Page 206 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
206
тастау керек. Социалистік экономика дәл солай "индивидуалистік" тұрғыдан, яғни
жекелеген адамдардың онда қарекет жасайтын "функционерлер" типінің құлқына сүйене
отырып, тауар-ақша айырбасының құбылыстары барынша пайдалылық теориясының
көмегімен (немесе қандай да бір басқа - ондай табыла қалса - ең "жақсы", бірақ бұл
пунктте ұқсас) тәпсірленетіні секілді әлеуметтану тұрғысынан зерттелуге, яғни
тәпсірленіп, түсінілуге тиіс. Эмпириялық әлеуметтанудың негізгі проблемаларын зерттеу
қашан да мына сұрақтан басталады: аталмыш "қоғамдастықтың" жекелеген
"функционерлері" мен мүшелері сол "қоғамдастықтың" пайда болып, тіршілік ете беруі
үшін өздерін белгілі бір түрде ұстауына оларды қандай сарындар мәжбүр етті және
мәжбүр ете береді. Ұғымдардың кез-келген функциялық жасалуы ("бүтіннен" бастау ала
отырып) бүл арада тек алғашқы саты қызметін атқарады, бүл дұрыс жүргізілсе, онда оның
пайдасы мен қажеттігі ешбір күмән туғызбайды.
10. Түсіне білетін әлеуметтанудың кейбір қағидаларын әдетте атай беретініндей "заңдар",
мысалы, "Грешем заңы", белгілі бір жағдайларда әлеуметтік құлық, қарекет жасайтын
индивид басшылыққа алатын типтік сарындар мен типтік субъективті мағынаға сүйене
отырып түсінуге мүмкіндік беретін сипат алатынының бақылаумен қуатталған типтік
ықтималдығын білдіреді. Бұл "заңдар" оңтайлы жағдайларда ғана түсінікті де бір мәнді
бола алады, өйткені типтік бақыланатын процесс таза ұтымды мақсатты сарындарға
негізделуі (немесе соңғы сарындар әдістемелік орындылық ауанымен құрастырылған тип
негізіне алынғандықтан), ал құрал мен мақсат арасындағы қатынас эмпириялық жолмен
бір мәнді деп айқындалады (құралдардың "даусыздығы" тұсында). Бұл жағдайда
құлықтың қатаң ұтымды мақсатты сипаты тұсында ол басқаша емес, нақ сондай болуға
тиіс деп кесіп айтуға болады (өйткені белгілі бір мәнді мақсатты көздейтін индивидтер
"техникалық" себептермен тек осы құралдарға ғана ие бола алады). Аталмыш жағдай
сондай-ақ түсіне білетін әлеуметтанудың негізі деп қандай да бір "психологияны" санау
қаншалықты қате екендігін көрсетеді. Психологияны қазір әркім өзінше түсінеді. Белгілі
бір әдістемелік мақсаттар бірқатар жағдайларда оз сипаты бойынша "физикалық" және
"психикалық" деген жаратылыстық ғылыми бөлудің қолданылуын ақтайды, бүл мағынада
ол болу құлық туралы ғылымдарға мүлдем жат. Жаратылыстық ғылымдар құралдарымен
және жаратылыстану ғылымдарының әдістемесімен шынында да тек "психикалық"
нәрсені зерттейтін және, демек, адами қарекетті оның топшыланатын мағынасы
тұрғысынан тәпсірлеуге ұмтылмайтын - бұл мүлдем басқа нәрсе психология ғылымының
нәтижелері, әрине, жекелеген жағдайларда (психологиялық талдау әдістерінен мүлдем
тәуелсіз) кез-келген басқа ғылымның қорытындылары секілді, әлеуметтану үшін мәнді
бола алады; және шынында да оның маңыздылығы көбіне-көп өте жоғары. Алайда
әлеуметтанудың оған қатынасы басқа ғылымдардан жақын емес. Қателік "психикалық"
деген ұғыммен байланысты: "физикалық" емес нәрсенің бәрі "психикалық" болады-мыс.
Бірақ индивидтің көкейіндегі математикалық есептің мағынасы "психика" саласына
жатпайды ғой. Адамның белгілі бір қарекеттердің күтілетін нәтижесі бойынша белгілі бір
мүдделерге сай келе ме деген ұтымды ойлануы және алынған нәтижеге сәйкес
қабылданған шешім "психологиялық" ізденістер нәтижесінде бізге түсініктірек бола
қоймайды. Сөйте тұра әлеуметтану (сонымен қоса саяси экономияда) өзінің "заңдарының"
көпшілігін осындай ұтымды алғышарттарға негіздейді. Құлықтың иррационалды сәттерін
әлеуметтанушылық түсіндіру тұсында түсіне білетін психология шынында да зор көмек
көрсете алады. Алайда мұндай мүмкіндік әдістемелік жағынан ештеңені өзгертпейді.
11. Әлеуметтану типтік ұғымдарды құрастырады (біз бұл жағдайды өздігінен-ақ белгілі
алғышарт ретінде талай рет көрсеткенбіз) және құбылыстар мен процестердің жалпы
ережелерін белгілейді. Ол тарихтан осынысымен өзгешеленеді, тарих институттар мен
қайраткерлердің индивидуалдық мәдени маңыздылыққа ие каузалдық талдауын және