Қазақстанның ашық кітапханасы
194
мен даму сатыларына байланысты туындайтынын белгілеп алу. Бұл - шаруашылық
тарихы мен әлеуметтануының мәселесі. Мұндай әлеуметтік құбылыстарға, әрине, ең
алдымен саяси қарекеттер мен құрылымдар, яғни, бірінші кезекте, мемлекет және
мемлекет кепілдік берген құқық жатады. Бірақ соншалықты өз-өзінен белгілі тағы бір
нәрсе - саяси акциялар ғана емес, ғылыми мүдде үшін жеткілікті релевантты дәрежедегі
барлық құрылымдардың жиынтығы да экономикаға ықпал етеді. "Экономикалық саясат"
туралы ғылым деген атау, әрине, көрсетілген проблемалардың бүкіл жиынтығын
анықтауға тым жарай бермейді. Соған қарамастан, бүл атауды біздің жиі кездестіретініміз
сыртқы жағынан университеттердің мемлекеттік шенеуніктердің білім алу орталығы
ретіндегі сипатымен; ішкі жағынан - мемлекеттің өзінің қуатты аппараты арқылы
экономикаға интенсивті ықпал етуімен, нақ осы фактыны қарастырудың практикалық
маңыздылығымен түсіндіріледі. Осындай барлық зерттеулерде "себеп пен қарекеттің"
"құрал мен мақсатқа" айналуы бүл арада әңгіме болып отырған нәтиже жеткілікті бір
мәнді анықтала алатын жағдайларда мүмкін екендігін тағы да ескертіп жатудың қажеті
бола қоймас. Құндылық өрісі мен эмпириялық таным өрісінің логикалық арақатынасында
аталмыш жағдайда да ештеңенің өзгере қоймайтындығы өз-өзінен белгілі. Қорытындыда
біз тағы бір жағдайды көрсете кетуді қажет деп санаймыз.
Соңғы онжылдықтар барысында мемлекеттің беделі, ең алдымен біз куәсі болып отырған
теңдесі жоқ оқиғалар салдарынан айтарлықтай өсті. Барлық әлеуметтік ұжымдардың
ішінен жалғыз соған ғана адамдардың өмірі, өлімі және бостандығы мәселесін шешуге
"легитимді" билік берілген, және мемлекеттік органдар бүл құқықты, соғыс кезінде -
сыртқы жауға қарсы, бейбіт уақытта - ішкі оппозицияға қарсы шынында да пайдаланады.
Бейбіт уақытта мемлекет ең ірі кәсіпкер және салық төлеушілерге үстемдік ететін ең
құдіретті инстанция болып табылады. Соғыс кезінде ол елдің өзінің қолы жететін барлық
шаруашылық ресурстарын пайдаланудың шексіз құқығына ие болады. Мемлекеттік
кәсіпкерліктің осы заманғы ұтымдандырылған пошымы бірқатар салаларда қандай да бір
өзге қоғамдастырылған бірлескен қарекеттер үшін - тіпті шамалас пошымда - мүмкін
болмайтын нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы айтылғанның бәрінің
салдарынан мемлекет, әсіресе әңгіме "саясат" саласындағы баға беру туралы өрбігенде -
басты "құндылық" - болып шығуға тиіс екендігі, барлық әлеуметтік қарекеттердің соның
мүддесіне орайластырылуы керек екендігі мүлдем табиғи нәрсе секілді. Бірақ, нақты
болмыста, бұл - мүлдем жол беруге болмайтын тәпсір, ол болмыс өрісіндегі фактыларды
нормативті баға беру өрісіне көшіруіне негізделген, мұндайда осындай баға беруден бір
мәнді салдарлардың туындамайтындығы мүлдем ескерілмейді, мұның өзі қажетті
"құралдарды" талқылау барысында (мемлекетті "сақтап қалу" немесе "оған көмек
көрсету") бірден көрінеді. Таза нақты қарекеттер өрісінде нақ атап өтілген бедел үшін,
мемлекеттің нені жасай алмайтындығын белгілеу керек. Және де, тіпті оның сөзсіз домені
болып саналатын салада да, яғни әскери салада да.
Соғыс жылдарында ұлттық жағынан бір текті емес халқы бар мемлекеттердің
армияларында өзін көрсеткен бірқатар құбылыстарды зерттеу оз мемлекетінің ісіне
мәжбүрлеусіз адалдық тіпті әскери жағынан да маңызды фактор екендігін көрсетеді.
Экономика саласында мынаны көрсету жеткілікті: бейбіт уақытта соғыс жылдары
экономикасының пошымдары мен принциптерін қолдану және оларды ұзақ уақыт
сақталу, ең алдымен экспансиялық мемлекеттік мұраттарды жақтаушылар
тұжырымдамасының негізсіздігін көрсететін нәтижелерге тез арада апарып соқтыра
алады. Бұған, алайда, біз бұл арада тоқталып жатпаймыз. Баға беру саласында
мемлекеттің ең жоғары өкіметін және оның оппозициямен күресте мәжбүрлеу аппаратын
пайдалану құқығын жақтайтын көзқарасты толық құқықпен қорғауға болады, бірақ оған
кереғар көзқарастың болуы да мүмкін: ол көзқарас мемлекеттің өздігінен-ақ бағалылығын