Қазақстанның ашық кітапханасы
195
толығымен теріске шығарып, оны мүлдем өзге құндылықтарды, тек әрі соның абыройын
ақтайтын, әрі ол өзінің бағынышты қалпын озгерту әрекетін жасаған мезетте-ақ сол
ореолдан айыратын құндылықтарды іске асырудың жай ғана техникалық көмекші
құралына ғана айналдырады.
Бүл арада біз, әрине, бүл құндылықтықты да, қандай да бір басқа құндылықты да
дамытпаймыз, ол-ол ма, қорғап та жатпаймыз. Тек мынаны еске сала кету жеткілікті:
кәсіпқой "ойшылдардың" тікелей міндеті, ең алдымен, үстемдік ететін мұраттар
қаншалықты ұлы болып көрінсе де, олардың алдында байыптылықты сақтау, егер қажет
болып шықса, "ағысқа қарсы жүзу" қабілетін сақтау. "1914 жылғы неміс идеялары"
әдебиеттің жемісі болды. Болашақтың социализмі - мүдделі адамдардың көмегімен
міндеті мақсатты болып табылатын одақтар жүзеге асыратын одан әрі
бюрократияландыруды әкімшілікпен ұштастыру жолымен экономиканы ұтымдандыру
үшін қажетті тіркес қана. Егер экономикалық саясат мәселелері жөніндегі әртүрлі
ведомостволардағы патриоттар осынау таза техникалық шараларға өзінің фанатикалық
елігуінде олардың орындылығын (едәуір дәрежеде қаржы саясатының байыпты
пайымдарына негізделген) объективті зерттеудің орнына, өз көзқарастарына неміс
философиясының ғана емес, тіпті діннің де (бұл қазіргі кезде әрдайым болып жатады)
бата беруін тіленіп жүрсе, бұл мардамсыған әдебиетшілер тарапынан жасалып жатқан
кәдуілгі жиіркенішті талғамсыздық қана. Соғыстан қайтып келгендердің қатысуынсыз
қалыптаспайтын "1918 жылғы неміс идеялары" қандай болатындығын немесе болуы
керектігін қазір ешкім де алдын ала айта алмайды. Бірақ, болашақты нақ солар
анықтайды.
Қазақшалаған
философия ғылымының кандидаты,
доцент Ақтолқын ҚҰЛСАРИЕВА.
Макс ВЕБЕР
НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛЫҚ ҰҒЫМДАР
Алдын ала ескертулер
Ұғымдарды кіріспелік анықтаудың төменде ұсынылып отырған әдісі сонылықтан тіпті де
дәметпейді, дегенмен онсыз жолың оңғарыла қоймайды, бірақ ол сөзсіз абстрактылы,
нақты болмыстан шалғай нәрсе ретінде қабылдануға тиіс. Керісінше, оның міндеті -
эмпириялық әлеуметтану аталмыш проблемалармен айналысу барысында іс жүзінде
көздейтін нәрсені біршама орындырақ та әдептірек тұжырымдау (бұл, айтпақшы,
педантизм болып көрінуі мүмкін) деп үміттенеміз. Бұл пікір біздің дағдымызға сіңбеген
секілді көрінетін немесе жаңа сөздерді енгізетін жағдайларға да қатысты. Осы мақаладағы
терминология, басқа мақалалармен салыстырғанда, мүмкіндігіне қарай оңайлатылған,
сондықтан бірқатар жағдайларда көбірек түсінікті болуы мақсатында өзгертілген.
Жұртшылыққа ұғынықты тілмен жеткізу ниеті, рас, барынша дәлдікті сақтаумен әрқашан
қабыса бермейді де, кейбір жағдайларда онымыз дәл сол дәлдік жолына құрбандыққа
шалынуға тиіс.
I. ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЕКЕТ "МАҒЫНАСЫ" ҰҒЫМЫ
Әлеуметтану (осынау тым көп мағыналы сөздің осы арада көзделіп отырған мағынасында)
әлеуметтік қарекетті пайымдай отырып, түсінуге ұмтылатын, сол арқылы оның процесі
мен ықпалын себептік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылатын ғылым.