Page 197 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
197
өзімізге де жат емес немесе туындау себебінен біз ортақтаса сезіне алатын "адасуларды"
(оның ішінде проблемаларды бытыстырып жіберу) біз дәл әлгіндей толық болмаса да,
өзімізге тән түсіндіруге қажеттілікке сәйкес жеткілікті дәрежеде айқын түсіне аламыз.
Керісінше, тәжірибе көрсететініндей, адамның мінез-құлқы бағдарлануы мүмкін ең асқақ
"мақсаттар" мен "құндылықтарды", бірқатар жағдайларда интеллектуалдық тұрғыдан
ұғына алатын болсақ та, көбіне-көп мүлдем түсіне бермейміз; біз үшін аса маңызды тол
құндылықтарымыздан сол құндылықтардың айырмашылығы көбірек болған сайын, біздің
оларды терең бойлап сезіну, елестету күшімен ортақтаса бастан кешіріп түсінуіміз
қиындай түседі. Жағдайға байланысты біздің бірқатар тұстарда аталған құндылықтарды
таза интеллектуалдық тәпсірлеумен қанағаттануымызға, не, егер бүл да мүмкін болмай
шықса, оларды жай ғана аталмыш нәрсе ретінде қабылдап, ол себеп болған құлықты
интеллектуалдық интерпретациялау немесе оның жалпы бағытына шамалап ортақтасу
(терең бойлап сезіну көмегімен) арқылы мүмкіндігінше түсінуге тырысуымызға тура
келеді. Бұған діншілдік пен рахымшылдықтың көптеген ең асқақ актылары (бұларды
құндылық деп білмейтін адам үшін) жатады; дәл сол секілді әсіре ұтымды фанатизм де,
мысалы, "адам құқықтары жөніндегі" ілім оны түгелімен теріске шығаратындар үшін
мүлдем түсініксіз болып қала береді. Аффекттер (үрей, ашу, атаққұмарлық, күншілдік,
қызғаншақтық, махаббат, жігерлендіру, мақтаныш, кекшілдік, құрметтеу, адалдық,
әртүрлі ұмтылыстар) мен соларға негізделген иррационалдық (мақсатты ұтымды қулық
тұрғысынан) реакцияларға өзіміз оларға қаншалықты бейім болсақ, біз соншалық оларға
эмоциялық тұрғыдан ортақтаса аламыз; егер олар интенсивтілігі жағынан бізге түсінікті
көңіл ауанынан әлдеқайда жоғары болса, біз олардың мағынасын терең бойлап сезіну
арқылы түсіне аламыз және индивид мінез-құлқы мен ол қолданатын құралдарға олардың
ықпалын ұтымды анықтай аламыз.
Типологиялық ғылыми зерттеу үшін индивидтердің қоршаған ортаға қатынасын
анықтайтын және оның мінез-құлқына эсер ететін барлық иррационалды, эмоциядан
туындайтын мағыналық байланыстар, егер оларды таза мақсатты ұтымды құрастырылған
қарекеттен "ауытқу" есебінде зерттеп, бейнелесе, неғұрлым анық көрінеді. Мәселен,
"биржадағы дүрбелеңді" түсіндіру үшін әуелі осы қарастырылып отырған құлық
иррационалды аффектілердің ықпалынсыз қандай боларын анықтап алып, содан кейін осы
иррациналды компоненттерді "кедергілер" ретінде енгізу керек.
Дәл сол секілді қандай да бір саяси не әскери акцияны зерттеу кезінде де оқиғаға
қатысушылардың мінез-құлқы істің барлық аужайын, барлық ниеттерді білген тұста және
құралдарды қатаң мақсатты ұтымды (бізге маңызды тәжірибеге сәйкес) бағдарланған
таңдау тұсында қандай болатынын анықтап алған жөн. Тек сонда ғана аталмыш
конструкциядан ауытқуларды оларды туындатқан иррационалды факторларға саюға
болады. Демек, мұндай жағдайларда мақсатты ұтымды қарекеттің конструкциясы - өзінің
түсініктілігіне және ұтымдылыққа негізделген айқындылығының салдарынан -
әлеуметтануда тип ("мінсіз тип") қызметін атқарады, соның көмегімен нақты, әртүрлі
иррационалды факторлардан (аффекттерден, адасулардан) туындаған мінез-құлық таза
ұтымды құрастырылған мінез-құлықтан "ауытқу" ретінде қабылдана алады.
Тек осы мағынада және тек өзінің әдістемелік орындылығы бойынша "түсіне білетін"
әлеуметтану әдісі "ұтымды". Әрине, оны әлеуметтанудың ұтымдылық алғышарты ретінде
түсіндірмеу керек; оны тек әдістемелік амал ретінде қарастыру керек және аталмыш
жағдайда тіпті де күнделікті өмірде ұтымдылық шын басым екен деген қорытынды
жасамау керек. Өйткені қандай дәрежеде ұтымды мақсатты сәттер нақты мінез-құлықты
анықтайтынын немесе анықтамайтынын түсіну үшін барлық осы пікірлердің титімдей де
маңызы жоқ. (Осы арқылы, біз ұтымды тәпсірлеудің орынсыз қолданылу мүмкіндігін тіпті