Қазақстанның ашық кітапханасы
215
1. Ғұрыпқа "мода" да жатады. "Мода" құлыққа, бағдарлану себебі құлықтағы әлдене "жаңа
бірдеңе" болған жағдайда (салт туралы айтылғанға кері жағдайда) телінетін болады. Мода
"шарттылыққа" жақын, өйткені шарттылық секілді ол (көбіне) сословиелік абыройлы
мүдделермен байланысты. Біз бұл арада осы мәселемен кеңірек айналыспаймыз.
2. "Шарттылық" пен "құқықтан" өзгеше "салт" деп біз, қарекет жасайтын адам іс жүзінде
ерікті түрде - әлде жай ғана "ойланып жатпастан", әлде "ыңғайлы" немесе қандай да бір
басқа себептермен - басшылыққа алатын, сыртқы жағдаймен кепілдік берілмеген ережені,
сол пікірлермен ол оны ұстануды сол топтың адамдарынан күте алатын ережені атайтын
боламыз. Бұл мағыналы салттар әлдене "маңызды нәрсе" бола алмайды; ешкім олардың
орындалуын талап етпейді. Осыдан шарттылық пен құқыққа өту, әрине дәл белгілене
алмайды. Дәстүрлер барлық жерде маңыздылық көзіне айналды. Қазіргі кезде азанғы асты
азды-көпті белгілі бір түрде ішу "қабылданған", алайда осы дәстүрді ұстануға ешкім де
"міндетті" емес (ресторанға келушілер болмаса); бірақ, бүл ылғи да қабылдана бермеген.
Керісінше, киіну мәнері, тіпті ғұрыппен байланысты шамасында, едәуір дәрежеде
шарттылыққа айналды.
3. Әлеуметтік құлықтағы көзге ұрып тұратын толып жатқан бірізділік көріністері ең
алдымен экономикалық құлықтағы көріністері тіпті де әлдене "маңызды" саналатын
нормаға бағдарлануымен емес, салтпен де емес, жай ғана мына фактымен түсіндіріледі:
әлеуметтік құлықтың аталмыш типі, шындап келгенде, орташа алғанда, индивидтердің
субъективті бағасы бойынша, олардың табиғи мүдделеріне бәрінен артық сәйкес келеді
және олар өзінің құлқын көзқарастар мен білімдерге бағдарлайды. Мысал ретінде "еркін"
базарда бағаның қалыптасуын келтіруге болады. Мүдделері базармен байланысты
индивидтер өздері "құрал" деп қарастыратын өздерінің құлқын "мақсат" ретінде өздерінің
типтік субъективті шаруашылық мүдделеріне және сол мақсатқа жету "шарты" ретінде
өзгелердің топшыланатын құлқынан күтетін соншалық типтік үмітіне бағдарлайды.
Олардың осылай қимылдауы барысында - олардың құлқы неғұрлым ұтымды-мақсатты
болған сайын, олардың аталмыш ахуалдарға реакциясы соғұрлым ұқсас бола түседі -
ұстаным мен құлықтың бірізділігі, жүйелілігі және ұзақтылығы пайда болады, олар белгілі
бір топта "міндетті" деп саналатын нормалар мен міндеттемелерге бағдарланған құлықтан
гөрі әлдеқайда мықты тұрақтылыққа ие. Тек өзінің және өзгелердің мүдделеріне
бағдарлану ғана, әдетте - көбіне текке - нормалардың көмегімен қол жеткізуге тырысатын
нәтиже беретін фактысы зерттеушілердің, ең алдымен экономика саласындағы
зерттеушілердің мұқият назарын аудартты. Нақ осы бақылау тіпті ғылым ретінде саяси
экономияның пайда болуына жол ашқан факторлардың бірі болды деп санауға болады.
Алайда көрсетілген құбылыстың маңыздылығы адами құлықтың барлық өзге өрістеріне де
таралады. Өзінің ұғындырылмаған және ішкі еркіндігімен бүл құбылыс бір жағынан
үйреншікті "салттармен" іштей байланыстылықтың барлық түрлеріне, екінші жағынан -
өзінің құндылығы жағынан ұтымды саналатын нормаларға бағынуға тікелей қарама-қарсы
тұрады. Құлықты "ұтымды етудің" елеулі компоненттерінің бірі - үйреншікті салттарды
іштей ұстануды мүдделерді тоғыстыруға жоспарлы дағдыланумен алмастыру болып
табылады. Әрине, құлықты "ұтымды ету" позитивті түрде - рационалдылықты ұтымды ету
бағытымен сапалы жүре алады немесе негативті түрде - салттарды ғана емес, аффекттілі
құлықты ығыстырып шыға алады, ақыр соңында құлықтар құндылықты ұтымдылығын
мойындамайтын таза мақсатты-ұтымды бағытта бет алады. Құлықты "ұтымды ету"
ұғымын тәпсірлеудегі мұндай көп мәнділікті біз алда талай рет кездестіреміз (бұл
құбылысты концепцияландыру кейінірек беріледі).
4. Салттың (сондай ретіндегі) тұрақтылығы, шындап келгенде, мынаған негізделген:
өзінің құлқында оған бағдарланбайтын индивид оның тобында "қабылданған" нәрсе
шеңберінен сырт қалып қояды, яғни оның айналасындағы адамдардың көпшілігі салттың