Page 216 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
216
бар екенімен санасып, өз құлқында оны басшылыққа алып жүргенде, ол әрқилы үлкенді-
кішілі қолайсыздықтар мен ыңғайсыздықтарды бастан кешіруге әзір болуға тиіс.
Мүдделер тоғысының тұрақтылығы осыған ұқсас түрде сондай-ақ мынаған негізделген:
өзінің құлқында өзгелердің мүдделеріне бағдарланбайтын - олармен "санаспайтын" -
индивид олардың қарсы қарекетіне тап болады немесе өзі қаламайтын және
топшыламаған нәтижеге ұшырап, соның салдарынан оның төл мүдделеріне нұқсан
келтірілуі мүмкін.
V. ЗАҢДЫ ТӘРТІП ҰҒЫМЫ
Құлықты, әсіресе әлеуметтік құлықты, сондай-ақ әлеуметтік қатынастарды индивидтер
өздерінің заңды тәртіп бар екендігі жайлы түсінігіне бағдарлай алады. Мұндай бағдарлану
мүмкіндігін біз аталмыш тәртіптің "маңыздылығы" деп атайтын боламыз.
1.Тәртіптің "маңыздылығы" дегенде салттан немесе мүдделер тоғысынан туындайтын
әлеуметтік құлықтың жай ғана бірізділігінен биіктеу тұратын әлденені түсінуіміз керек.
Егер жиһаз таситын агенттіктер өзінің қызметін үнемі топшыланатын көшіп-қону
уақытында ұсынса, осындай жүйелілік олардың мүддесіне негізделген. Егер бақалшы өз
клиенттеріне айдың немесе аптаның белгілі бір күнінде келіп тұрса - бұл ұзақ әдеттің
нәтижесі, яки сондай-ақ оның мүдделілігінің (осы саладағы затқа ақшалай айналым)
көрінісі. Алайда, егер шенеунік кеңсесіне күн сайын белгілі бір сағатта келіп жүретін
болса, онда оның мұндай құлқы тек әдеттен (салттан) және тек ол қаперге алуы немесе
алмауы мүмкін (әрине, бүл сәттер мұнда маңызды рол ойнайды) төл мүдделерден
туындамаған; әдетте, бүл ол үшін жүйенің (қызмет тәртібі) "маңызынан" туындаған, ол
"маңыздылық" тиісті талаптан көрінеді, ол талапты бұзу оған зиянын тигізіп қана
қоймайды, (көп жағдайда) оның ұтымды құндылық ретіндегі "парыз сезімімен" де (көп
немесе кем дәрежеде) үйлеспейді.
2. Біз әлеуметтік қатынас мазмұнын, құлық (орташа және шамамен) анық белгіленген
максимаға (негізгі ережеге) бағдарланса ғана "тәртіп" деп атаймыз. Осынау максималарға
тек іс жүзінде бағдарлану ішінара болса да (яғни ол практикалық рөл ойнай алатын
дәрежеде) олар индивидтің құлқы үшін маңызды, яғни ол үшін міндетті деп саналатын
немесе оған еліктеуге лайық үлгі қызметін атқаратын жағдайда ғана біз "тәртіптің"
маңыздылығы туралы айта аламыз. Ал шын болмыста қарекет жасайтын адамдар
бағдарының негізінде әрқилы сарындар жатады. Алайда мына бір факт, басқа бір
сарындармен қатар, жүйенің талаптары тым болмағанда бірқатар адамдар үшін үлгі және
олардың қызметі үшін міндетті шарт қызметін атқаратыны, яғни солар үшін
маңыздылығын сақтайтыны, құлықты аталмыш тәртіпке бағдарлау ықтималдығын
(көбіне-көп айтарлықтай дәрежеде) ұлғайтады.
Орнықтылығы тек ұтымды мақсатты сарындарға негізделген тәртіп, тұтас алғанда белгілі
деңгейде бағдары тек салтқа, белгілі бір құлыққа (іштей қатынастың ең көп таралған типі)
бағдарланған тәртіптен әлдеқайда тұрақсыз. Алайда бұлардың соңғысы мызғымас талап
қоятындықтан және құлық үлгісін белгілейтіндіктен, беделге не тәртіппен, яғни " заңды"
тәртіппен салыстыруға келмейтін дәрежеде тұрақсыз. Шын болмыста, тәртіпке таза
дәстүрлі немесе таза ұтымды-құндылықты сарындалған бағдарлау мен оның заңдылығына
сенім арасында анық шекара жоқ екендігі айдан анық.
3. Құлықты тәртіптің "маңыздылығына", әрине, оның (орташа түсінілген) мағынасынан
"айнымаудан" басқа да жолмен бағдарлауға болады. Тіпті сол (орташа түсінілген)
мағынадан "аттап" өткен немесе саналы бұзған жағдайларда да, тәртіп қандай да бір
шамада өзінің маңыздылығын (міндетті норма ретінде) сақтау мүмкіндігімен бірқатар
жағдайларда құлыққа ықпал ете береді. Ең алдымен таза ұтымды мақсатты пиғылдардан.