Page 203 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
203
Әлеуметтану үшін "мемлекет" ұғымына міндетті түрде болмаса да, құқықтық тұрғыдан
тек релевантты компоненттер немесе нақ солар кіреді. Бері салғанда ол ұжымдық
субъекттердің "қарекеттерімен" айналыспайды. Егер әлеуметтануда "мемлекет" немесе
"ұлт" туралы, "акционерлік қоғам" немесе "отбасы" туралы, "әскери бөлім" және сол
секілді басқа "құрылымдар" туралы әңгіме бола қалса, онда тек жекелеген адамдардың
нақты немесе мүмкін ретінде құрастырылған құлқының белгілі бір типі ғана ескеріледі.
Басқаша айтқанда, бүл арада дәлдігі мен таралғандығы салдарынан пайдаланылып
отырған заңдық ұғымына мүлдем басқа мағыналық мазмұн енгізіледі.
ә) Құлықты тәпсірлеуде мына іргелі фактыны қаперге алу қажет: күнделікті, әлеуметтану
күнделікті заңдық (немесе өзінің сипаты жағынан басқа да арнаулы) ойлау машығынан
алатын ұжымдық құрылымдар нақты адамдардың (қазылар мен шенеуніктердің ғана емес,
"жұртшылықтың" да) ақыл-ойындағы ішінара нақты орын алып отырған, ішінара
маңыздылығы болуға тиіс нәрсе жөнінде белгілі бір түсінігі болып табылады; адамдар
өздерінің құлқын сол түсініктерге бағдарлайды, осынау ұжымдық құрылымдардың
адамдар құлқы үшін орасан, көбінесе шешуші каузалдық маңызы болады. Бірінші кезекте
не нәрсенің маңызды болуы тиістігі (немесе тиісті еместігі) туралы түсінік ретінде. Осы
заманғы мемлекеттің едәуір дәрежеде адамдардың өзіндік ерекше бірлескен
қарекеттерінің кешені ретінде қызмет ететін себебі белгілі бір адамдар өздерінің
қарекеттерін ол бар немесе бар болуға тиіс деген түсінікке бағдарлайды; өйткені, демек,
заңмен бағдарланған нұсқаулар өз маңыздылығын сақтап отырғандықтан солай етеді. Бұл
жөнінде толығырақ төменде айтылады.
Егер де таза әлеуметтанушылық терминология шеңберінде - күнделікті әңгімеде заңдық
күшке ие болуға тиіс жерлерде ғана емес, нақты оқиғаларға да қатысты қолданылатын -
осынау ұғымдарды толық алып тастап (мұның өзі зерттеуді қиындататын шетін
педантизмнің көрінісі болар еді), оларды жаңа терминдермен ауыстыруға болған күнде де,
аталмыш маңызды құбылыс үшін бұл, сөзсіз мүмкін емес нәрсе.
б) "Органикалық" делінетін әлеуметтанудың әдісі (мұның классикалық мысалы
Шеффленің "Әлеуметтік тәннің құрылымы мен ғұмыры" атты қызықты кітабы) "бүтіннен"
(мысалы, "халық шаруашылығынан", оның шеңберінде индивид пен оның құлқы
физиологияда тән "органының" қызметі организм "жүйесінде", яғни организмді тұтас
күйінде "сақтау" тұрғысынан түсіндірілетіні секілді тәпсірленеді) бастап, әлеуметтік
қарекеттердің жиынтығын түсіндіруге бағытталған. (Бір физиологтың лекциясындағы
атақты лебізбен салыстырыңыз: "§Х. Талақ (Көк бауыр). Мырзалар, талақ туралы біз
ештеңе білмейміз. Талақ туралы бары міне осы!" Әрине, бұл физиолог талақ туралы
жеткілікті "білген" - ол оның қай жерде орналасқанын біледі, оның көлемін, пошымын,
т.б. біледі; ол тек оның қызметін белгілей алмаған, сондықтан осындай мүмкіндіктің
болмауын ол "білместік" деп атаған). Бұл арада біз басқа пәндерде қызметтік әдіс, әлдене
"бүтіннің" бөліктерін қарастыру қай шамада толық жеткілікті (мәжбүрлі) деп
саналатынын қозғамаймыз; биохимиялық және биомеханикалық талдауда аталған әдіс
жеткілікті емес деп мойындалғаны белгілі. Тәпсірлеуші әлеуметтануда мұндай әдіс
мынадай мақсаттарға қызмет ете алады:
1. Практикалық көрнекілік және алғашқы бағдарлау үшін. Осы қызметінде ол аса
пайдалы, тіпті қажетті болады; алай¬да оның танымдық құндылығын асыра бағалау және
оны тым реификациялау зор зиян келтіре алады.
2. Бірқатар жағдайларда тек аталған әдіс тәпсірлей түсіну белгілі бір байланыстарды
түсіндіру үшін маңызды әлеуметтік құлықтың типін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда
бүл сатыда әлеуметтанушылық зерттеу (біздің түсінуіміздегі) енді ғана басталады.