Page 212 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
212
ұғымы дегеніңіз әңгіме қарекет жасайтын адамдардың "ынтымағы" туралы болып отыр
ма, әлде тікелей қарама-қарсы жәйт туралы болып отыр ма, ол туралы ештеңе айтпайды.
2. Бұл арада әңгіме қатысушылар топшылаған эмпириялық мағына - нақты жағдайдағы,
нақты болмыс немесе орташа алынған нәрсе туралы "таза" типте конструкцияланған нәрсе
туралы болып отыр, бірақ ешқашан - нормативті "дұрыс" немесе метафизикалық "ақиқат"
туралы әңгіме болмайды. Әңгіме "мемлекет", "шіркеу", "қоғамдастық", "неке" және т.б.
секілді әлеуметтік құрылымдар жайында өрбігеннің өзінде әлеуметтік қатынас болады, әрі
ол толығымен, тек қана өзінің мағынасы бойынша өзгенің қарекетімен сәйкестендірілген,
айқындауға болатын қарекет болғанының, бар екендігінің және бола беретінінің
мүмкіндігінен тұрады.
Көрсетілген ұғымдарды субстанциялық түсіндіруге ұрынбау үшін мұны үнемі есте ұстау
керек. Парықталып бағдарланған әлеуметтік қарекеттердің белгілі бір типтерінің қызмет
ету мүмкіндігі жоғалған бойда, "мемлекет", мысалы, әлеуметтанушылық мағынада
тіршілік етуін "доғарады". Ондай мүмкіндік өте үлкен немесе барынша аз бола алады.
Алайда тек, осы мағынада және шамада ол шынында да (жуықтатылып) тіршілік еткен
немесе тіршілік етіп тұрған шамада ғана аталмыш әлеуметтік қатынас тіршілік еткен
немесе тіршілік ете береді. Қандай да бір мемлекет тіршілік етіп түр немесе тіршілік етуін
доғарды деген кесімді сөздің басқа ешқандай айқын мағынасының болуы мүмкін емес.
3. Біз өзінің құлқын бір-бірімен сәйкестендіретін индивидтер әлеуметтік қатынасқа бірдей
мағына береді немесе олардың әрқайсысы өзінің контрагентінің ұстанымының мағынасын
іштей қабылдайды, демек, бұл мағынада осы арада өзара түсіністік бар деп кесіп айтудан
тіпті де аулақпыз. Бір тарапқа тән "достық", "махаббат", "құрмет", "шартқа адалдық",
"ұлттық ортақтық сезімі" екінші тараптың тікелей қарама-қарсы ұстанымына тап болуы
мүмкін. Егер аталмыш индивидтер өзінің құлқымен әрқилы мағынаны байланыстырса,
әлеуметтік қатынас оған қатысушылардың әрқайсысы үшін объективті "біржақты" болып
табылады. Алайда бұл жағдайда да олардың құлқы қарекет жасаушы индивид өзі қарекет
жасаушы адам жөніндегі ұстаным оның әріптесіне де тән деп топшылайды (қателесіп
немесе әлдене дәрежеде бұрыс), сөйтіп өзінің құлқын сол үмітке бағдарлайды, мұның өз
кезегінде оның құлқы үшін де, аталмыш индивидтердің арасындағы содан кейінгі
қатынастар үшін де елеулі зардаптары болуы мүмкін. Объективті тұрғыдан қатынастың
"екі жақты" бола алатыны тек оның мазмұны әріптестердің үмітіне орайлас келетіндей
етіп сәйкестендірілгендіктен ғана болады; мысалы, егер әкенің ұстанымы оның
балаларының ұстанымымен әке күткендей (жекелеген немесе типтік жағдайда) дәрежеге
жуықтап болса да сәйкестендірілсе, солай болады. Нақты болмыста мағынасы жағынан
бір-біріне сәйкес келетін екі жаққа бірдей ұстанымдарға толығымен негізделетін
әлеуметтік қатынас дегеніңіз жапсарлас оқиға. Алайда екі жақтылықтың жоқтығы (біздің
терминологиядағы), соның нәтижесінде тараптар құлықтарының өзара сәйкестендірілуі
жоғалып кеткенде ғана "әлеуметтік қатынасты" қамтымайды. Бұл арада да,
әрқашандағысындай ең сан алуан аралық сатылар көп.
4. Әлеуметтік қатынас өтпелі немесе ұзақ мерзімді, яғни осы қатынастың мағынасына
сәйкес келетін (яғни солай деп саналатын және күтілетін) құлықтың қайталанып
отыруының орын алуы мүмкіндігіне негізделген қатынас бола алады. Демек, тек осындай
мүмкіндіктің болуы, яғни аталмыш мағынаға сәйкес құлықтың қайталану
ықтималдығының болуы - өзге ештеңе де емес, аталмыш жағдайда әлеуметтік қатынас бар
деген сөз болып шығады; қате түсініктерге бой алдырмау үшін мұны әрқашан есте ұстау
керек. "Достық" немесе "мемлекет" бар деп кесіп айту, осылайша тек бір ғана нәрсені
білдіреді: біз (бақылайтындар) қазіргі кезде және өткенде белгілі адамдардың белгілі
біртекті ұстанымдарының негізінде олардың құлқы әдетте орташалана топшыланған