұл мағынада этикалық
нормативтік түсініктер қандай да бір сыртқы кепілдіксіз-ақ адамдардың құлқына өте
күшті ықпал ете алады. Мұндай нәрсе әдетте көрсетілген нормаларды бұзу өзгелердің
мүдделеріне елеулі нұқсан келтірмейтін кездерде болып жатады. Алайда нормалардың
сақталуына көбіне-көп кепілдік береді; оларға кепілдік олардың бұзылғаны үшін әдетте
жазғыру немесе бойкот жариялау арқылы шарттық (осы арада пайдаланылған