Қазақстанның ашық кітапханасы
198
де жоққа шығармаймыз. Өкінішке қарай, тәжірибе осындай қауіп-қатердің нақтылығын
қуаттайды).
4. Мінез-құлық туралы барлық ғылымдарда белгілі бір қарекеттердің ілігі, қандай да бір
оқиғалардың нәтижесі, шешім қабылдауды ынталандыру немесе оның қабылдануына
кедергі жасау сияқты мағынаға жат құбылыстар қаперге алынуға тиіс. Парықтауға жат
мінез-құлықты "жансыз" немесе "бейғамдық" мінез-құлықпен ұқсастырмау керек. Әрбір
артефакт, мысалы машина, қарекет жасайтын адамның (барынша әртүрлі мақсаттарға
бағдарланған) оны дайындап, қолдануға байланыстыратын мағынаға сүйеніп қана түсініле
алады; осындай байланыстырусыз бүл артефакттың міндеті мүлдем түсініксіз болып қала
береді. Демек, аталмыш жағдайда оның, одан не "құралды", не мақсатты көріп өзінің
қимылын соған бағдарлайтын адам қарекетімен байланыстырылуын ғана түсінуге болады.
Бүл тектес объектілерді тек осындай категориялар арқылы түсінуге болады.
Топшыланатын мағыналық мазмұны жоқ, құлықтың "құралы" немесе "мақсаты" ретінде
емес, оның игілігі, стимулы немесе бөгеті ретінде көрінетін барлық процестер мен
құбылыстар (жанды немесе жансыз табиғаттың, адаммен байланысты немесе одан тыс
болатын) мағынаға жат болып қала береді. Мәселен, XII ғасырдың басында дауылды тасу
салдарынан пайда болған Долларт осы аталған аймақтың кейінгі тарихына жеткілікті
елеулі ықпал еткен көші-қон процесіне ілік ретінде "тарихи" маңызға (бәлкім) ие болды.
Қартаю процесі мен жалпы органикалық өмір циклы - дәрменсіз баладан дәрменсіз қартқа
дейін - осы жағдайға әрқашан бағдарланып келген және бағдарлана беретін адами
құлықтағы айырмашылықтың салдарынан бірінші дәрежелі әлеуметтанушылық мәнге ие
болады. Психикалық және психофизиологиялық құбылыстармен (қажумен, зерде
жаттығуларымен және т.б.) байланысты процестер туралы түсіну мүмкін емес тәжірибелік
мәліметтер, сондай-ақ, мысалы, әрқилы тақуалық өзін-өзі қинау тұсындағы эйфориялар
секілді процестер, қарқын, түр, айқындылық және т.б. бойынша индивидуалдық
реакциядағы айырмашылықтар өзге бір категорияны құрайды. Сайып келгенде бұл
арадағы істің жайы басқа да түсінуге болмайтын құбылыстар тұсындағыдай. Мұндай
жағдайларда практикалық қызмет қырынан да, түсіне білетін қарастыру қырынан да олар
санасу керек болатын "нақтылық" ретінде қабылданады.
Бәлкім, болашақ зерттеу өзіндік ерекше парықталған құлықта да түсінуге болмайтын
біркелкілікті анықтар, бірақ әзірге ондай заңдылықтар анықталған жоқ. Мәселен,
биологиялық тұқым қуалаудағы (мысалы, "нәсілдік") айырмашылықтарды - егер және
қажет болғандықтан олардың әлеуметтанушылық релевантты қулық типіне, әсіресе
әлеуметтік құлыққа оның мағыналық арақатыстылық қырынан келгендегі ықпалы туралы
статистикалық жағынан қуатталатын қорытындылар жасалатын болса - әлеуметтануда
адамның тамақтануының қажеттілігі немесе оның құлқына қартаюдың ықпалы секілді
физиологиялық фактылар қабылданатынындай, нақтылық ретінде қабылдаған жөн болар
еді. Осындай мәліметтердің себептілік маңызын мойындау, сөз жоқ әлеуметтанудың (және
жалпы қулық туралы ғылымдардың) міндеттерін қандай шамада да өзгертпес еді, ол
міндет адамның парықталып бағдарланған қарекеттерін интерпретациялай отырып
түсінуде жатыр. Бұл жағдайда әлеуметтану сарындық байланыстарды интерпретациялап
түсінуге жол беретін м белгілі бір пункттеріне түсіну мүмкін емес фактылардың (мысалы,
құлықтың белгілі бір мақсатты бағыттарының қайталануының немесе оның типтік
ұтымдылық дәрежесінің және бас сүйек индексінің яки терісі түсінің немесе қандай да бір
тұқым қуалаушылық сипаттамаларының арасындағы типтік байланыс), ішінара қазір де
қаперге алынып жүрген (жоғарыда қараңыз) фактыларды тек енгізуге і піс болар еді.
5. Түсіну мынадай бола алады: