Page 207 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
207
каузалдық тоқайластырылуын беруге ұмтылады. Әлеуметтану өз ұғымдарын жасау үшін
парадигмалар ретінде құлықтың тарих тұрғысынан да релевантты нақты
компоненттерінен айтарлықтай дәрежеде (тек сонан ғана болмаса да) материал алады.
Әлеуметтану өзінің ұғымдарын сондай-ақ бүл маңызды мәдени құбылыстарды тарихи
каузалдық тоқайластыруға көмектесе ме деген тұрғыдан да әзірлеп, заңдылықтарды
анықтайды. Әлеуметтануда, негізгі ғылым атаулыдағы секілді, әлеуметтанушылық
абстракциялаудың ерекшелігі: оның ұғымдары тарихтың нақты шындығымен
салыстырғанда мазмұнның толықтығынан сөзсіз (салыстырмалы) айрылуға жетелейді.
Оның орнына әлеуметтану ұғымдардың көбірек бір мәнділікке ең жоғары - мүмкіндігінше
- мағыналық барабарлық арқасында қол жетеді, әлеуметтік ұғымдарды жасаудың мақсаты
да сол. Көрсетілген мақсат - барынша толық - біз алдыңғы баяндауымызда негізінен
осыған назар аударған болатынбыз – ұтымды құнды және ұтымды мақсатты ұғымдар мен
жинақтауларда жүзеге аса алады. Алайда әлеуметтану теориялық, мағынаға барабар
ұғымдарда иррационалдық (мистикалық, пайғамбарлық, рухани, эмоциялық)
құбылыстарды да білдіруге тырысады. Барлық жағдайларда, ұтымды және иррационалды
жағдайларда да ол шындықтан алшақтап, сол тарихи құбылыстың бір немесе бірнеше
әлеуметтік ұғымға жақындау дәрежесін анықтау тұсында солардың біріне сол шындықты
тануға кызмет етеді. Бір ғана тарихи құбылыс, мысалы, өзінің бір құрамдас бөліктерінде
"феодалдық", екіншілерінде - "патримониалдық", үшінші біреулерінде "бюрократиялық",
кейбір бөліктерінде "харизматикалық" бола алады. Тізіп көрсетілген сөздер бір мәнді
мағынаға ие болуы үшін әлеуметтану оз кезегінде ең коп мағыналық барабарлықты
аясына қамти алатын "таза" ("мінсіз") типтік қатарлар жасауға тиіс; алайда нақ сондықтан
олар толық вакуум жағдайында алынған физикалық реакция секілді нақты өмірде аса
мінсіз таза пошымда өте сирек кездеседі. Әлеуметтік казуистика тек таза ("мінсіз") тип
көмегімен ғана мүмкін болады. Әлеуметтану мұның үстіне бірқатар жағдайларда өзінің
сипаты жағынан эмпириялық-статистикалық орташа типті де пайдаланатыны өз-өзінен
түсінікті; бұл ұғым ерекше әдістемелік түсіндіруді талап етпейді. Алайда, әлеуметтануда
"типтік" жағдайлар туралы айтылғанда, әрқашан мінсіз тип көкейде болады, ол өздігінен-
ақ ұтымды немесе иррационалды бола алады, коп жағдайда (мысалы, саяси экономикада
әрқашан) ол ұтымды, бірақ әрқашан, соған тәуелсіз, мағынаға барабар құрастырылады.
Мына бір жайт ешқашан естен шықпауға тиіс: әлеуметтану саласында "орташаны", демек,
"орташа типтерді" де біршама дәрежеде бір мәнді етіп, тек сапалық жағынан біртекті
өзінің мағынасы анық құлықтардың дәрежесіндегі айырмашылық туралы сөз болған
жерде ғана, құруға болады. Бұл кейде кездеседі. Көп жағдайда, алайда, тарихи немесе
әлеуметтік релевантты құлық гетерогенді сарындардың ықпалын бастан өткереді, оларды
сөздің төте мағынасында "орта" типке жатқызу мүлдем мүмкін емес. Әлеуметтік
құлықтың, мысалы, экономикалық теория жасайтын жалған мінсіз типтік
конструкциялары, олардың маңызы: мінсіз және таза экономикалық тұрғыдан
бағдарланған ұтымды мақсат тұсында құлық қандай болар еді деген сұрақ қойылуынан
көрінетін мағынада шындықтан алыс жатыр". Сол арқылы құлық (онда сондай-ақ
дәстүрлер, аффектілер, адасулар, сыртқы экономикалық мақсаттар мен ниеттер соз жоқ
қандай бір рол атқарады, біріншіден, ол аталмыш нақты жағдайда сондай-ақ
экономикалық тұрғыдан да ұтымды мақсатты анықталатын шамада, немесе - егер сөз
орташа құлық туралы болса, - әдетте нақ солай анықталатын шамада түсініле алады;
екіншіден, оның шынайы сарындарын түсіну нақты процестің мінсіз-типтік
конструкциядан айырмашылығын анықтау арқылы жеңілдейді. Өмірге (мысалы, саясат
иен экономикаға) дәйекті мистикалық жайттан туындайтын бейғарыштық қатынастың
мінсіз типтің де дәл солай конструкцияланғаны жөн болар еді. Мінсіз типтер неғұрлым
бедерлі де бір мәнді конструкцияланған болса, демек, олар нақты болмыстан неғұрлым
қашық болса, олардың терминология мен топтастырып жіктелудегі рөлі, сондай-ақ