Page 209 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
209
және пошымдық көрінісінде, демек, - мұндай шаруашылық жүргізуде аталмыш
индивидтің өз шаруашылығын өзінің қалауынша билеп-төстеуінің іс жүзіндегі құқығын
үшінші біреулердің мойындауы бейнеленсе ғана. Материалдық өрісте мұндай жағдай,
мысалы, мынадан көріне алады: осындай шаруашылықта тұтыну тұсында сондай-ақ
үшінші бір адамдардың да болашақ қажеті қаперге алынып, "қорлар" ішінара соған
бағдарланады; немесе өнім өндіру тұсында бағдар негізіне оған үшінші бір адамдардың
болашақтағы топшыланған сұранысы алынғанда.
3. Адамдардың өзара қарым-қатынасының барлық типтері бірдей әлеуметтік сипатқа ие
емес; өзінің мағынасы жағынан өзгелердің құлқына бағдарланған қарекет қана әлеуметтік
болып табылады. Мысалы, екі велосипедшінің бір-бірімен соқтығысып қалуы табиғат
құбылысы секілді оқиғадан артық ештеңе емес. Алайда олардың біреуінің осы соқтығысқа
ұшырамау әрекеті - соқтығыстан кейінгі керіс, төбелес немесе жанжалды бейбіт реттеу -
енді "әлеуметтік қарекет" болып табылады.
4. Әлеуметтік қарекет а) көптеген адамдардың бірдей құлқына да, ә) өзгелердің құлқы
ықпал ететін нәрсеге де ұқсас емес. а) Егер көптеген адамдар жаңбыр жауған кезде
көшеде қол шатырын ашса, бұл (әдетте) адам қарекеті өзгелердің құлқына бағдарланды
деген сөз емес; бұл жаңбырдан қорғану үшін жай ғана жасалған біртектес қарекет. ә)
Адамның құлқына жай ғана факт - оның жиылып қалған адамдар "бұқарасы" арасына
түсуі (Лебонның жұмысында зерттелетін "бұқаралық психология" тақырыбы) күшті ықпал
ететіні белгілі; мұндай құлық бұқаралықтан туындайтын құлық деп анықталады. Индивид
сондай-ақ адамдардың шашыраңқы бұқарасы тарапынан да жасалатын бұқаралық ықпал
объектісіне айнала алады, мұндай жайт олар оған бір мезгілде немесе дәйек түрде
(мысалы, баспасөз арқылы) ықпал етіп, олардың құлқын ол көптеген адамдардың құлқы
ретінде қабылдағанда болады. Белгілі бір тұрпаттағы реакциялар тек индивид өзін
"бұқараның" бір бөлшегімін деп сезінгенінің арқасында ғана болады, сол арқылы, өзге
реакциялар, керісінше, қиындатылады. Тобыр арасындағы адамда әлдене оқиғалардың
немесе қарекеттердің сезімнің сан алуан түрлерін - көңілділік, ашу-ыза, жігерлену, түңілу
және индивид оңаша отырса, дәл сол себептердің салдарынан оның бойында
туындамайтын (немесе соншалық оңай туындамайтын) кез-келген басқа аффектілерді
туындататыны міне сондықтан, бұл орайда (көп жағдайда бері салғанда) индивидтің
құлқы мен оның тобырға қатыстылығы фактысының арасында парықталған байланыс
болмауы мүмкін. Тек тобыр ортасында болу фактысынан туындайтын (немесе ішінара
туындайтын), аталмыш жай-жапсарға жай реакциядан көрінетін және өзінің мағынасы
бойынша онымен сәйкестендірілмеген мұндай құлық біз белгілеген мәнісіндегі
"әлеуметтік қарекет" ұғымына жатпайды. Рас, бұл арада айырмашылықты тап басып айту
қиын. Мысалы, тек демагог қана емес, бұқаралық аудиторияның өзі де "бұқаралық"
фактысымен өзінің байланысын әрқилы дәрежеде және әрқилы анықтылықпен парықтай
алады. Одан әрі, жай ғана өзгелердің құлқына "еліктеу" (бұған Г. Тард толық негізбен зор
маңыз береді), егер ол тек реактивті болып, өзге адамның құлқына бағдарланбаса, өзіндік
ерекше "әлеуметтік құбылыс" болып табылмайды. Бұл жағдайда да шекараның елеусіздігі
соншалық, бірқатар жағдайларда тиісті айырмашылықты табу неғайбыл. Алайда,
индивидтің басқалардан өзіне қисынды көрінетін бірдеңені жұғыстыру фактысы біздің
түсінуіміздегі әлеуметтік қарекетті құрамайды. Бұл арадағы бағдарлану нысанасы өзгенің
құлқы емес индивид бақылау арқылы белгілі объективті мүмкіндіктермен танысқан және
өз құлқында соларға бағдарланады. Оның қарекетінің себептік байланысы бар, бірақ өзге
адамның құлқымен парықталып белгіленбеген. Керісінше, егер өзгенің құлқына ол "сәнге"
енгендіктен, дәстүрлі, үлгілі, "абыройлы" деп саналатындықтан, немесе осы тектес қандай
да бір пиғылдан еліктесе, сондай еліктеу өзінің мағынасы жағынан не еліктеген адамының
құлқына, не үшінші біреудің құлқына, не екеуінің де құлқына сәйкестендірілген. Осынау