Page 196 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
196
"Қарекет" деп біз адамның қарекетін (бүл қарекеттің сыртқы немесе ішкі сипаты бола ма,
араласпауға немесе сабырмен қабылдауға сая ма - бәрібір), онда да қарекет жасайтын
индивид немесе индивидтер сонымен субъективті мағынаны байланыстыратын
болғандықтан айтамыз. "Әлеуметтік қарекет" деп біз қарекет жасайтын адамның яки
қарекет жасайтын адамдардың топшылайтын мағынасы бойынша басқа адамдардың
қарекеттерімен ара қатынасы болатын және соған бағдарланатын қарекетті айтамыз.
1. Әдістемелік негіздер
1. "Мағына" сөзінің бұл арада екі мәні бар:
Ол: а) қарекет жасайтын адам аталмыш тарихи жағдайда шынында да субъективті
топшылайтын мағына немесе қарекет жасайтын адамдар белгілі бір жағдайлар санында
субъективті топшылайтын орташа мағына бола алады; ә) долбармен алғанда қарекет
жасайтын адам немесе қарекет жасайтын адамдар аталмыш жағдайда субъективті
топшылайтын мағынаның теориялық тұрғыдан құрастырылған таза типі бола алады. Бұл
арада жалпы қандай да бір объективті "дұрыс" немесе метафизикалық тұрғыдан
ұғынылған "ақиқат" мағына туралы әңгіме жоқ. Қарекет туралы эмпириялық ғылымдар -
әлеуметтану мен тарих оз объектілерінен "дұрыс", "маңызды" мағына аңғаруға ұмтылатын
юриспруденция, логика, этика сияқты барлық догматтық ғылымдардан осынысымен
ерекшеленеді.
2. Парықталған қарекет және субъективті долбарланған мағынамен байланысы жоқ таза
реактивті (солай деп атайық) мінез-құлық арасындағы шекара дәл белгілене алмайды.
Әлеуметтанушылық релевантты қарекеттің айтарлықтай бөлігі, әсіресе өз сипаты жағынан
таза дәстүрлі қарекет (төменде қараңыз) әлгі екеуінің шекарасында жатады. Парықталған,
яғни түсінуге болатын қарекет бірқатар психофизикалық жағдайларда мүлдем жоқ, енді
біреулерінде тек мамандар ғана аңғара алады. Мистикалық, яғни сөзбен адекватты
жеткізуге болмайтын көңіл ауанын ұқпайтын адамдар оларды толығымен түсіне алмайды.
Алайда қарекетті қайталау қабілеті оны түсінудің міндетті алғышарты емес: "Цезарьды
түсіну үшін, Цезарь болудың керегі жоқ". Көңіл ауанына толық ортақтасу - мағынаны
түсінудің маңызды, бірақ абсолютті даусыз шарты емес. Қандай да бір процестің
түсінілетін және түсінілмейтін компоненттері көп жағдайда бір-бірімен ұштасып,
байланысып жатады.
3. Жалпы ғылым тәріздес, тәпсір атаулы "айдан анықтыққа" ұмтылады. Түсінудің айдан
анықтығы сипаты жағынан не ұтымды (яғни логикалық немесе математикалық) - көңіл
ауанына ортақтасудың және терең сезінудің нәтижесінде - эмоциялық және көркем
қабылданған түрде болады. Ұтымды айдан анықтылық өзінің бастапқы ниетіндегі
мағыналық байланыстарында интеллектуалды түсінуге толық көнетін қарекетке тән.
Терең бойлап сезіну арқылы айнам анықтығына субъект белгілі бір эмоциялық
байланыстарда бастан кешкен нәрсеге толық ортақтасу нәтижесінде қол жетеді. Ең
ұтымды түсінікті, яғни интелектуалдық тұрғыдан тікелей де қаяусыз ұғынылатын нәрсе -
ең алдымен математикалық немесе логикалық қағидаларда білдірілген мағыналық
байланыстар. Әлдекім өзінің ойлау немесе уәж келтіру барысында 2x2=4 ережесін яки
Пифагор теоремасын пайдаланған кезде, немесе өзінің логикалық ой түйінін "дұрыс",
біздің ойымызша, логикалық заңдарға сәйкес құрған кезде, оның нені білдіретіндігін біз
мүлдем анық түсінеміз. Әлдекім "белгілі" "тәжірибелік мәліметтер" мен көзделген
мақсатты негізге алып қажетті "құралдарды" таңдау туралы мәселеде қаяусыз (біздің
тәжірибеміз бойынша) қорытындылар жасаса, оның қарекеті де бізге соншалық түсінікті.
Мұндай ұтымды бағдарланған мақсатты қарекетті кез-келген тәпсірлеу - пайдаланылған
құралдарды түсіну тұрғысынан - айдан анықтықтың ең жоғары дәрежесіне ие. Біздің