Page 208 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
208
олардың эвристикалық маңызы соғұрлым жемісті бола түседі. Тарихи зерттеуде
жекелеген оқиғаларды каузалды тоқайластыру, шындап келгенде, дәл сондай сипатқа ие.
Мысалы, 1866 жыл кампаниясының қалай өткенін түсіндіргенде, әуелі (ойша) Мольтке
мен Бенедикт, егер олардың әрқайсысы өзі тап болған жағдай туралы ғана емес,
дұшпанның қандай жағдайда екендігінен де хабардар болса, мінсіз ұтымды мақсатты
жағдайда өз әскерлерін қалай орналастырарын белгілеп алуы қажет. Содан кейін
жоғарыда аталған науқанда әскерлердің іс жүзінде қалай орналасқаны осы
конструкциямен салыстырылады, бұл осылай орналасу арқылы мінсіз жағдайдан
ауытқуды себептік байланыстармен түсіндіру үшін істеледі, мұндай ауытқу жалған
ақпардан, қателіктен, қолбасының жеке қасиеттерінен немесе бейстратегиялық
факторлардан туындауы мүмкін. Осылайша, бұл арада да (латентті) мінсіз-типтік
конструкция пайдаланылады.
Конструкцияланған әлеуметтік ұғымдар сыртқы оқиғаларға ғана емес, адамдардың ішкі
өмірінің құбылыстарына қолданылғанда да мінсіз-типті. Нақты құлықтың "топшыланатын
мағынасы" көбіне-көп бұлыңғыр сезіледі немесе жалпы сезілмейді де. Қарекет жасайтын
индивид бұл мағынаны тек бұлдыр "түйсінеді", оны тіпті де білмейді, "оны анық елестете
алмайды", өзінің құлқында ол көп жағдайда инстиктті немесе әдетті басшылыққа алады.
Адамдар өте сирек, ал жаппай біртекті құлықта тек жекелеген индивидтер ғана оның
мағынасын (ұтымды немесе иррационалды) айқын түсінеді. Нақты болмыста шынайы
тиімді, яғни толық парықталған және өзінің мағынасы жағынан анық құлық - әрқашан тек
шекаралық жағдай. Тарих және әлеуметтану ғылымында нақты болмысты зерттеу тұсында
мұны есте ұстау қажет. Алайда соңғы жай-жапсар "топшыланған мағыналық" ықтимал
типтерін топтастырып жіктеу арқылы, яғни құлық шынында да оның субъективті
парықталған мағынасына бағдарланатындығына сүйеніп әлеуметтанушылық ұғымдарды
жасауға кедергі болмауға тиіс. Нысанасы нақты болмыс болып табылатын
әлеуметтанушылық зерттеуде оның теориялық конструкциядан ауытқуын ұдайы қаперде
ұстау қажет; осындай ауытқудың дәрежесі мен сипатын белгілеу әлеуметтанудың басты
мақсаты.
Зерттеушінің әдістемелік жағынан бұлдыр және айқын, бірақ нақты емес "мінсіз-типті"
процестер арасында таңдау жасауына өте жиі тура келеді. Осындай балама тұсында
ғылыми талдауда екіншісін таңдау керек.
2. Әлеуметтік қарекет ұғымы
1. Әлеуметтік қарекет (араласпауды немесе сабырмен қабылдауды қоса) өзгелердің өткен,
қазіргі немесе болашақта күтілетін құлқына бағдарлана алады. Ол бұрынғы реніш үшін
кек қайтару, қазіргі қатерден қорғану немесе келешекте төнетін қатерден қорғану
шаралары болуы мүмкін. "Өзгелер" жекелеген адамдар, таныстар немесе мүлдем бейтаныс
толып жатқан адамдар болуы мүмкін. (Мысалы, "ақша" айырбастау құралы қызметін
атқарады, қарекет жасайтын адам оны өз қарекетін толып жатқан бейтаныстар мен
белгісіз "өзгелердің" тарапынан оз кезегінде оларды кейіннен айырбас процесінде
қабылдауға дайын екендігіне бағдарлап қабылдайды).
2. Қарекеттердің барлық типтері - соның ішінде сыртқы әрекеттің - осы арада қабылданған
мағынасында "әлеуметтік" бола бермейді. Егер сыртқы қарекет тек заттық нысандардың
құлқына ғана бағдарланса, ол әлеуметтік қарекет цеп атала алмайды. Ішкі қарым-қатынас,
егер өзгелердің құлқына бағдарланса ғана, әлеуметтік сипатқа не болады. Мысалы, діни
сипаттағы қарекеттер, егер олар сырттай аңдау, оңашаланып намаз оқу және т.б. шегінен
шықпаса, әлеуметтік қарекет емес. Шаруашылық жүргізу (жеке индивидтің), ол
өзгелердің құлқын қаперге алатын шамада ғана әлеуметтік қарекет. Барынша жалпылама