Page 217 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
217
Ұры, өзінің қылығын жасағанда, қылмыстық құқық заңдарының маңыздылығына
бағдарланады. Оның өз қылығын жасыруға мәжбүр болатыны, белгілі бір ортада тәртіп
өзінің "маңыздылығын" сақтай береді. Алайда, осынау шекаралық жағдайды былай қоя
тұрғанның өзінде мына нәрсе айдан анық: тәртіпті бұзу көбіне-көп азды-көпті толып
жатқан ішінара теріс қылықтармен шектеледі немесе сол тәртіп бұзуға азды-көпті
сенімділікпен заңдылық бейнесін беруге тырысады. Бірақ, осы жүйенің мағынасын
шынында әрқилы ұғыну бар; сонда олардың әрқайсысы әлеуметтану үшін нақты құлықты
анықтау шамасына қарай "маңызды". Адамдардың бір ғана тобының ішінде бір-біріне
қайшы келетін жүйелердің маңыздылығы қатар өмір сүретінін мойындау әлеуметтанушы
үшін қиын емес. Тіпті жекелеген индивид те өзінің қарекеттерін бір-біріне қайшы
жүйелерге бағдарлай алады л<әне мұны күн сайын болып жататынындай, кезектестіріп
қана емес, бір ғана қарекет аясында істей алады. Дуэльге қатысатын адам өз құлқын
намыс кодексіне бағдарлайды, өзінің қарекетін жасырып немесе, керісінше, сот алдына
келіп, ол қылмыстық заңдарды бағдар етеді. Рас, әрине, егер қандайда бір тәртіптің
мағынасын айналып өту немесе бұзу (орташа қабылданған деңгейде) ережеге айналса,
ондай тәртіптің маңыздылығы шектеулі сипатқа ие болады немесе толық жойылады.
Демек белгілі бір тәртіптің маңыздылығы немесе маңыздылығының болмауы
әлеуметтануда да, даусыз мақсаттары бар юриспруденцияда орын алатыны секілді,
абсолютті балама болып табылмайды. Керісінше, бұл арада екі жағдай арасындағы
шекаралар өшіп кеткен; біз жоғарыда атап көрсеткендей, бір-біріне кереғар жүйелер бір
мезгілде "маңызды", олардың әрқайсысы - құлықтың шынында да соған бағдарлануының
ықтималдығы орын алатын шамада "маңызды" бола алады.
Аталмыш мәселе жөніндегі әдебиетпен таныс адам Р. Штаммлердегі "тәртіп" ұғымын еске
түсіреді, біз оны оның барлық еңбектері секілді, тамаша жазылған кітабына ілкі
ескертпелерімізде келтірген болатынбыз, алайда ол бүл проблеманы мүлдем қате әрі
шатыстырып қарастырады. Штаммлер эмпириялық маңыздылық пен нормативтік
маңыздылықты бөліп көрсетпегені былай тұрсын, одан да сорақысы, әлеуметтік құлық тек
"тәртіпке" ғана бағдарланбайтынын түсінбейді; Ең алдымен онда тәртіп, қисын жағынан
мүлдем орынсыз, әлеуметтік құлықтың "пошымына" айналып кетеді, одан кейін оған
мазмұнға қатысты теориялық-танымдық мағынада "пошым" ойнайтын рөл теліне салады
(Біз бүл арада басқа қателіктерге тоқталып жатпаймыз).
Шынында да, шаруашылық қызмет, мысалы, (бірінші кезекте) (топшыланатын)
қажеттіліктерді қанағаттандырудың белгілі бір құралдарының қажеттіліктерімен
салыстырғанда мардымсыздығы туралы түсінікке және сол құралдарға ие үшінші бір
адамдардың қазіргі және болашақтағы топшыланатын құлқына бағдарланады. Алайда бұл
орайда шаруашылық қызмет өз құралдарын таңдауда, әрине, мұның үстіне заңдар мен
шарттылықтар ретінде маңыздылығы қарекет жасайтын адамға белгілі "тәртіптерге"
бағдарланады, яғни оған оларды бұзу үшінші бір адамдардың белгілі бір реакциясын
туғызатыны белгілі. Осынау өте қарапайым эмпириялық іс жағдайын Штаммлер алғаусыз
бытыстырып алды және, атап айтқанда, жүйе мен нақты қылық арасындағы каузалдық
қатынас тұжырымдамалық тұрғыдан мүмкін емес деп жариялады. Жүйенің заңдық
тұрғыдан догматтық, нормативтік маңыздылығы мен эмпириялық құбылыс арасында
шынында да каузалдық қатынас жоқ; бүл арада тек мынадай сұрақтар тууы мүмкін:
аталмыш эмпириялық құбылыс (дұрыс тәпсірленген) тәртіпке заң жүзінде "жата" ма? Ол
үшін ол (нормативті) маңызды деп саналуға тиіс пе? Және "иә" десек, ол одан нормативті
маңызды нәрсе ретінде нені талап етеді? Құлықтың қалай болған күнде де орташа
түсінілген тәртіптің маңыздылығы туралы түсінікке бағдарлануының мүмкіндігі мен
экономикалық құлық арасында сөздің ең әдеттегі мағынасында каузалдық қатынас бар