Қазақстанның ашық кітапханасы
202
айналысады (жазықты қылмыстар, кәсіп, баға, егістік алқап статистикасы бар). Әлбетте,
осы екі типті де біріктіретін жағдайлар жиі кездеседі, бұған, мысалы, өнім статистикасы
жатады.
8. Осы арада қабылданған мағынада түсініксіз оқиғалар мен ұқсастықтар "әлеуметтану
фактылары" немесе заңдылықтары ретінде анықтала алмайды, әрине, бұдан олардың
маңызы төмендей қоймайды. Соның ішінде осы сөздің осы арадағы мағынасындағы
әлеуметтану үшін де. (Өз зерттеуімізде біз "түсіне білетін әлеуметтанумен" шектелеміз,
оны ешкімге таңғымыз да келмейді, ол біздің қолымыздан да келмейді). Олар жай ғана -
және бұл әдістік жағынан қажет іс басқа өріске, жағдайлар, іліктер, кедергілер, қолайлы
факторлар өрістеріне және т.т. өрістерге көшеді.
9. Өзінің мағынасы бойынша өз қарекеттерін бағдарлау ретінде түсінікті "құлық" - біз
үшін қашан да бір немесе бірнеше жекелеген адамдардың қарекеті.
Бәлкім, басқа танымдық мақсаттар үшін, мысалы, индивидті "жасушалардың" бірлестігі
ретінде яки биохимиялық реакциялардың жиынтығы ретінде қарастыру немесе оның і
"психикалық" өмірі бірқатар жекелеген элементтерден тұрады деп топшылау пайдалы,
тіпті қажет те болар. Мұндай әдіс дау жоқ, бағалы танымдық мәліметтер (каузалдық
ережелер) бере алады. Алайда ережелер арқылы білдірілген элементтер құлқын біз
түсінбейміз. Әңгіме психикалық элементтер туралы болса да түсінбейміз, және де олар
өздерінің қаншалықты жаратылыстанушылық ғылыми мәнісінде нақтырақ ұғынылса,
соншалықты кемірек дәрежеде түсінеміз. Топшыланған мағынаға негізделген тәпсірлеу
үшін бұл әдіс жарамсыз. Ал бұл екі арада әлеуметтану (сөздің осы арада қабылдаған
мағынасында) мен тарих үшін ұғыну объектісі нақ қарекеттердің мағыналық байланысы
болып табылады. Филологиялық бірліктердің, мысалы, жасушалардың, немесе қандай да
бір психикалық элементтердің құлқын біз (бері і алғанда принципінде) бақылай аламыз
және сол бақылаудан қандай да бір байлам жасауға, ережелер ("заңдар") белгілеуге және
солардың көмегімен каузалды түсіндіруге, яғни жекелеген феномендерді ережеге
бейімдеуге тырыса аламыз. Алайда құлықты тәпсірлей түсіну мұндай фактылар мен
ережелерді кез-келген басқа физикалық, астрономиялық, геологиялық, метереологиялық,
географиялық, ботаникалық, зоологиялық, физиологиялық, анатомиялық, субъективті
парықталмаған психопатологиялық фактылар немесе техникалық фактылардың
жаратылыстанушылық ғылыми шарттары секілді (және сол мағынада) шамада ғана
қаперге алады.
Басқа (мысалы, заңдық) танымдық мақсаттар үшін немесе практикалық мақсаттар үшін,
бәлкім, керісінше, әлеуметтік құрылымдарды ("мемлекет", "ассоциация", "акционерлік
қоғам", "мекеме") мүлдем жекелеген индивидтер (мысалы, құқықтар мен міндеттер иелері
ретінде немесе құқық тұрғысынан релевантты қарекет жасайтын субъектілер ретінде)
секілді қарастыру орынды және тіпті амалсыз нәрсе болар. Адамдардың құлқын
тәпсірлейтін түсіне білетін әлеуметтану үшін бүл құрылымдар - жекелеген адамдардың
өзіндік ерекше құлқының процестері мен байланыстары ғана, өйткені солар ғана бізге
түсінікті парықталған қарекеттер иелері ретінде көрінеді. Осыған қарамастан,
әлеуметтану, алайда өз мақсаттары үшін де басқа позициялардан алынған ұжымдық ой
құрылымдарын елемей тура алмайды. Өйткені құлықты тәпсірлеу осы ұжымдық
ұғымдармен былайша байланысты:
а) Әлеуметтану да жалпы түсінікті терминологияға не болу үшін осындай ұжымдық
ұғымдарды (көбіне-көп оларды бірдей нобайлай отырып) қолдануға мәжбүр. Мәселен,
заңдық және күнделікті сөзімізде "мемлекет" деген сөзді ұғым ретінде де, құқықтық
ұстанымдар маңызды болуға тиісті іс жүзіндегі әлеуметтік құлық ретінде де түсінеміз.