Қазақстанның ашық кітапханасы
204
Өйткені, "әлеуметтік құрылымдарды" ("организмдерден" өзгеше) зерттеуде біз жай ғана
қызметтік байланыстар мен ережелер ("заңдар") шегінен шығып, барлық "жаратылыстану
ғылымдары" оқиғалар мен құрылымдар үшін каузалдық ережелер белгілейтін, содан кейін
солардың негізінде (жекелеген оқиғаларды "түсіндіретін") мүлдем қол жеткізе алмайтын
нәрсені бере аламыз ғой. Біз оқиғаларға қатысатын жекелеген индивидтердің құлқын
түсінеміз, ал жасушалардың құлқын біз "түсіне" алмаймыз, тек оны қызметтік тұрғыдан
ұғынып, содан кейін аталмыш процестің ережелерін белгілей аламыз. Тәпсірлеуші
түсіндірудің бақылауға негізделген түсіндіруден артықшылығына, рас, алынған
қорытындылардың көбірек гипотезалығы мен фрагментарлығының есебінен қол жетеді,
бірақ соған қарамастан нақ сол әлеуметтанушылық танымның өзіндік ерекше қасиеті
болып табылады.
Біз жануарлардың құлқы өзінің мағынасы жағынан бізге қаншалықты "түсінікті" бола
алады, сондай-ақ керісінше, біздің қарекеттеріміздің мағынасы жануарларға қай шамада
"түсінікті" - бұлардың екеуі де өзінің маңызы мен өзінің шекаралары жағынан тым бұлдыр
- деген сұрақты жылы жауып қоямыз; басқаша айтқанда, адамның жануарларға (үй немесе
жабайы жануарларға) қатынасын зерттейтін әлеуметтану теориялық тұрғыдан
қаншалықты ақылға сыйымды деген проблеманы бұл арада көлденең тартпаймыз.
Көптеген жануарлар бұйрықты, ашуды, жақсы көруді, өшпенділікті "түсінеді" және оған
көбіне механикалық немесе инстинктті түрде ғана емес, сондай-ақ белгілі бір дәрежеде
саналы, байыпты, өз тәжірибесіне сүйене отырып үн қатады. Шындап келгенде, "алғашқы
қауым адамдарының" құлқына біздің бойлау қабілетіміз де соған қарайлас. Жануардың
құлқындағы субъективті мағынаны түсіну үшін бізде не жалпы дұрыс құралдар жоқ, не
олар тым мардымсыз: жануарлар психологиясы проблемалары қаншалықты қызық болса,
соншалықты қиын екені белгілі. Біз жануарлар әлемінде қоғамдастықтар - моногамды
және полигамды "отбасылар", табындар, үйірлер, тіпті қызмет бөлінісі бар "мемлекет" бар
екенін білеміз. (Жануарлар қоғамдастықтарында қызметтердің дифференциациялану
дәрежесі аталмыш жануарлар түріндегі органдардың немесе морфологиялық дамуының
дифференциациялану дәрежесіне параллель емес. Мәселен, термиттер қызметінің
дифференцнацияланғандығы, соның салдарынан олардың артефактылары да құмырсқалар
мен бал араларының артефактыларынан айтарлықтай артық). Бесенеден белгілі қазіргі
сәтте көбіне-көп шешуші нәрсе таза қызметтік тәсіл, яғни жануарлар
қоғамдастықтарындағы - тамақ табу, шабуылдан қорғану, ұрпақ қамы, жаңа
қоғамдастықтарды құру секілді басты қызметтерді сол қоғамдастықтардың жекелеген
типтері - "еркек аралар", "мәме аралар", "жұмысшылар", "сарбаздар", "жыныстық түрлер",
"алмастырғыш ұрғашылар" және т.б. орындайтын қызметтерді анықтау болып табылады;
зерттеу осындай қызметтерді анықтаумен қанағаттануы тиіс. Осыған дейін осындай
мәліметтер шеңберінен шығатын нәрселердің барлығы не жай ғана жалдаптық, не осынау
"әлеуметтік" қасиеттердің бір жағынан тұқым қуалаушылықпен, екінші жағынан ортамен
анықталатын даму дәрежесін зерттеу ғана болып келді. (Өзінің
"Allmacht der
Naturzuchtung"
атты кітабында айтарлықтай дәрежеде эмпириядан тыс дедукцияларды
пайдаланатын Вейсман мен Гетте арасындағы ғылыми дау осындай сипатқа ие).
Айтпақшы, барлық байыпты зерттеушілер бірауыздан аталмыш салада бір ғана қызметтік
әдісті қолдану уақытша, өздерінің үміті бойынша, аталмыш сәтте ғылымның қол жететін
нәрсемен қанағаттану қажеттігінен туындаған құбылыс деп топшылайды. (Мәселен,
Эмерихтің 1909 жылғы жұмысындағы термиттерді зерттеу ахуалы үшін). Мақсат, әрине,
аталған дифферециацияланған типтер атқаратын қызметтердің жеткілікті оңай
ұғынылатын "түрді сақтау үшін маңыздылығын", немесе тұқым қуалаушылық
нышандарын теріске шығаратындар, және аталмыш көзқарасты жақтайтындар осынау
дифференциация қалай түсіндіретінін (соңғы жағдайда оны тәпсірлеу сипаты да) түсініп
алуда ғана емес; біз сондай-ақ мынаны білгіміз келеді: 1) дифференциацияланбаған