Қазақстанның ашық кітапханасы
200
а) Аталмыш индивид көлденең тартатын "сарындар" және ол "үнін өшіретін" (яғни
жасырын сарындар) көп жағдайда оның қарекеттерінің шынайы байланысын
бүркемелейтіні соншалық, - тіпті қарекет жасаушының өзінің санасында - субъективті
шынайы айғақтардың өзі тек салыстырмалы құндылыққа ие болады. Бұл жағдайда
әлеуметтанудың міндеті - жеке сарындар арасындағы байланыстарды анықтап, тәпсірлеу
арқылы оның шынайы сипатын белгілеу, бұл орайда ол әдетте (немесе көбінде) индивид
толығымен нақты топшылаған, санасына сіңірген болып санала алмайтынына қарамастан
солай ету керек. Бұл - мінез-құлық мағынасын пайымдаудағы шекаралық жағдай; ә) Бізге
"бірдей" ме "ұқсас" болып көрінетін мінез-құлықтың негізінде барынша алуан түрлі
мағыналық байланыстар жатуы мүмкін, және де біз "бір тектес" деп санайтын
жағдайларда бір-бірінен айтарлықтай өзгешеленетін, тіпті кереғар мінез-құлық типтерін
"түсінеміз". (Бұған мысалды Зиммельдің "Тарих философиясының мәселелері" атты
еңбегінен қараңыз); б) Белгілі бір жағдайларда қарекет жасайтын адамдар көбіне-көп
қарама-қайшы, бір-бірімен бәсеке импульстарды бастан кешіреді, оларды біз, арасындағы
айырмашылықтарға қарамастан, "түсінеміз". Алайда осынау әрқилы, "сарындық күрес"
жүргізіп жататын, бізге бірдей түсінікті мағыналық байланыстардың адам мінез-құлқында
өзін қандай дәрежеде және қандай күшпен көрсететінін, тәжірибеден байқайтынымыздай,
біз көп жағдайда шамалап, әйтеуір қорытындымыздың дұрыстығына онша сене де
қоймай, анықтай аламыз. Аталмыш мәселенің шынайы шешімін сарындық күрестің
нәтижесі ғана бере алады. Демек, бұл арада, кез-келген басқа гипотеза тұсындағы секілді,
біздің мағынаны түсініп, оны тәпсірлеуіміздің қажетті айғағын оқиғалардың нәтижесі, іс
жүзіндегі барысы береді. Өкінішке қарай, мұндай айғаққа психологиялық эксперименттер
жүргізу кезінде тек өте сирек, өзінің типі жағынан өзіндік ерекшелігі бар жағдайларда
ғана - бір мәнзелдес жаппай құбылыстарды статистикалық есепке алу тұсында
жақындаудың барынша әрқилы дәрежесінде (сондай-ақ шектеулі жағдайларда)
салыстырмалы дәлдікпен ғана қол жете алады. Қалған жағдайларда бізде практикалық
маңызына қарап зерттейтін бір ғана шешуші пункттен - "сарыннан" немесе "импульстен"
басқасының бәрі бірдей өзімізге белгілі тарихи процестердің немесе күнделікті өмір
құбылыстарының ең көп санын салыстыру мүмкіндігі ғана болады. Рас, көбіне, "ойша
эксперимент" сияқты сенімсіз құралды қолдану мүмкіндігі ғана қалады; оның мәнісі
мынадай: біз сарындық сипаттағы жекелеген компоненттерді ойша шығарып тастаймыз
да, содан кейін дамудың ықтимал процесін құрастырамыз, сөйтіп осылай каузалдық
тоқайласу әдісін қолданамыз.
Мысалы, "Грешем заңы" дейтініңіз - таза ұтымды мақсатты құлықтың берілген шарттары
мен мінсіз типтік алғышарты тұсында адам құлқының ұтымды көз жеткізерлік
тәпсірленуі. Шын мәнісіндегі қарекеттер бұл заңға қандай дәрежеде сәйкес келетінін тек
(принципінде белгілі бір шамада статистикалық тұрғыдан көрсетілген) құны шамалы
мәнеттердің ақша айналымынан іс жүзінде шығып қалуын айғақтайтын есептеу ғана
көрсетеді; шынында да, әдетте тәжірибе "Грешем заңының" маңыздылығын айтарлықтай
дәрежеде қуаттайды. Аталмыш жағдайда таным іс жүзінде мынадай жолмен жүрді: әуелі
эксперименттік материал алынды, содан кейін оның тәпсірі тұжырымдалды. Алайда
фактыларды осылай тәпсірлеусіз біз аталмыш құбылысты себептік байланыспен түсіндіре
алмас едік. Екінші жағынан, ойша белгіленген (біздің темірқазығымыз осы болады) мінез-
құлық сипаты шын мәнінде белгілі бір дәрежеде кездесетіндігіне дәлелдің болмауы,
аталмыш "заң", оның теориялық иландырушылығына қарамастан, адамдардың нақты
мінез-құлқын талдау үшін құны жоқ жай ғана конструкция деген сөз болып шығар еді. Біз
келтірген мысалда мағынасы жағынан ұқсастық пен тәжірибе жағынан айғақтылықтың
сәйкес екендігі айдан анық; мұндай жағдайлардың жеткілікті мөлшері жүргізілген
тексерудің маңыздылығын қуаттайды. Ал Э. Майердің Марафон, Саламин және Платей
маңындағы шайқастардың эллиндер (демек, бүкіл батыс) мәдениетінің өзіндік ерекше