Page 213 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
213
мағына шеңберінде өтеді деген тіркестен аңғарылатын мүмкіндіктің бар екенін
(болғанын) топшылаймыз. Келтірілген пайымдауда басқа ештеңе де жоқ (Қараңыз №2).
Заңдық ойлауда сөзсіз болатын, белгілі бір мазмұндағы құлықтың қағида не маңызды
(заңдық мағынада), не жоқ деген балама, демек, әлеуметтанушылық түсінікте орын
алмайды.
5. Әлеуметтік қатынастың мазмұны өзгере алады; мысалы, саяси қатынаста ынтымақ
мүдделер қақтығысынан туындайтын коллизияға айналып кетуі мүмкін. Мұндай
жағдайларда "жаңа" қатынастың пайда болғаны туралы немесе бұрынғы мазмұн ие болған
жаңа мазмұн туралы айту керек пе - бүл жаңа аяқ басқан өзгерістің ұзақтылығына тәуелді
терминологиялық орындылық мәселесінен басқа ештеңе де емес. Әлеуметтік қатынастың
мазмұны сондай-ақ ішінара өзгермейтін, ішінара өзгеріп тұратын болуы мүмкін.
6. Әлеуметтік қатынасты ұзақ уақытқа белгілейтін мағыналық мазмұн "максималарда"
(негізгі ережелерде) тұжырымдала алады, өзінің мағынасы жағынан орташаландырылған
немесе шамаластырылған оларды ұстануды тараптар өзінің әріптестерінен күтеді және
олар өз кезегінде соларға (орташаландырылған немесе шамаластырылған) өз құлқын
бағдарлайды. Аталмыш құлық қаншалықты ұтымды - мақсаты немесе құндылығы
бойынша - болса, осы әдіс соншалық көбірек қолданылады. Айдан анық эротикалық
немесе жалпы аффектілік қатынас жағдайында (мысалы, сыйлауға негізделген)
мағыналық мазмұнды ұтымды тұжырымдау мүмкіндігі, айталық, іскерлік келісімшарт
жасасу тұсындағыдан әлдеқайда аз.
7. Әлеуметтік қатынас мазмұны өзара келісім бойынша тұжырымдала алады. Бұл - оның
барлық қатысушылары өзінің келешектегі құлқы жөнінде белгілі бір уәделер (бір-біріне
немесе жалпы) береді деген соз. Бұл жағдайда келісімнің әрбір қатысушысы әдетте ең
алдымен басқасы өзінің құлқында келісімнің мағынасын оның өзі (яғни қарекет жасайтын
бірінші адам) сол мағынаны қалай түсінетін шамада бағдарланады деп үміттенеді (оның
өзі ұтымды ойланатын шамада). Ол өзінің құлқын мұндай үмітке ішінара ұтымды-
мақсатты (оның лоялдық дәрежесіне қарай), ішінара ұтымды-құндылықты - "парызға"
қарай бағдарлайды. Парыз деп ол оз кезегінде келісімді оның мағынасын өзінің қалай
түсінуіне сәйкес "сақтау" деп біледі. Бұл арада біз осымен доғарамыз.
IV. ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰЛЫҚ ТИПТЕРІ ҒҰРЫПТАР. САЛТТАР
Әлеуметтік құлық саласында іс жүзіндегі бірізділік, яғни қарекеттің дәйектілігі типтік
ұқсас топшыланатын мағынамен жекелеген индивидтердің немесе (кей жағдайда бір
мезгілде) көптеген адамдардың қайталануынан байқалады. Құлықтың осындай
типтерімен, маңызды, шешуші мәні бар жеке байланыстардың каузалдық тоқайласуын
зерттейтін тарихтан өзгеше, әлеуметтану айналысады.
Әлеуметтік құлық ұстанымдарында бірізділіктің іс жүзінде бар мүмкіндігін егер
адамдардың белгілі бір тобының ішінде олардың бар болуы жай ғана әдетпен
түсіндірілетін жағдайда, біз ғұрыптар деп атаймыз. Егер іс жүзіндегі әдет ұзақ уақыт бойы
тамыр жайса, ғұрыпты біз салт деп атаймыз. Салтқа біз, егер оның тәжірибе жолымен
анықталған орын алу мүмкіндігі жекелеген индивидтердің құлықтары бірдей үмітке таза
ұтымды-мақсатты бағдарланған шамада туындайтын болса, "мүдделерден туындаған"
деген анықтама береміз.
1. Ғұрыпқа "мода" да жатады. "Мода" құлыққа, бағдарлану себебі құлықтағы әлдене "жаңа
бірдеңе" болған жағдайда (салт туралы айтылғанға кері жағдайда) телінетін болады. Мода
"шарттылыққа" жақын, өйткені шарттылық секілді ол (көбіне) сословиелік абыройлы
мүдделермен байланысты. Біз бұл арада осы мәселемен кеңірек айналыспаймыз.