Қазақстанның ашық кітапханасы
205
бейтарап түрдің ішінде типтердің бастапқы дифференциациялануын қандай шешуші
факторлар анықтайды?; 2) дифференциацияланған түрді дифференциацияланған топ нақ
тіршілік ете беретіндей етіп қимылдауға (орташа алғанда) мәжбүрлейтін не. Аталған
сұрақтарды шешуде белгілі бір прогресс байқалған жердің барлығында білімге
эксперименттік жолмен химиялық қоздырғыштардың рөлін немесе жекелеген
индивидтердің физиологиялық процесс сәттерін (тамақтанумен, паразит жәндіктердің
рөлімен, т.б. байланысты факторларды) анықтау (немесе топшылау) арқылы қол жетті.
Сондай-ақ жануарларда "психологиялық" немесе "мағыналық" бағдарлану бар екенін
эксперименттік жолмен анықтаудың проблемалы мүмкіндігіне қай шамада үміттенуге
болатынын тіпті маман да анық айта алмас.
Жануарлар дүниесінің мұндай әлеуметтік индивидтерінің психикасы туралы бақыланатын
мәліметтер, оның мағынасын "түсінуге" жол беретін мәліметтер бізге тіпті мінсіз мақсат
ретінде де тек ең тар шеңберде ғана мүмкін секілді болып көрінеді. Бері салғанда, бұл
біздің адамдардың әлеуметтік құлқын "түсінуге" жәрдемдеспейтіні айдан анық. Керісінше,
жануарлар психологиясында біз адамдардың психикасына ұқсас нәрселерді пайдаланамыз
және пайдалануға тиіспіз. Тегінде, күндердің күнінде осындай аналогиялар мынадай сұрақ
қою үшін пайда береді деп күтуге болар: адамзат қоғамындағы әлеуметтік
дифференциацияның өзінің мағынасы жағынан субъективті түсінікті, содан кейін саналы,
әдейі ұтымды етілген құлыққа қатынасындағы маңызын қалай бағалау керек? Әрине,
түсіне білетін әлеуметтану саласындағы зерттеушілер адамзат қоғамының алғашқы
сатысында - бұл арада даусыз - бірінші компоненттің басым болғанын және кейінгі
сатыларда да оның ықпалы (және де төтенше маңызды ықпалы) сақталып қалғанын анық
біліп алуға тиіс. "Дәстүрлі" атаулы құлық (§2) және "харизманың" терең қатпарлары
психикалық "инфекция" ұрығы ретінде, сол арқылы әлеуметтанушылық "даму"
"қоздырғыштарының" иелері ретінде өзінің біліне бермейтін градацияларында анық
тәпсірлейтін түсінуге және сарындық түсіндіруге көнбейтін (немесе оған ішінара ғана
көнетін), тек биологиялық жолмен ұғынылатын процестерге өте жақын. Алайда осының
бәрі түсіне білетін әлеуметтануды өз мүмкіндіктерінің тар шеңберін ұғына отырып, тек өзі
ғана атқара алатын нәрсені атқарып шығудан тұратын міндеттен босатпайды.
Отмар Шпанн өзінің бірқатар жұмыстарында (оларда кейбір қателіктермен қатар қызықты
ойлар жиі ұшырасады, бірақ, өкінішке қарай эмпириялық зерттеуде жол беруге
болмайтын таза баға беру негізіндегі уәж пайдаланылады) әлеуметтану үшін - сірә ешкім
байыпты дауласа қоймайтын - алдын-ала функциялық мәселе қоюдың маңызына екпін
беріп, оны "әмбебап әдіс" деп атағанда, ол, сөзсіз дұрыс айтады. Біз, әрине, ең алдымен
әлеуметтік қарекет типін (бірақ сондай-ақ, ең әуелі, мәдени ерекшелігін!) "сақтау" және
оның белгілі бір түрде бағытталған дамуы тұрғысынан қандай құлықтың функциялық
маңызды екенін білуге тиіспіз, бүл содан кейін ондай қарекет қалай пайда болады және
қандай сарындар оны айқындайды деген сұрақ қою мүмкіндігі болу үшін керек. Әуелі
"король", "шенеунік", "кәсіпкер", "сутенер", "сиқыршы" не істейтінін, яғни аталмыш тип
индивидінің қандай қарекеті (оны осы категориялардың біріне жатқызуға мүмкіндік
беретін сол ғана), демек, талдау үшін маңызды екенін және біз сондай талдауға көшпес
бұрын мәлім болуға тиіс екенін білу керек. (Риккерттің "құндылыққа жатқызу" ұғымы).
Алайда тек осынау талдау арқылы ғана әлеуметтанушылық түсіну әртүрлі типтер
бойынша дифференциацияланған адамдардың құлқы туралы мәселеде бере алатын және
беруге тиіс нәрсені береді (және тек адамзат қоғамында). "Индивидуалистік" әдіс (қандай
мағынада болса да) дегеніңіз индивидуалистік баға деген соз дейтін өрескел адасуға
келсек, оны да, ұғымдардың жасалуының сөзсіз (салыстырмалы) ұтымдылық сипаты
ұтымдылық сарындарының басымдығына сенімді айғақтайды немесе ол-ол ма,
"ұтымдылыққа" саяси баға беруді айғақтайды дейтін пікір секілді, үзілді-кесілді серпіп