Қазақстанның ашық кітапханасы
211
Кімде-кім ықтимал салдарына қарамастан парыз, абырой, сұлулық, діни жазмыш, ізгілік
немесе кез-келген "заттың" маңыздылығы жөніндегі өз сенімінен айнымаса, сол адам таза
құндылықты-ұтымды қарекет жасайды. Құндылықты-ұтымды қарекет (біздің
терминология шеңберінде) әрқашан "өсиеттерге" немесе "талаптарға" бағындырылған,
аталмыш индивид оларға мойынсұну өзінің парызы деп біледі. Алдағы баяндауымыздан
айқын көрінетіндей, соңғысының маңызы елеулі екені соншалық, оны қарекеттің ерекше
типіне бөліп шығаруға мүмкіндік береді, дегенмен бұл арада адами қарекеттің типтерін
қандай да бір мағынада ақыр-тақыр топтастырып жіктеу әрекеті жасалмайды.
4. Құлқы мақсатқа, құралдарға, өз қарекетінің жанама нәтижелеріне бағдарланған
индивид, құралдардың мақсат пен жанама нәтижелерге қатынасын, әрқилы ықтимал
мақсаттардың бір-біріне қатынасын ұтымды қарастыратын, яғни қайткен күнде де
аффектке (ең алдымен эмоцияға) және дәстүрге бой алдырмай қимылдайтын адам
ұтымды-мақсатты қарекет жасайды. Бәсекелесетін және қақтығысатын мақсаттар мен
салдарлар арасында таңдау жасау өз кезегінде құндылықты-ұтымды бағдарлануы мүмкін,
- онда құлық тек өзінің құралдары бойынша ғана ұтымды-мақсатты. Индивид сондай-ақ
бәсекелесетін және қақтығысатын мақсаттарды - "өсиеттер" мен "талаптарға"
құндылықты-ұтымды бағдарлаусыз - жай ғана берілген субъективті қажеттілік ретінде
шкалаға олардың саналы салмақталған қажеттілігінің дәрежесі бойынша енгізіп, содан
кейін өзінің құлқын сол қажеттіліктер белгіленген реттілікпен, мүмкіндігінше
қанағаттандырылатындай етіп ("барынша пайдалылық" принципі) бағдарлай алады.
Қарекеттің құндылықты-ұтымды бағдары, демек, ұтымды-мақсатты бағдармен әрқилы
қатынаста болады. Ұтымды-мақсатты көзқарас тұрғысынан келсек, құндылықты-
ұтымдылық әрқашан иррационалды, және ол құлық бағдарланатын құндылықты неғұрлым
абсолюттендіре түссе, соғұрлым иррационалды бола түседі, өйткені ол жасалатын
қарекеттердің салдарларын неғұрлым кемірек қаперге алса, қулық дегеніңіздің
құндылығы ол үшін (иланым тазалығы, сұлулық, абсолютті жақсылық, өз парызын
абсолютті орындау) сөзсіз бола түседі. Айтпақшы, қарекеттің абсолютті ұтымды-
мақсаттылығы да шындап келгенде тек шекаралық жағдай.
5. Қарекет, әсіресе әлеуметтік қарекет ұтымдылықтың тек бір немесе басқа типіне өте
сирек бағдарланады, және осы топтастырып жіктеудің өзі, әрине, қарекеттердің
бағдарлану типтерін түгел қамтымайды; олар әлеуметтанушылық зерттеу үшін жасалған
ұғымдық таза типтер, нақты құлық оларға азды-көпті дәрежеде жақындайды немесе - бұл
әлдеқайда жиірек ұшырасады - ол солардан құралады. Біз үшін олардың орындылығының
дәлелі - тек зерттеу нәтижесі бола алады.
III. ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАС
Әлеуметтік "қатынас" деп біз бірнеше адамның өзінің мағынасы жағынан бір-бірімен
сәйкестендірілген және соған бағдарланатын құлқын айтатын боламыз. Демек, әлеуметтік
қатынас толығымен және тек қана әлеуметтік қулықтың анықтала (парықталған) алатын
сипатқа не болу мүмкіндігінен құралады; ол мүмкіндіктердің неге негізделгенінің бұл
арада маңызы жоқ.
1. Осы арқылы аталмыш ұғымның нышаны - тіпті ең аз шамада болса да - бір индивидтің
басқа индивидке қатынасының дәрежесі. Бүл қатынастың мазмұны барынша әрқилы бола
алады: күрес, жауласу, махаббат, достық, құрмет, базардағы алыс-беріс, келісімді
"орындау", одан "жалтару" немесе бас тарту, экономикалық, эротикалық немесе қандай да
бір басқа сипаттағы бәсекелестік; сословиелік, ұлттық немесе таптық ортақтық (соңғы
жағдайда - егер осындай қатынас қарапайым бірлескен қарекет аясынан шығып,
әлеуметтік құлық болса; бұл жайында төменде қараңыз). Осылайша, "әлеуметтік қатынас"