Қазақстанның ашық кітапханасы
201
дамуы үшін каузалдық маңызы туралы тапқыр да иланымды гипотезасына, ол бірқатар
симптомдық сәттерге (эллин сәуегейлері мен пайғамбарлардың парсыларға қатынасына)
сүйенетін гипотезаға келсек, онда ол парсылар жеңіске жеткен жерлердегі (Иерусалим,
Мысыр, Кіші Азия) олардың мінез-құлқы туралы мәліметтердің көмегімен ғана тексеріле
алады, дегенмен ондай дәлелдеудің өзі көп жағынан селкеулі болып қала береді. Аталған
гипотезаның пайдасына оның байыпты ұтымды иланымдылығы уәж бола алады. Алайда
көптеген жағдайларда, былай қарағанда, әбден-ақ иланымды тарихи каузалдық
тоқайластыруда әлгі мысалды мүмкін болып шыққандай тексеруге де титтей мүмкіндік те
болмай қалады.
Сонда каузалдық тоқайластыру тек таза "гипотеза" болып қала береді.
7. "Сарын" деп қарекет жасаушы адамға немесе бақылаушыға белгілі бір қарекет үшін
жеткілікті себеп болып көрінетін әлдене мағыналық бірлікті айтамыз. "Мағынаға барабар"
деп біз өз көріністерінде өзінің компоненттері арасындағы арақатынас біздің үйреншікті
ойлау жүйеміз бен эмоциялық қабылдауымыз тұрғысынан типтік (біз әдетте дұрыс дейміз)
мағыналық біртұтастыққа ие шамадағы біртұтас қарекеттерді атаймыз. "Каузалды
барабар" деп біз, егер тәжірибелік ережелерге сәйкес ол ылғи да сондай болады деп
топшылау мүмкін болса, оқиғалардың дәйектілікпен өтуін айтамыз. (Есептеудің немесе
ойлаудың қабылданған нормаларына сәйкес міндетті дұрыс шешу мағынаға барабар
болып табылады. Аталған нормаларға сәйкес "дұрыс" немесе "бұрыс" шешудің
тәжірибелік ережелерге негізделген ықтималдығы, демек типті "есептеудегі қате" немесе
типтік "проблемаларды бытыстыру" ықтималдығы, - статистикалық қайталану шеңберінде
- каузалды барабар болып табылады. Демек, каузальды түсіндіру дегеніміз ықтималдық
ережесіне сәйкес (қандай да бір түрде, ілуде бір - мінсіз жағдайда - квантативті
білдірілген) белгілі бір бақыланатын (ішкі немесе сыртқы оқиғадан кейін белгілі бір келесі
оқиға орын алады (немесе ілесе жүреді) деген сөз.
Нақты қарекетті дұрыс каузалды түсіндіру дегеніміз оқиғалардың сыртқы барысының
оның сарындарына сәйкестігі бұрыс танылған және олар өзінің арақатынасының
мағынасы жағынан түсінікті болып шықты деген сөз. Типтік қарекетті (түсінікті қарекет
типін) каузалды дұрыс тәпсірлеу дегеніміз типтік ретінде қабылданған процесс (белгілі
дәрежеде) мағынаға барабар көрінеді және (белгілі дәрежеде) каузалды барабар процесс
ретінде белгілене алады деген соз. Ал егер мағынаға барабарлық болмаса, онда, оның
ықтималдығының нақты сандық көрінісіне жол беретін сыртқы немесе психикалық
процестің жоғары дәрежедегі жиілігіне қарамастан, біз тек түсініксіз (не толық түсінікті
емес) статистикалық ықтималдыққа тап болғанымыз. Екінші жағынан, тіпті ең даусыз
мағынаға барабарлықтың өзі әлеуметтану үшін дұрыс каузалдық анықтау мәніне мына
шамада ғана, қарастырылып отырған қарекет шынында да жеткілікті дәл немесе жуықтап
білдірілуіне жол беретін (орташа немесе мінсіз-типтік жағдайда) жиілікпен әдетте
мағынаға барабар өтіп жататындығының ықтималдығы дәлелдене алатын шамада ғана не
болады. Әлеуметтік қарекеттің субъективті түсінікті мағынасына сәйкес келетін жиіліктің
тек осындай статистикалық түрлері (осы арада қабылданған мәнінде) ғана түсінікті
қарекеттің типтері, яғни "әлеуметтанушылық заңдылықтар" болып табылады. Өзінің
мағынасы жағынан түсінікті қарекеттердің ұтымды конструкциялары ғана нақты өмірде
жуықтап болса да байқауға болатын нақты процестердің әлеуметтанушылық типтері
болып табылады. Гәп тіпті де қарекеттің қайталануының нақты ықтималдығы оның
мағынаға барабарлығын анықтау мүмкіндігіне әрқашан тікелей пропорционалды
екендігінде емес. Әрбір аталмыш жағдайда бұл эксперимент жолымен белгіленеді.
Мағынадан жұрдай процестер де, парықталған процестер де есептеулердің объектісі бола
алады. (Өлім, қажу, машинаның өнімділігі, жауын-шашын статистикасы бар). Ал
әлеуметтанушылық статистика тек парықталған процестерді есептеп шығару ісімен