Қазақстанның ашық кітапханасы
218
(белгілі жағдайда). Әлеуметтану үшін сол түсінікке бағдарланудың нақ осындай
мүмкіндігі дегеніміздің өзі маңызды тәртіп болып табылады.
VI. ЗАҢДЫ ТӘРТІПТІҢ ТИПТЕРІ: ШАРТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
I. Тәртіптің заңдылығына тек іштей кепілдік беріле алады, атап айтқанда:
1. таза аффекті: эмоциялық берілгендікпен;
2. құндылықты-ұтымды: аса асқақ даусыз құндылықтарды (инсанияттық, эстетикалық
немесе қандай да бір өзге) білдіру ретінде тәртіптің абсолютті маңыздылығына сеніммен;
3. діни: игілік пен құтқарылудың молшылыққа, сол тәртіптің сақталуына тәуелділігіне
сеніммен.
II. Тәртіптің заңдылығына сондай-ақ (немесе тек) өзіндік ерекше сыртқы салдарларды
күтумен, (демек, мүддемен) кепілдік беріле алады, және де бұл күтудің тегі ерекше.
Тәртіп деп біз мыналарды айтамыз:
а) шарттылық, егер оның маңыздылығына кез-келген ауытқу адамдардың белгілі бір
тобының ішінде (салыстырмалы) ортақ және практикалық жағынан айтарлықтай
жазғырылу мүмкіндігі мен сырттай кепілдік берілсе; ә) құлық, егер тәртіпті күзету немесе
оның күшінде болуының бұзылуының күш қолдану арқылы алдын алу тікелей құзырына
жататын адамдардың ерекше тобы жүзеге асыратын (моральдық немесе тәндік)
мәжбүрлеу мүмкіндігімен сырттай кепілдік берілсе.
1. Шарттылық деп біз белгілі бір адамдар арасында "маңызды" деп саналатын және одан
ауытқудың мүмкін еместігіне жазғырумен кепілдік берілетін "салтты" атаймыз. Құқықтан
(сөздің біз қабылдаған мағынасында) өзгеше бүл арада мәжбүрлеуді жүзеге асыратын
адамдардың арнайы тобы жоқ. Егер Штаммлер шарттылық пен құқық арасындағы
айырмашылық өлшемін алғаусыз "ерікті" бағынудан көрсе, мұның өзі сөздің әдеттегі
қолданылуына сәйкес келмейді және оның төл мысалдарымен қуатталмайды.
"Шарттылықты" (сөздің әдеткі мағынасында) басшылыққа алу, яғни сәлем берудің,
киімнің қабылданған мәнерін бұзбау, сұхбаттасуда пошымы мен мазмұны жағынан белгілі
бір шекараны ұстау қажеттігі қабылданған үлгілерге міндетті түрде сәйкестік ретінде
индивидтен мықтап күтіледі және салт индивидқа өз тамағын өз қалауынша таңдауға
мүмкіндік беретіні секілді тіпті де оның бостан шешіміне берілмейді.
Шарттылық (мысалы, "кәсіптік этика") бұзылған кезде бір кәсіптегі адамдар тарапынан
жасалатын әлеуметтік бойкот сот үкімі шығаруы мүмкін жазаға қарағанда көбіне
әлдеқайда пәрменді де жанға бататын болып шығады. Бұл арада тек мойынсұнушылыққа
кепілдік беретін арнайы адамдар тобы (бізде олар - қазылар, прокурорлар, шенеуніктер,
сот үкімін орындаушылар және т.б.) жоқ. Алайда бұл шекара дәл нобайлана алмайды.
Жүйеге құқықтық кепілдікке айналып кететін шартты кепілдіктің шекаралық оқиғасы
нағыз ұйымдастырылған бойкот қатері болып табылады. Біздің терминологиямызда бұл
заңдық мәжбүрлеу құралы. Аталмыш жағдайда бізді тек жазғыру ғана емес, басқа да
құралдар (мысалы, адамдардың аталмыш тобында қабылданған шарттылықты бұзатын
құлық тұсында үй қожайыны құқығын пайдалану) шарттылық кепілі бола алатыны
қызықтырмайды. Бұл арадағы шешуші нәрсе, осындай (көбіне қатаң) мәжбүрлеу
шараларын осыған арнайы тағайындалған адамдар тобы емес, нақ шарттық жазғырушы
ретінде бір адам қолданады.